Аурулар. Тау пістенің 20-дан астам аурулары белгілі. Олардың кең таралған және аса қауіпті түрлері – септориоз және цилиндроспориоз, вирустық ауру, бағаналы (дің) шірік, жапырақ дақтары, жеміссерігінің қараюы, нематоспороз және т.б. жемістерінің аурулары.
Тау пісте жапырағының дақтары – септориоз (Septoria pistaciae Desm), кең таралған ауру. Әр түрлі жастағы ағаштарды зақымдайды. Ауру ағаштардың жапырақтары сарғайып, уақытынан бұрын түсе бастайды. Қатты зақымданғанда тау пісте өнімі едәуір төмендейді. Бақша мәдениетіндегі тау пісте өсімдіктері бұл аурудың түрімен аздау ауырады.
Тау пістенің ұнтақты көгеруі (Phyllactinia suffulta, S.) – жапырақтарды, жас буындарды және көктемнің ылғалды кезеңінде жатынын (түйін) зақымдайды. Зақымдалған жапырақтар ширатылып, құрғап, түсе бастайды.
Тау пістенің вирустық ауруы – бүршікіт, жемісті, жапырақты және буынды зақымдайды. Жемістері ұсқынсыз формалы болады. Оларда ядро қалыптаспайды. Тек қана кәрі ағаштар ғана емес, жас ағаштар да зақымдалады. Ағаштардың өнімі айтарлықтай төмендейді. Ауру тасымалдаушылары цикадалар мен трипстер болып табылады.
Тау пісте жеміссерігінің қараюы. Бұл аурумен тау пістенің 30%- дан астам жемістері зақымдалады. Жоғары температура мен ыстық жел кезінде нәтижесінде жеміссерігі тіндері өліп, саңырауқұлақтар зардап шеккен жерлерге орналасады. Ерте зақымдалған кезде ядро дамымайды және қараяды, ал кеш зақымдалған кезде жеміс сапасы төмендейді.
Тау пісте жемісінің нематоспорозы – маусым айында жемісті кескен кезде ғана анықталады. Себебі, жеміссерігі сау болып көрінеді. Тұқымжарнағының үстінде мицелийдің нәзік қабаты және ақ, тығыз қыртыс пайда болады. Зақымдалған аймақ сарғышқоңыр түсті болады. Зақымдалған жемістер ащы, жағымсыз дәмге ие және тұтынуға жарамсыз болады [9,10].
Ауру және зиянкестермен күрес шаралары. Ең алдымен зиянкес және аурулармен күреспес бұрын алдын алу шаралары жүргізілуі керек. Бұларға: ұйымдастырушылық, орман шаруашылығы, агротехникалық және профилактикалық әдістер жатады. Бұл жүйеде химиялық заттар көмекші рөл атқарады және тек қажет болған жағдайда ғана қолданылады. Мысалы, зиянкестердің қауіпті саны көбейген ошақтары болған кезде.
Агротехникалық шаралардың маңызы аса зор. Оларға: топырақ қопсыту, тыңайтқыш себу, қалың өскен көшеттерді қысқарту және сирету, т.б. жатады. Бұл шаралар ағаштардың аурулр мен зиянкестерге қарсылығын күшейтуге жағдай жасайды.
Орман шаруашылық және агротехникалық әдістер ұзақ мерзімді толық 2 жыл ішінде тиімді әсер етеді. Жеміс зиянкестерінің барлық жиынтығы (комплексі) мен зақымдану деңгейінің айтарлықтай төмендеуі екінші жылдан-ақ байқалады және келесі жылдары да тұрақты түрде төмендей бастайды.
Жеміс салатын ағаш бұталарының тау пісте өнімінің қалдықтарын жүйелі түрде жоюы, бірінші жылы-ақ тазартқаннан кейін тұқымжегіштердің комплекстік қорын 5 есе, ал екінші жылы 30 есе азайтады. Дәл осындай тиімділік кейінгі жылдары да тұрақты сақталады. Жапырақтың сорғыш және кеміруші зиянкестермен зақымдалуы 2 есе азаяды.
Зиянкестердің жаппай көбеюінің алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі – бақша биоценоздарын биологиялық қалпына келтіру. Бұл пайдалы паразиттік және жыртқыш энтомофагтардың, өрмекшітектестердің, құстардың, сүтқоректілердің сақталуы, өсуі мен белсенді болуына жағдай туғызатын шаралар кешенін жәйекті түрде жүзеге асыруды білдіреді. Сонымен қоса, зиянкестердің санын азайтатын басқа да биологиялық агенттер де жатады [11].
Жеміс салатын тау пісте ағаштарында үнемі жоғары санитарлық талаптарды ұстау керек.
Орман шаруашылығы және бақшада тау пістені жоғары агротехникалық шаралармен өсіру керек.
Осы жағдайда ғана зиянкестермен күресудің барлық арнайы шаралары сәтті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |