Курсы және оқу семестрі І / І қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері



бет14/15
Дата14.06.2016
өлшемі2.92 Mb.
#134355
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
5 СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

Тест тапсырмаларды орындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийлері

Тест тап-

сырмаларды орындау




Өте жақсы

95-100; 90-94

баллға сәйкес


90-100% дұрыс жауап

Жақсы

85-89; 80-84; 75-79

баллға сәйкес


75-89% дұрыс жауап

Қанағаттанарлық

70-74; 65-69; 60-64;

50-54баллға сәйкес


50-74% дұрыс жауап

Қанағаттанарлық-сыз 0-49 баллға сәйкес

50% төмен дұрыс жауап


6 Тапсыру мерзімі: 14-апта
7 Әдебиет:

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


8 Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер)

Сұрақтар

1. Постэмбрионалды кезеңде гемоцитопоэз қандай органдарда жүреді?

2. Постэмбрионалды эритропоэздегі жасушаларда қандай морфологиялық өзгерістер болады?

3. Гранулоциттердің даму сатыларын атаңдар және ядросы мен цитоплазмасының өзгерістерін көрсетіңдер?

4. Ересек адамдарда тромбоцит түзілістері қандай сатыларда өтеді?

5. Моноциттер қалай және қайда түзіледі?

6 Қызыл сүйек кемігінің қанға жатпайтын жасушаларын атаңдар?

7. Қызыл сүйек кемігініде қандай гемопоэтикалық жасушалар бөлінуге қабілетті?


Тесттер

1. Адамда Т-лимфоциттердің антигенге байланысты дамуы мына органда жүрмейді:

  1. Тимуста

  2. Көк бауырда

  3. Лимфа түйіндерінде

  4. Миндалиналарда

  5. Құрт тәрізді өсіндіде

2. Эмбриональдық кезеңдегі әмбебап қан жасаушы орган:

  1. Сары уыз қапшығы

  2. Көк бауыр

  3. Лимфа түйіні

  4. Сүйектің қызыл кемігі

  5. Тимус

3. Гуморальдық иммунитеттің негізгі эффекторлық клеткасы:

  1. Плазмоцит

  2. Макрофаг

  3. В-лимфоцит

  4. Т-лимфоцит

  5. Плазмобласт

4. Қызыл сүйек кемігінде ... түзбейді.

A) моноциттер

В) Т-лимфоциттер

С) В-лимфоциттер

Д) NK-жасушалар

Е) бағаналы қан жасау жасушасы



5. Цитоплазма бояуын оксифилді эритробластта ... анықтайды.

А) билирубин

В) гемоглобин

С) РНК


Д) липофусцин

Е) ДНК


6. Қызыл сүйек кемігінің негізін ... тіні құрайды.

A) жалпақ дәнекер

В) майлы

С) ретикулоэпителиалды

Д) ретикулярлы

Е) сүйек



7. Тимустың қан жасайтын бөлімінің негізін ... тіні құрайды.

A) ретикулоэпителиалды

В) майлы

С) ретикулярлы

Д) борпылдақ дәнекер

Е) жалпақ дәнекер



Есептер

1. Егер жаңа туылған жануарлардың тимусын алып тастап, оған бөгде трансплантат қойса (мысалы басқа жануардың бүйрегін) көшірілген органға қарсы реакция дамымайды. Оның себебі неде?

2. Зерттеуші жас жануардың эксперименталды материалын тұжырымдағанда тимустың милы және қыртысты заттарының шекараларының бірігуі байқалады?
15

1. Тақырыбы: Аралық бақылау - коллоквиум – ІІ.

2. Мақсаты:


  • Микроскоптық деңгейде эпителиалдық ұлпаларды ажырата білу.

  • Эпителиалды ұлпалардың морфофункционалдық және гистогенетикалық ерекшеліктерін сипаттау.

  • Эмбрионалдық қан жасалу ерекшеліктерін сипаттау.

  • Қызыл сүйек кемік жұғындысындағы эритроидты жасушалар және лейкоциттер қатарын анықтап ажырату.

  • Қан жасаудың унитарлық теориясын талдау.

  • Эмбрионалдық және постэмбрионалдық қан жасалу ерекшеліктерін сипаттау.

  • Қан жасау жасушаларының дифференсация кезіндегі ультрақұрылымдық және гистохимиялық өзгерістерінің негізгі заңдылықтарын түсіндіру.

  • Аморфты дененің химиялық құрамы, шығу көзі және функциональді маңызын білу.

  • Шеміршек және сүйек тіндерінің шығу көздерін білу.

  • Микроскопиялық деңгейде дәнекер ұлпасының түрлерін анықтай білу.

  • Микроскопиялық деңгейде дәнекер ұлпасының жасушалық және жасушалық емес құрылымдарды анықтай білу.

  • Аталық және аналық жыныс жасушаларының жалпы және жеке ерекшеліктерінің гистофункционалдық және генетикалық сипаттау.

  • Микропрепаратта және электронды микросуретте жыныс жасушаларын анықтау.

  • Омыртқалылардың даму сатыларын түсіндіру.

  • Ұрықты алғашқы даму кезеңдерінде анықтау- ұрықтану, бөлшектену, бластула.

  • Провизорлық ағзалар және олардың құрылымдық компоненттерін анықтау.


3 Тапсырма

Гистологиялық микропрепараттар

1. Сүтқоректілердің аналық жасушасы.

2. Сперматозоид.

3. Көпқабатты жалпақ қабыршақталмайтын эпителий. Көздің қасаң қабығы.
4. Баланың жолдасы

5. Бүйрек түтікшелерінің бірқабатты текше тәрізді эпителиі.

6. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні-

7. Кеңірдектің гиалинді шеміршегі

8. Пластинкалы сүйек тіні.

9. Саусақ терісінің эпителиі.



Микросуреттердің тізімі.

1. Аналық жыныс безі фолликуласындағы овоцит. 394 бет. 632 сурет

2. Электронды - микроскопиялық зерттеулерге сәйкес адам сперматозоидының құрылысының үлгісі. 61 бет, 83 сурет

3. Көп қатарлы кірпікшелі эпителий (кеңірдек). 97 бет, 131 сурет

4. Талшықты дәнекер тінінің макрофагы. 143 бет, 190 сурет

5. Бастапқы промиелоцит. 130 бет, 174 сурет,

6. Эпителидің ішіндегі безді жасуша. 101 бет, 137 сурет

7. Мұрын пердесіндегі гиалинді шеміршек құрамындағы хондроциттердің изогенді тобы. 153 бет, 206 сурет.


4 Орындау түрі: Микропрепараттар мен электронды микросуреттерді диагностикалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет