Тамыр, сабақ және бұта зиянкестері.Тау пісте қабырғалы қоңызы (Capnadis parumstriata Ball.) – қоңыз ұзындығы – 28-38мм, ені – 14-18мм. Элитраның нүктелі жолдары жұп болып көбейтіліп, қысылып, нәтижесінде кең қатараралық тар қатараралықпен кезектесіп отырады. Рельефті (бедерлі) дақтар алдыңғы арқада орналасқан.
Генерациясы біржылдық. Қоңыздардың ұшуы сәуір ортасынан шілденің соңына дейін жалғасады. Оның дернәсілдері үстіден астыға қарай бағытталған ұзындығы – 120-160см, ені – 14-17мм болатын жолдарды кеміру арқылы сабақтармен қоректенеді. Имагосы да жас бұталардың қабығын және жапырақ сағақтарын кеміру арқылы айтарлықтай зиян келтіреді [5].
Зиянкес шартылдақ қоңыз (Poluphylla adspersa Motch.) – аса қауіпті, кең таралған түр. Дернәсілдері топырақта тіршілік етіп, тамыр жүйесін және т.п. өркендерін зақымдайды. Қоңыздардың ұшуы маусымның екінші жартысынан басталады. Олардың өмір салты ымыртта өтеді, қоректенбейді.
Тау пісте жіңішке денелі қоңызы (Agrilus pistaciophagus Al. et Keel.) – Орта Азияның тау пісте өсетін аймақтарында кең таралған. Бұл түрдің қоңыздары негізінен тау пістенің жіңішке бұталарында пайда болады.
Ұшуы маусым – шілде айларында болады. Ең алдымен дернәсілдері ағаш қабығының астына жолдар теседі. Үлкейе келе ағаш сүрегіне қарай жылжиды. Зақымдалған бұталар олардың бірінші жылы келуімен-ақ кеуіп кетеді. Дернәсілдерінен бөлек, тәуліктің ыстық уақытында жапырақ шеттерін кеміріп, имагосы да зиян келтіреді. Тіршілік ету үшін олар ауру, әлсіз ағаштарды таңдайды. Көбінесе қабықжегіш қоңыздармен бірге тіршілік етеді.
Шағын тау пісте қабықжегіш қоңызы (Carphoborus kueschkensis Socan) – тау пісте бұтақтар мен ағаштарының жаппай зиянкестерінің бірі. Қырғызстанның жағдайында кішкентай тау пістенің Шағын тау пісте қабықжегіш қоңызы нашар зерттелген. Қырғызстанның табиғатында бұл қоңыз жылына 2 рет ұрпақ береді [8].
Үлкен тау пісте қабықжегіш қоңызы (Сhaetoptelius vestitus Rey.) – бір буында дамиды. Қоңыздардың кейбір бөлігі тау пістеге күзде қоныстанады. Көктемде қуыршақтайды. Ақпан-мамыр айларында қосымша қоректенуге өсімдік буынына енуі үшін жас қоңыздардың ұшуы болады. Келесі бөлігі тау пістеге ерте көктемде қоныстанады. Кеміріп, бүршік бөлігі арқылы буынға кіреді. Өзегін жейді. Буындары сынып, ағаш бұталары кесіледі. Бұл қоңыз әлсіз және жаңа кесілген ағаштарға қоныстанады.