Курсы және оқу семестрі І / І қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері



бет15/15
Дата14.06.2016
өлшемі2.92 Mb.
#134355
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
5 СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

Аралық бақылау – тестілеу және ауызша сұрау түрінде коллоквиум. Әр коллоквиумның максималды баллы 100.

Тестілеу және ауызша сұрау түрінде коллоквиум



Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийлері

Тестілеу және ауызша сұрау

түрінде коллоквиум




Өте жақсы

95-100;


90-94

баллға сәйкес



Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді. Тест сұрақтарына 90-100% дұрыс жауап берді.

Жақсы

85-89; 80-84;

75-79 баллға сәйкес


Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегі-мен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады. Тест сұрақтарына 75-89% дұрыс жауап берді.

Қанағаттанарлық

70-74; 65-69;

60-64; 50-54

баллға сәйкес



Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттері-мен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады.

Тест сұрақтарына 50-74% дұрыс жауап берді.



Қанағаттанарлық-сыз

0-49


баллға сәйкес

Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдала-на алмай, ойсыз, стилистикалық қателік-тер жібергенде қойылады. Тест сұрақтарына 50% төмен дұрыс жауап берді.


6 Тапсыру мерзімі: 15-апта
7 Әдебиет:

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


8 Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер)

Сұрақтар

  1. Тыныс алу жолдарының құрылысының ерекшеліктері.

  2. Кеңірдек және бронхтардың ішін қаптайтын қабаттың қандай жасушалары сілекей өндіреді?

  3. Қандай бронхтардың қабырғасының құрамында бездер және аралша тәрізді шеміршек бар?

  4. Тыныс алу жолдарының қай бөлігі өз қуысын өзгертеді және неліктен?

  5. Ауыспалы эпителидің құрылысы.

  6. Эмбриогенезде бірінші гемоцитопоэз қайда басталады? Қандай қан жасушалары құралады?

  7. Эмбрионалды кезеңде қандай органдарда гемоцитопоэз жүреді және қандай кезеңдерде болады?

  8. Эмбрионалды гемоцитопоэздің постэмбрионалдан ерекшелігі?

  9. Постэмбрионалды кезеңде гемоцитопоэз қандай органдарда жүреді?

  10. Постэмбрионалды эритропоэздегі жасушаларда қандай морфологиялық өзгерістер болады?

  11. Гранулоциттердің даму сатыларын атаңдар және ядросы мен цитоплазмасының өзгерістерін көрсетіңдер?

  12. Ересек адамдарда тромбоцит түзілістері қандай сатыларда өтеді?

  13. Моноциттер қалай және қайда түзіледі?

  14. Қызыл сүйек кемігінің қанға жатпайтын жасушаларын атаңдар?

  15. Қызыл сүйек кемігініде қандай гемопоэтикалық жасушалар бөлінуге қабілетті?

  16. Шеміршек және сүйек тіндерінің даму тегі не?

  17. Шеміршек үсті мен сүйек үстінің қызметтері қандай?

  18. Шеміршек пен сүйек тіндері қалай жіктеледі?

  19. Сіңірдің құрылысы, байламдар.

  20. Шеміршек ағза ретінде

  21. Шеміршек үстінің құрылысы мен қызметі

  22. Сүйек ағза ретінде

  23. Сүйек үсті (периост және эндост) оның құрылысы, қызметі қоректенуіндегі және қалпына келуіндегі маңызы.

  1. Сперматозоидта қандай бөлімдер ажыратылады?

  2. Ұрықтану процессінің этаптары және олардың механизмдері?

  3. Сүтқоректілердің эмбриогенезінің негізгі этаптарын атаңдар?

27. Адам бластоцистасының құрылысын түсіндір.

    1. Гаструляцияның маңызы және фазалары қандай?

29. Мезодерманың құрлысын түсіндір?

30. Өзекті бастамалар комплексі не? Олар неден пайда болады?



    1. Мезенхима деген не? Ол неден пайда болады?

32. Сомиттер деген не және олардан не дамиды?

33. Спланхнотомнан не дамиды?

34. Ұрық ұрықтанудың қай күнінен кейін имплантация басталады және ол дамудың қай сатысында болады?

35. Адам ұрығының имплантациясының түрі қандай және ол ненің көмегімен пайда болады?

36. Ұрықтағы имплантациядан кейін эндометриде қандай өзгерістер болады және қандай бөлімдерді бөліп шығарады, ол қалай аталады?

37. Имплантация процессінде ұрықтың даму сатысы қандай болады?

38. Адам эмбриогенезінде қандай ұрықтан тыс ағзалар түзіледі. Тағы қандай терминдер осы ағзаларда пайдаланылады және ол неге байланысты?

39. Адамның белгілі ұрықтан тыс ағзаларының әрқайсысының құрылысы және олардың пайда болуы мен қызметтері қандай?


Тесттер

1. Меншікті мұрын қуысының эпителиінің клеткалары

А) кірпікшелі

B) апикальды-дәнді

C) базальды

D) бокалді

E) призмалы



2. Бронх қабырғасында болмайтын қабат

А) плевралық

B) меншікті пластинка

C) кілегей асты негізі

D) кілегейлі

E) фиброзды-шеміршекті



3. Өкпенің морфофункциональді бірлігі

А) ацинус

B) бронх

C) альвеола

D) бөлік

Е) сегмент



4. Майда бронхтың секреторлы клеткасының қызметі

А) сурфактантты ыдырату үшін фермент бөлу

B) хеморецепторлық

C) кілегей өндіру

D) пептидті гормон өндіру

E) камбиалды



5. Кеңірдектің көпқатарлы кірпікшелі эпителиі құрамында ... клеткасы болмайды:

А. Панет

В. Кірпікшелі

С. Бокал тәрізді

Д. Эндокринді

Е. Базальді



6. Аэрогематикалық бөгет құрамына кірмейтін элемент:

А. 1-типті альвеолацит

В. 2-типті альвеолацит цитоплазмасы

С. Сурфактант

Д. Базальды мембрана

Е. Эндотелий



7. Кеңірдекте, ірі және орташа бронхыларда мына қабат жоқ:

А. Бұлшық етті

В. Кілегейлі

С. Кілегей асты негізгі

Д. Шеміршекті-фиброзды

Е. Адвентициялық



8. Мұрын қуысындағы қосымша қойнаулар ... жабылған

А. Көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен

В. Адвентициялық қабықпен

С. Сероздық қабықпен

Д. Шеміршек қабықпен

Е. Көпқабатты жалпақ эпителиймен



9. Қызыл сүйектің кемігі ...

А) барлық ағзалардың қызметін реттейді

B) клетка аралық сұйықтың құрамын реттейді

C) қанның құрамын және иммунологиялық гомеостазды реттейді

D) гормон түзеді

Е) фермент синтездейді



10. Тимуста түзілмейтін заттар ...

А) Тимозин

B) В-лимфоциттер

C) Инсулин тәрізді фактор

D) Кальцитонин тәрізді фактор

E) Өсу факторы



11. Эритробластарды ... қоректендіреді

А) эритроциттер

B) фибробластар

C) эндотелоциттер

D) мегакариоциттер

E) макрофагтар



12. Остеогенді клеткалар ... орналасады

А) көк бауырда

B) лимфотүйінде

C) қызыл сүйек кемігінде

D) Бадамшада (миндалинде)

E) тимусте



13. Эпителиоретикулоциттер ... орналасады

А) көк бауырда

B) лимфотүйінінде

C) тимуста

D) бадамшада (миндалинде)

E) қызыл сүйек кемігінде



14. Адамда Т-лимфоциттердің антигенге байланысты дамуы мына органда жүрмейді:

А. Тимуста

В. Көк бауырда

С. Лимфа түйіндерінде

Д. Миндалиналарда

Е. Құрт тәрізді өсіндіде



15. Эмбриональдық кезеңдегі әмбебап қан жасаушы орган:

А Сары уыз қапшығы

В. Көк бауыр

С. Лимфа түйіні

Д. Сүйектің қызыл кемігі

Е. Тимус


  1. Гуморальдық иммунитеттің негізгі эффекторлық клеткасы:

А. Плазмоцит

В. Макрофаг

С. В-лимфоцит

Д. Т-лимфоцит

Е. Плазмобласт

17. Қызыл сүйек кемігінде ... түзбейді.

A) моноциттер

В) Т-лимфоциттер

С) В-лимфоциттер

Д) NK-жасушалар

Е) бағаналы қан жасау жасушасы



18. Цитоплазма бояуын оксифилді эритробластта ... анықтайды.

А) билирубин

В) гемоглобин

С) РНК


Д) липофусцин

Е) ДНК


19. Қызыл сүйек кемігінің негізін ... тіні құрайды.

A) жалпақ дәнекер

В) майлы

С) ретикулоэпителиалды

Д) ретикулярлы

Е) сүйек



20. Тимустың қан жасайтын бөлімінің негізін ... тіні құрайды.

A) ретикулоэпителиалды

В) майлы

С) ретикулярлы

Д) борпылдақ дәнекер

Е) жалпақ дәнекер



21. Шеміршек тінінің даму тегі ...

А. Миотом

В. Эктодерма

С. Энтодерма

Д. Плакода

Е. Мезенхима



22. Шеміршек тінінің дамуы ... басталады.

А. Фибробластардың топтасуынан

В. Эпителий клеткаларының шоғырлануынан

С. Хондроциттердің жиналуынан

Д. Хондрогендік ошақтардық пайда болуынан

Е. Коллаген талшықтарының тығыздалуынан



23. Шеміршек тінінің құрамына кіреді ...

А. Хондроциттер, ретикулярлық, талшықтар

В. Хондроциттер, ретикулярлық, талшықтар

С. Хондробластар, қан тамырлары

Д. Хондроциттер,хондробластар,қан тамырлары

Е. Хондробластар, хондроциттер, жасуша аралық зат



24. Шеміршек тініндегі изогендік топтар дегеніміз ...

А. Клетка аралық заттың тығызданған жері

В. Ортақ қуыста орналасқан остеоциттер тобы

С. Дәнекер ткань клеткаларының шоғыры

Д. Ортақ қуыста орналасқан хондроциттер тобы

Е. Мезенхималық клеткалардың шоғыры



25. Гиалин шеміршегі ... кездеседі.

А. Сіңірлерде

В. Құлақ қалқанында

С. Омыртқа аралық дискілерде

Д. Ауа тасымалдау жолдарында

Е. Байламдарда



26. Эластинді шеміршек ... кездеседі.

А. Буын шеміршектерінде

В. Құлақ қалқанында

С. Тыныс алу жүйесі органдарында

Д. Сіңірлерде

Е. Байламдарда



27. Талшықты шеміршек ... кездеседі.

А. Буындарда

В. Құлақ қалқанында

С. Омыртқа аралық дискілерде

Д. Сіңірлерде

Е. Байламдарда



28. Шеміршек тінінің жасуша аралық заты базофилия береді ...

А. Белоктар, липидтер

В. Гликозаминогликандар, протеогликандар

С. Көмірсулар, гистамин

Д. Минеральдық заттар

Е. Гиалуронидаза,трипсин



29. Шеміршек тінінің жіктелуі ... негізделген.

А. жасуша аралық затының құрылыстық ерекшелігіне

В. жасушаларының құрылысына

С. жасушалар санына

Д. даму тегіне

Е. организмде орналасуына



30. Клетка аралық затында минеральдық тұздары өте көп, ұяшықтарда өсінділі жасушалар орналасқан, коллаген талшықтары параллель орналасқан тін:

А. Талшықты шеміршек тіні

В.Ретикулофиброзды сүйек тіні

С. Пластинкалы сүйек тіні

Д.Тығыз дәнекер тіні

Е.Борпылдақ дәнекер тіні



31. Түтікшелі сүйектің тығыз затының құрылыстық бірлігі ...

А.Остеон


В.Сыртқы жалпы пластинкалар

С.Ішкі жалпы пластинкалар

Д.Қондырма пластинкалар

Е.Саркомер



32. Түтікшелі сүйектің ішкі өзегі тысталған ...

А. Периостпен

В. Эндостпен

С.Базальды мембранамен

Д.Ретикулярлық тканьмен

Е.Эндотелимен



33. Сүйектің ұзынша бағытта өсуі ... байланысты.

А. Эпифизге

В.Периостқа

С.Эндостқа

Д. Эпифиздік пластикаға

Е.Диафизге



34. Түтікшелі сүйектің көлденең жуандап өсуі ... байланысты.

А. Остеонға

В. Мета энифизарлық пластикаға

С. Эндостқа

Д. Периостқа

Е. Сыртқы және ішкі жалпы пластинкаларға



35. Остеондардың арасында ... орналасқан.

А. Қан тасмалдаушы тамырлар

В. Базальды мембрана

С. Сыртқы жалпы пластинкалар

Д. Ішкі жалпы пластинкалар

Е. Қондырма пластинкалар



36. Қондырма пластинкалар ... тұрады.

А. Сыртқы жалпы пластинкалардың жалғасынан

В. Бұзылған остеондардың қалдығынан

С. Ішкі жалпы пластинкалар бөлігінен

Д.Остеоциттер жасаған қабаттан

Е. Остеоциттер байланысының бөлігінен



37. Остеонның периваскулярлық кеңістіктерінде орналасатын жасушалар ...

А. Хондробласт

В. Остеоцит

С. Остеобласт

Д. Остеокласт

Е. Хондроцит



38.Тығыз сүйектің жасушааралық затындағы ұяшықтарда орналасатын жасуша ...

А. Остеоцит

В. Остеобласт

С. Остеокласт

Д. Хондробласт

Е. Хондроцит



39. Сүйек тінінде гомеостазды тұрақты ететін жасуша ...

А. Хондробласт

В. Остеоцит

С. Остеокласт

Д. Остеобласт

Е. Хондробласт



40. Гаструляцияда пайда болады:

А) бластодерма

B) трофобласт

C) эмбрион

D) ұрық жапырақшалары

Е) эмбриобласт



41. Аталған эмбриональдық бастамалардың ішіндегі эктодерманың туындысы:

А. Нефротом

В. Сомиттер

С. Нерв түтігі

Д. Спланхнотом

Е. Дерматом



42. Адамдарда бөлшектену нәтижесінде пайда болады:

А. Бластула

В. Бластомер

С. Бластоциста

Д. Морула

Е. Гипобласт



43. Ұрық жапырақшалары пайда болады:

А. Ұрықтануда

В. Бөлшектенуде

С. Гистогенезде

Д. Органогенезде

Е. Гаструляцияда



44. Адамдағы бөлшектену әдістері:

А. Біркелкі, толық

В. Гопобластикалық, біркелкі емес, толық

С. Асинхронды, толық емес

Д. Толық, асинхронды

Е. Дискоидальды



45. Зиготаның бөлшектену түрі мынаған байланысты :

А. Адам дамуының деңгейіне

В. Сперматозоидтың құрылысына

С. Жұмыртқа клетканың түріне

Д. Жұмыртқа клетканың түріне және сперматозоидтың құрылысына

Е. Зиготадағы хромосоманың санына



46. Сперматогенезде акросоманың қалыптасуы бұзылғанда өзгереді:

А. Сперматозоидтың қозғалуы

В. Бастаманың имплантациясы

С. Сперматозоидтың жұмыртқа клеткаға енуі

Д. Сперматозоидтың пішіні

Е. Сперматозоидтың адгезиясы байқалады



47. Акросомальды реакцияда келесі процесс жүреді:

А. Жұмыртқа клеткасына сперматозоидтың енуі

В. Гиалуронидаза және трипсиннің бөлінуі

С. Жыныс клеткаларының ядроларының қосылуы

Д. Зиготаның пайда болуы

Е. Трипсиннің бөлінуі



48. Жұмыртқа клеткасындағы сары уыз қажет:

А) бөлшектену үшін

B) ұрықтану үшін

C) қоректену үшін

D) эмбрион дамуының жалғасуы үшін

Е) гаструляция үшін



49. Сары уызы аз жұмыртқалық жасуша:

А) телолецитальды

B) олиголецитальды

C) дискоидальды

D) центролецитальды

E) полилецитальды



50. Гаструляцияда пайда болады:

А) бластодерма

B) трофобласт

C) эмбрион

D) ұрық жапырақшалары

Е) эмбриобласт



51. Сары уыздың қызметі:

А) пиноцитоз

B) эндоцитоз

C) тыныс алу

D) фагоцитоз

E) трофикалық



52. Сүт қоректілерде болмайтын провизорлы ағза:

А) сіре қабық

B) хорион

C) амнион

D) аллонтоис

E) плацента



53. Иммиграция дегеніміз:

А) бөрту


B) ыдырау

C) өсу


D) ығысу, орын алмасу

E) синтездеу



  1. Адам ұрығының болашақ хорда құрамына кіреді:

А. Энтодерма

В. Эпибласт

С. Гипобласт

Д. Эктодерма

Е. Мезодерма

55. Ұрық жапырақшалары пайда болады:

А. Бөлшектенуде

В. Гаструляцияда

С. Гистогенезде

Д. Органогенезде

Е. Ұрықтануда



56. Имплантацияның фазалары:

А. Инвагинация

В. Деляминация

С. Иммиграция

Д. Адгезия және инвазия

Е. Адгезия және деляминация



  1. Сары уыз қапшығының негізгі қызметі:

А. Қорғаныстық

В. Секреторлық

С. Қан жасау

Д. Тыныс алу

Е. Экскреторлық

58. Амнион қуысы дегеніміз:

А. Хорион

В. Плацента

С. Аллантоис

Д. Ұрық орналасқан сұйыққа толы қуыс

Е. Сары уыз қапшығы



59. Амнионның негізгі функциясы :

А. Трофикалық

В. Ұрық маңы сұйықтығын жасау

С. Қан жасау

Д. Экскреторлық

Е. Регенераторлық



60. Аллантоис дегеніміз:

А. Эктодерманың өсіндісі

В. Ішек түтігінен пайда болатын өсінді

С. Трофобласт бүрлері

Д. Мезодерманың өсіндісі

Е. Плацента бөлігі


Есептер

1. Тері кесіндісінде екі ұлпа көрінеді. Біріншісі қан тамырлары бар орган тереңінде жатқан араларында талшықты жасушааралық заттары бар жасушалардан тұрады. Екіншісі беткейінде жатады, қан тамырлары мен жасушааралық заттары жоқ, жасуша пластарынан тұрады. Бұл ұлпалардың қайсысы эпителиалды ұлпаға жатады?

2. Ядролары базалды мембранада әртүрлі орналасқан, бірақ барлығанда базалды мембранамен қатынасы бар жасушалар берілген. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?

3. Эпителий пласты берілген: біреулері базалды мембранамен байланысты ал үстінгілерінде байланыс жоқ. Пластың жоғарғы беткейіндегі жасушалары алмұрт пішінді. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?

4. Орган кесіндісінде эпителий ұлпалары беткейінде және қабырғасының тереңінде жатады. Эпителий түрлерін және қызметтерін атаңдар.

5. Ересек адамдардың қан жасайтын органдарында мегакариоциттер табылған. Бұл қандай қан жасайтын орган? Мегакариоциттер қандай қызмет атқарады?

6. Қызыл сүйек кемігінде дамушы қан жасушалары аралша түрінде орналасады. Бірінші аралшалар макрофагтармен байланысты, екіншісінде макрофагтар жоқ. Бірінші және екінші аралшада қандай қан жасушалары дамиды? Макрофагтар аралшада қандай қызмет атқарады?

7. Егер жаңа туылған жануарлардың тимусын алып тастап, оған бөгде трансплантат қойса (мысалы басқа жануардың бүйрегін) көшірілген органға қарсы реакция дамымайды. Оның себебі неде?

8. Зерттеуші жас жануардың эксперименталды материалын тұжырымдағанда тимустың милы және қыртысты заттарының шекараларының бірігуі байқалады?

9. Зерттеу үшін шеміршек тінінің үш препараты берілген (екеуі гематоксилин - эозин бояуымен, біреуі орсеин бояуымен боялған). Осы бояулардан кейін қандай талшықты және шеміршек тіндерінің әртүрлі ерекшеліктерін қалай байқауға болады? Шеміршек тіндерінің қызметтері қандай?

10. Гематоксилин-эозинмен боялған гиалинді шеміршек берілген. Препараттың шеткі аймағында айқын бөлінген екі аймақ берілген: сыртқы тығыздығы жоғарылау, және ішкі тығыздығы төмен. Аз мамандалған жасушалар қай жерде орналасқан? Қандай гистохимиялық реакция арқылы хондроциттердің қалыптасу деңгейін ажыратады?


  1. Гематоксилин-эозинмен боялған талшықты дәнекер ұлпасының екі препараты берілген. Екеуінде жасушааралық затында айқын оксифилия анықталған. Бірақ бірінеші препаратта коллагенді талшықтар бір-біріне параллель, ал екіншісінде ретсіз орналасқан. Ұлпаларды атаңдар.

  2. Гематоксилин-эозинмен боялған гиалинді шеміршек берілген. Препараттың шеткі аймағында айқын бөлінген екі аймақ берілген: сыртқы тығыздығы жоғары, ішкі тығыздығы төмен. Қай жерге аз мамандалған жасушалар орналасқан? Қандай гистохимиялық реакция арқылы хондроциттердің қалыптасу деңгейін ажыратады?

  3. Студенттің емтихандағы жауабы: гаструляция кезеңінде адамда амниотикалық көпіршік және сары уыз қапшығы пайда болады. Амниотикалық көпіршік қабырғасын хорион құрайды, сары уыз қапшығының қабырғасын трофобласт құрайды. Жауап дұрыс емес. Не үшін?

  4. Мезодерманың дорсальды сигменттелген бөлігі – сомиттерден – склеротом, миотом және дерматом дамиды. Тері ішкі ағзалардың бұлшық еттері, ішек эпителиі, қаңқа бұлшық етінің даму көзі қай біреуі болады?

  5. Экспериментте ұрықтың нефрогонотомы бұзылған. Бұл қай органдардың дамуына әсер етеді?

  6. Жатыр қуысында аутопсияда көпіршік тәрізді ұрық табылды. Бұл жүктіліктің қай мерзіміне сәйкес келеді?

  7. Ұрық дискінің көлденең кесігінде оны түзуші жапырақтар бір-бірімен тығыз жасушалар арқылы байланысады. Бұл ұрық дамудың қай кезеңінде тұр?

  8. Пікір таласуда бір студент энтодерма эпибласттан дамиды дейді, ал екіншісі гипобласттан дамиды дейді. Сіздің пікіріңіз қандай?

19. Амниоцентез жолымен зерттеу кезінде амниотикалық сұйықтықта ядросында жыныстық хроматині бар эпителиалды жасуша пайда болды. Бұл эпителиалды жасуша қалай пайда болды және жыныстық хроматиннің пайда болуы неге байланысты?

20. Босану патологиясында, ұрықтың гипоксиясын және басқада аномалияларды, эмбриогенездегі көп және ұрық суының кем болуына байланысты болуы мүмкін. Ұрық суы эмбриогенезде қандай жасушалардан түзіледі және қай жерде?

21. Жүкті әйелдің несеп инъекциясы толық жетілмеген егеу құйрықтардың аналық без фолликуласын тез жетілдірді, клиникалық тестте жүктілікті білдірді. Бұл қандай зат және ол қай жерде өндіріледі?

22. Студент кіндік қанның суретін вена кіндігін қызыл түспен, ал артерия кіндігін көк түспен салды. Қалай ойлайсыз, неге олай салды?



23. Ұрық дискінің көлденең кесігінде оны түзуші жапырақтар бір-бірімен тығыз жасушалар арқылы байланысады. Бұл ұрық дамудың қай кезеңінде тұр?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет