70
Әдіс пен
тәсілдің ұтымды пайдаланылуы, жүзеге асуы
сабақтың типіне де байланысты. Қазіргі сабақ туралы
кӛптеген монографиялық еңбектер, жекелеген ғылыми және
практикалық сипаттағы мақалалар жарық кӛрді. Атап
айтқанда, Ю.Б.Зотовтың ―Қазіргі сабақты ұйымдастыру‖
(1984), М.Махмутовтың ―Қазіргі сабақ‖ (1985), И.Д.Зверевтің
―Қазіргі сабақ: ізденістер,
проблемалар, шешімдер‖, ―Сабақ:
ол қандай болуы керек?‖ деген мақалаларын айтуға болады.
Жаңашыл-педагогтар В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили,
С.Н.Лысенкова т.б. іс-тәжірибелерінен қазіргі сабақ қандай
болуы керек деген сұрақтың жауабын табуға болады.
И.Т.Огородников,
Н.А.Сорокин,
Ю.К.Бабанский,
Р.Т.Лембер мынадай оқыту жүйесін ұсынады:
АУЫЗША КӚРНЕКІЛІК ПРАКТИКАЛЫҚ
- әңгіме - суретпен сипаттау - лабораториялық
- әңгіме кеңес - демонстрация жұмыстар
- лекция
- практикалық
- кітаппен жұмыс жұмыстар
Сабақ типтері мен түрлерін М.Махмутов (―Современный
урок‖, 1985) тӛмендегіше берген:
а)
Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұл типке
лекция, баяндау, әңгіме түрінде ӛтетін сабақтар, кино,
диафильм кӛрсету, теориялық мәліметтерді оқушылардың
ізденіс, жұмыстануы негізінде ӛткізілетін сабақ түрлері
жатқызылады.
ә)
Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы. Бұған
ауызша, жазбаша жаттығу, оқушылардың ӛз бетімен
жұмыстануы, лабораториялық жұмыс, экскурсия сабағы
жатады.
б)
Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар ӛткен
материалды
іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу,
қорытындылау мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар
сабағы түрінде ӛткізіледі.
в)
Аралас сабақ. Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған
сабақтың бар түрімен тығыз байланысты ӛткізіледі.
г)
Білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабағы. Бұл
сабақтар
кӛбінесе
сұрақ-жауап
тәсіліне
негізделеді.
Қойылатын сұрақ бір ғана оқушыға да немесе бүкіл сыныпқа
71
да арналуы мүмкін. Сұрақ түрлері
ауызша да жазбаша да
болып келеді. Әрбір практикалық жұмыстар бағамен не зачет
түрімен қорытылады[29,24].
М.Махмутов сабақтың әдістемелік құрылысы тұрақты
емес, сабақта алға қойылатын мақсатқа жету үшін
қолданылатын әдіс-тәсілдер әрқашан да ауыспалы сипатта
болады деп есептейді де, сабақтың дидактикалық құрылымы
оның әр типтері мен түрлеріне үнемі ортақ болады деп
кӛрсетеді.
Ал Б.Т.Панов сабақ типтерін тӛрт топқа бӛледі:
Бірінші
топқа
оқу
материалдарын
меңгерту
барысындағы психологиялық, педагогикалық
кезеңдерге сай
ӛткізілетін сабақ түрлерін, жаңа материалды ӛту сабағын,
білім, іскерлік пен дағдыны бекіту сабағын, қайталау, ӛтілген
материалды жүйелеу сабағын, аралас сабақ түрлерін, е
кінші
топқа оқытудың негізгі әдістеріне сай белгіленетін лекция
сабақ, семинар сабақ, практикум сабақтарын, ү
шінші топқа
тіл дамыту, мазмұндама мен шығарма жаздыруға үйрету
сабақтарын,
т
ӛртінші
топқа
кӛмекшілік
сипаттағы
сабақтарды яғни, оқушының жазбаша жұмыстарын талдау,
бақылау, тексеру сабақтарын жатқызады [30,154].
Ә.Исабаев қазақ тілінен ӛтетін
сабақтарды
тӛмендегіше жіктейді:
Теориялық білім меңгерту сабақтары. Бұған мына
сабақтар кіреді: жаңа сабақ, біріккен сабақ және лекция-сабақ
түрлері.
Практикалық дағды қалыптастыру сабақтары. Бұларға
мына сабақтар жатады: бекіту сабағы, семинар сабақ,
баспасӛз
конференциясы сабағы, практикум-сабақ, тексеру
сабағы, сынақ-сабақ, коллоквиум-сабақ,
талдау сабағы және
қайталау сабақтары [31,131-132].
Республикамызда озат мұғалімдер мен әдіскерлер
сабақты осы заманғы талапқа сай, педагогикалық идеялармен
ұштастырып жүргізіп жүр. Олардың қатарында Қ.Айтқалиев,
Қ.Бітібаева, Б.Қанияхметова, Ы.Ырысбаева т.б. сияқты қазақ
тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері бар.
Достарыңызбен бөлісу: