Курстық ЖҰмыс мамандығы бойынша


Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларын бақылау



бет8/9
Дата17.05.2023
өлшемі89.56 Kb.
#473854
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жоба22

3 Орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларын бақылау

Орманпатологиялық мониторингтің бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік орман қоры аумағындағы орманпатологиялық қадағалау, оны жүргізудің міндеттері мен әдістеріне қарай алдын - ала тексеру және егжейтегжейлі жоспарлау болып бөлінеді.


Алдын ала тексеріп, қадағалаудың мақсаты – осы аудан аймағында пайда болатын зиянды орман жәндіктері мен қауіпті аурулардың ошақтарын дер кезінде анықтау, екпелерге төнген қауіп-қатерді көзбен көріп, бағалау және осы ошақтардың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету. Алдын ала тексеріп қарау орман қызметкерлеріне немесе орманшылардың көмекшілеріне жүктеледі және орманшылардың басшылығымен жүргізіледі. Мұндай қадағалауға жалпы техникалық басшылық етуді орман қорғау жөніндегі маман жүзеге асырады. Қадағалау орман мекемесінің басшысы бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда учаскелердің нөмірлері, қадағалаудағы зиянкестердің немесе аурудың атауы, қадағалаудың белгіленген тәсілдері мен мерзімдері көрсетіледі, сондай-ақ қадағалауға бөлінген көшеттердің сипаттамасы келтіріледі.
Егжей-тегжейлі қадағалаудың мақсаты – қадағалаудағы зиянды орман жәндік түр-лерінің саны жағынан ауытқуын анықтау, мүмкіндігінше осы ауытқулардың себептерін анықтау және алынған деректер негізінде олардың жаппай көбейіп, өршуінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын талдау болып табылады. Егжей-тегжейлі қадағалауды қарамағында мемлекеттік орман қоры бар мемлекеттік органдар бекіткен жоспарларға сәйкес орман қорғау жөніндегі мамандар жүргізеді.
Алдын ала байқау арнайы таңдалған учаскелерде зиянды орман жәндіктер ошақтарының пайда болу ерекшелігі бар көшеттерге немесе осындай көшеттерді басып өтетін арнайы бағыт жолдарын тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Қадағалау зиянды орман жәндіктерінің болуын көрсететін ерекше белгілер бойынша жүргізіледі. Орманды қорғау жөніндегі мамандар алдын ала тексеру қадағалауын орындаушыларға нұсқау береді. Егжей-тегжейлі қадағалау кезінде қызмет көрсетілетін орман мекемелерінде орманды қорғау жөніндегі маман зиянкестердің биологиясын ескере отырып белгіленетін мерзімде жылына екі рет тексерілетін зиянкестердің әрбір түрі үшін бірнеше учаскелерді іріктеп алынады. Қылқан жапырақты және жапырақ кеміргіш жәндіктерді қадағалау кезінде жыл сайын зиянкестердің қыстағы даму фазасында есеп жүргізіледі, болжамдауды (қуыршақтардың, канондардың салмағын, жұмыртқа мен ұяшықтардың мөлшері мен салмағын, зиянкес еркек пен ұрғашының ара-қатынасын, олардың паразиттері мен ауруларының болуын) талдау барысында пайдаланылатын таралудың сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтайды.
Болжамалы түрде зиянкестердің қандай да бір түрінің жаппай көбеюі анықталған жағдайларда, осы үшін бөлінген учаскелерде егжей-тегжейлі қадағалау зиянкестердің көбеюі болжанған аймақтарды қамти отырып, бүкіл орман алқабын мұқият зерттеу қолға алынады [12].
Жекеше орман қорының аумағында орман патологиялық қадағалауды жүргізу жекеше орман иеленушіге жүктеледі.
Тосқауыл ағаштарды немесе үйінділерді отырғызу, діңде зиянкестер санының артықшылығы тұрақты болғанымен, зиянкестер жаңадан ұялаған ағаштардың кесіліп, кептіріліп, қанағаттанарлық санитарлық жағдайға келтірілген көшеттерге жүргізіледі.
Тосқауыл ағаштар мен үйінділерді отырғызу зиянкестер ұялаған ағаштарды іріктеумен және іріктеп санитарлық кесу жүргізумен біріктірілуі мүмкін. Зиянкестердің жаппай көбеюіне байланысты жаппай санитарлық кесу жүргізілгенде тосқауыл ағаш кесуге жол беріледі. Жәндіктердің назарын қоршаған ағашқұрамдардан аудару үшін жаз бойына тамырланбаған сүректі жаппай қалдырады [12,13].
Ұрғашылар жұмыртқаларының негізгі бөлігін жұмыртқалап және алғашқы дернәсілдердің қуыршақтанғаны байқалатын зиянкестер жаңадан ұялай бастаған ағаштарды отырғызу кезінде діңдерді дер кезінде тазалау керек, демек үйінділер мен сүректі жою керек немесе химиялық өңдеу жүргізілуі тиіс. Тұтқыр ағаштардың қабығы мен бұтақтарын өртеп жібереді немесе көміп тастайды.
Инсектицидтермен өңделген тосқауыл ағаштарды отырғызуға болады.
Тосқауыл ағаштарды немесе үйінділерді отырғызу орманшылардың немесе орман қорғау жөніндегі мамандардың тікелей басшылығымен жүргізілуі тиіс.
Ерекше қорғалатын орман аумақтарына жататын ормандарда (мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, ерекше құнды орман алаптары, ғылыми маңызы бар ормандар, мемлекеттік табиғат ескерткіштері, жаңғақ кәсіпшілігі аймақтарының ормандары және орман жеміс екпелері, субальпия ормандары), санитарлық-гигиеналық және сауықтыру қызметтерін атқаратын ормандарда (қалалық ормандар мен орман парктері, елді мекендер мен емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймақтары), ормандардың тыйым салынған белдеулерінде санитарлық жағдайы жақсы өзен, көлдер, су қоймалары, каналдар мен басқа да су объектілерінде қабық жейтіндердің жаппай ұшып келуіне бірнеше апта қалғанда, олар қоныстануы мүмкін жерлерде тартымдылығын күшейтетін ферромондарды диспенсерлерді бекітіп, тосқауыл ағаштарды отырғызады [14].
Тосқауыл ағаштар ұшар басынан астына немесе түптерімен түбірге отырғызылады. Дің зиянкестердің ошақтарына жақын және топтастырып отырғызу орынды.
Қолжетімді жерлерде зиянкестердің дамуын және тосқауыл ағаштардың уақтылы бітелуін жүйелі бақылау үшін бақылау-тосқауыл ағаштарын отырғызу қажет.
Көшеттерге қауіп төндіруі ықтимал аса қауіпті зиянкестер мен зиянкестер (инфекцияны тасымалдаушылар) үшін тосқауыл үйінділер мен ағаштар отырғызудың нақты мерзімдері, сондай-ақ іс-шаралар жүргізудің техникасы мен шарттары белгіленеді.
Алты тісті қабық жегіш қоңызға қарсы қарағайлы көшеттерге арнайы тосқауыл ағаштарын отырғызу, зиянкестердің көктемгі кіші тобы үшін ақпан-наурыз айларында, маусымда – жазғы қабық кеміргіштерге қарсы отырғызылады, тосқауыл ағаштар жарықтандырылған жерлерге, бұтақтарымен орналастырылады. Үлкен қарағай тінжегілер қоңызы үшін тосқауыл ағаштарды орналастыру мерзімі – ақпан-наурыз.
Қарағайлы кіші тінжегілер қоңызы үшін тосқауыл ағаштар қыста алқаағаштар астарына бұтақтарымен отырғызылады, түйешелері мен діңдері астарына қойылады. Тосқауыл ағаштарды ағаштар бес пайызға дейін зақымдалған ағаштарда орналастырған жөн.
Ағаштың ұшар басына орналасатын қабықжегіш қоңыздарға қарсы тосқауыл ағаштар мен тосқауыл бұтақ үйінділері ерте көктемде және жарықтандырылған жерлерде орналастырылады. Ағаш кесетін жерлерде алдамшы әрекет ретінде кескеннен кейін қалған қалдықтарды, қураған ағаштарды қалдыруға болады.
Қарағайлы көк зерқоңызға қарсы маусым айында жас және орта жастағы қарағайлардан тосқауыл ағаштар отырғызып және дернәсілдер сүрекке кеткенге дейін түптеу керек. Қарағайлы үлкен бізтұмсыққа қарсы орман дақылдарында тосқауыл түбір сүрегі тәрізді «қармақжем» қалдыру керек [12]. Майқарағай көшеттерінде майқарағайлы үлкен немесе шырша мұртшалыларға қарсы қатты зақымданған алқаағаштарда, тосқауыл ағаштар жаздың ортасында орналастырылады (орманпатологиялық зерттеулер жүргізілгеннен кейін уақыты белгіленеді). Кесілген ағаштар екі аптадан кейін отырғызылады. Оларды орман астарына немесе ашық жерлерге отырғызу керек. Тосқауыл ағаштар ретінде кесілген ағаштың ұшар басы қалдықтарын пайдалануға болады. Тосқауыл ағаштарды зиянкестер сүрекке кеткенге дейін отырғызу керек.
Қабықжегіш қоңызға қарсы тосқауыл ағаштар ақпан-наурыз айларында отырғызылады. Майқарағай көшеттерінде сопақша қабықжегіш қоңызға қарсы тосқауыл ағаштар отырғызу сәуір-мамыр айларында жүргізіледі.
Майқарағайдың үлкен самырсын мұртшалыларына қарсы тосқауыл ағаштар майқарағайдың көшеттерімен қатарлас уақытта отырғызылады.
Шренк шыршасының көшеттерінде шырша қабықжегіш қоңызына қарсы отырғызылмаған ағаш кесу қалдықтарымен тосқауыл ағаштар мен тосқауыл үйінділер отырғызу, қабықжегіш ошақтарын талдау кезінде санитарлық іріктеп кесумен қатар жүргізіледі. Ағаштарды орналастыру міндетті түрде қыста немесе ерте көктемде, бірақ негізгі зиянкестердің ұшып келуінен екі апта бұрын жүргізіледі (наурыз айының соңы – сәуір айының басы, қайталап маусым айында және таудың жоғары басында – мамыр-маусым айларында).
Қарағай көшеттеріне тосқауыл ағаштарды отырғызу қабықжегіштердің түрлеріне байланысты: сәуір айының басында (тінжегілер көкқоңыздар болса), мамыр айының ортасында, маусым айының аяғында, тамыз айының ортасында, батпақты және басқа да зиянкестер болса тосқауыл ағаштар мамыр-маусымда отырғызылады. Емен, шырша көшеттерінде зерқоңыздарға және басқа да зиянкестерге қарсы тосқауыл ағаштар мамырмаусымда отырғызылады. Көктерек пен терек көшеттерінде тосқауыл ағаштар зерқоңыз және зиянкестердің биологиялық ерекшеліктеріне қарай мамыр-шілде айларында отырғызылады. Шөлейт аймақтағы тоғайлы ормандарда тосқауыл ағаштардан басқа, тосқауыл үйнділері түрінде кесу қалдықтарын қалдыру орынды, олар өз кезегінде алдын-алу шарасы ретінде химикаттармен өңделеді [14].
Жартылай қатқыл қанаттылар (Heteroptera) – әртүрлі биотоптарды мекен-дейтін және биогеоценоздарда маңызды рөл атқаратын жәндіктер тобы. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жартылай қатқыл қанаттылар фаунасын жердегі өсімдікпен қоректенетін түрлері құрайды. Көптеген қалқанды қандала өсімдіктер шырынымен, көбінесе генеративті органдармен, кейбір жыртқыштармен қоректенеді. Жыртқыштар қатарына жатады, ауыл және орман шаруашылығы зиянкестерін жояды [15].
Ағаш қалқанды қандалалары бақтар мен саябақтар ағаштарында кездеседі. Дендробионтты (грек тілінен аударғанда: dendron-ағаш, biontos-тірі) ағзалар ағаш өсімдіктерінде өмір сүруге бейімделген. Имаго сарғайып түскен жапырақтар, ағаш қабығы немесе бөренелер астында қыстайды. Орташа ұзындығы 5-35 ммге жететін қандалалар тобын құрайды. Жартылай қатқыл қанаттылардың қоректенуі әртүрлі. Жыртқыштар арасында жыртқыш немесе аралас қоректенетін түрлері көп, дегенмен өсімдік тектес түрлері басым болады; жаппай және ұдайы көбейе отырып, олар ауыл шаруашылығы дақылдарына (дәнді, жемдік, көкөністік, жеміс беретін), сондайақ жайылымдар мен ормандарға елеулі зиян келтіреді. Кейбір жыртқыштар қатарына жататын жартылай қатқыл қанаттылар ауыли және орман шаруашылығының зиянкестерін жояды. Олар зиянды жәндіктер мен кенелердің санын азайту арқылы пайда әкеледі, сондықтан олар зиянды жәндіктермен күрестің биологиялық әдістерінде пайдаланылуы мүмкін [16].
Жыртқыш жартылай қатқыл қанаттар әртүрлі жәндіктермен қоректенеді. Топырақ бетінде, ағаш және шөп өсімдіктерінде өмір сүреді. Олар әртүрлі екпе және табиғи биоценоздарды мекендеп, дернәсілдер мен ересек жәндіктердің (бітелер, шиландар, жапырақ бүргелері, шашақ қанаттылар, егегіштер, қабыршаққанаттылар, жартылай қатқыл қанаттылар, қатқыл қанаттылар) жұмыртқаларын жояды. Ересектері немесе жұмыртқалары қыстайды. Аналықтары өсімдіктердің әртүрлі бөліктерінде жұмыртқаларын (5, кей жағдайларда 4 жастық дернәсілдер) салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет