Курстық ЖҰмыс мамандығы бойынша


Тау пісте жемісінің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары



бет4/9
Дата17.05.2023
өлшемі89.56 Kb.
#473854
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жоба22

2 Тау пісте жемісінің зиянкестері мен аурулары және олармен күресу шаралары

Тау пістенің бірнеше зиянкестері мен аурулары бар. Олар: зиянкестер - тау пісте жеміс көбелегі, тау пісте жуанаяқтысы, тау пісте тұқымжегіші, жұпсыз жібек көбелегі, қуаңсары жапырақ кеміргіші, тау пісте жапырақ бүргесі, тау пісте күйесі, тау пісте галлды жиектік бітесі, тау пісте қабырғалы қоңызы, зиянкес шартылдақ қоңыз, тау пісте жіңішке денелі қоңызы, үлкен тау пісте қабықжегіш қоңызы және т.б.; аурулар – септориоз, цилиндроспориоз, вирустық ауру, бағаналы (дің) шірік, жапырақ дақтары, жеміссерігінің қараюы, нематоспороз және т.б.


Зиянкестердің өзін 3 топқа бөлуге болады: 1) Жемісінің зиянкестері; 2) Жапырағының зиянкестері; 3) Тамыр, сабақ және бұта зиянкестері.
Жемісінің зиянкестері. Тау пісте жеміс көбелегі (Recurvauia histacicola Danil.) – Орта Азиядағы тау пісте кездесетін жерлердің және көп таралған ағаштарының барлығында кездеседі. Тау пістенің 20-30% зақымдайды, ал көп таралған немесе өнім аз болған жылдары 50% - ға дейін зақымдайды. Ол жылына үш толық және кейде төртінші ұрпақтарда дамиды. Қауіпты фазасы – дернәсіл. Дернәсілмен зақымданған жемістер кеуіп, қою қоңыр түске боялып, шашыла (түсе) бастайды. Басқа насекомның дернәсілдерімен зақымданудан, бұл насекомның дернәсілдерімен зақымданған жеміс анық ажыратылады. Әр дернәсіл 8 жеміске (дәнін) дейін зақымдайды.
Тау пісте жуанаяқтысы (Eurytoma plotnicovi Nik.) – тау пістенің қарапайым мекендеушісі. Қауіпті мерзімі – дернәсіл.
Жаңадан шыққан дернәсіл дәнге (ұрық) жетіп, тұқымжарнақтың қабығын кеміріп, ішіне кіріп, оны толығымен жейді. Алғашқы дернәсілдері ақ түсті, мөлдір, ұзын формалы, аяқсыз; жасы үлкен дернәсілі – ашық сарғыш түсті, үнемі десек те болады, қайрылған немесе үтір тәріздес болып келеді. Артқы жағы сүйір, ұшталған болып келеді.
Зақымдалған жемістің жеміссерігі ұзақ уақыт жасыл түсті болып, кейіннен құрғап, өнімді терер кезде жеміссабақтың сағағынан қиын ажыратылады. Ағашта қалып қойып, 2-3 жыл бойы түспейді. Бұндай аймақта жуанаяқтылар мен тұқымжегіштердің диализдеуші дернәсілдері сақталады.
Тау пісте тұқымжегіші (Megastigmus pistaciae Wek.) – тау пістеге ас үлкен шығын келтіреді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Дернәсілі жеміс ішінде қыстайды. Өткен жылдың жемісінен имагосының ұшып шығуы маусым айында басталады. Аналығы ұзын жұмыртқа салғыш қынабы арқылы жеміс дәнінің ішіне жұмыртқасын салады. Жаңадан шыққан дернәсілі мөлдір, соңғы жасында ұзындығы - 5-6мм, аяқсыз, жылтыр болады.
Сыртқы жабынының мөлдір болуына байланысты ішектері көрініп, лас ақ түсті болады. Үнемі С әріпі секілді иілген күйде болады. Өзінің өмір циклінің көп бөлігін жеміс ішінде өткізеді. Ең қауіпті фазасы өсіп-жетілген тау пісте тұқымжарнағының жартысынан астамын жейтін дернәсіл кезеңі.
Оның диапаузасы 2-3 жылға дейін созылуы мүмкін. Зақымдалған жемістер тұқымжегіштердің басқа түрлерінен борпылдақ консистенциясымен ерекшеленеді.
Бірінші буын дернәсілдері жеміс ішіндегі ядродан жетіліп жатқан ұлпалармен қоректенеді. Қоректеніп болған соң, жеміс ішінде қуыршақтанады. Әр жемісте бір дернәсіл дамиды. Тұқымжегіштің екінші ұшуы – маусымның соңынан тамыздың басына дейін жалғасады. Зақымдалған жемістер ашылмайды және түспейді. Оларды тез арада жинап, өртеу керек. Тұқымжегішпен көбінесе Орзу және Азербайджанка сорттары зақымдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет