Үй тапсырмасын тексеру.
Тақтада берілген көп таңбалы сандарды кластарға бөліп,кластардың атауын айту керек.
-Жарайсыңдар!
Дәптермен жұмыс.
Сынып жұмысы.
Көркем жазу
Келесі математикалық диктантты орындайық.
Балалар жауаптарын дәптерлеріне орындайды.
1. Үздік оқушының сүйікті бағасын бір апта санына көбейт.
2. «Отан» сөзіндегі дыбыстар санын 3 есе арттыр.
3. 7 см шаршының периметрі нешеге тең?
4. 1 сағатта неше минут бар?
5. Қазақтың ұлттық ойындар саны нешеу?
Логикалық есептер.
1.Мадина тығылған достарын іздеп жүр.Ол шымылдықтың артынан 10 аяқ көрді. Сол жерге оның неше досы тығылған?
2. Неше үшбұрыш көріп тұрсың? (6)
3.Аулада өсіп тұрған биік ағашқа 2 торғай және 4 көбелек ұшып келіп қонды. Барлығы неше құс болды?
Оқулық пен жұмыс.
Оқулықтағы №3 есебін шығарады.
Теңдеу көмегімен шығар.
ә) Оқушылар 1 т 4ц 56 қызанақ жинады. 364 кг қызанақты жәшіктерге салды.Олар тағы неше килограмм қызанақты жәшіктерге салуы керек?
№4тапсырма
Периметрі 8см-ге тең әртүрлі 2 тіктөртбұрыш сыз. Сызылған тіктөртбұрыштың ауданын тап және салыстыр.
Командалық жұмыс
-Енді бәріміз деңгейлік тапсырмаларды орындайық.
I- деңгей-сандарға байланысты мақал-мәтел жаз.
II-деңгей- тест
1.Квадрат метрмен ненің ауданы өлшенеді?
а) бақша ә) мектеп үстелі б) мемлекет
2.Ауданның ең кіші өлшем бірлігін көрсет.
А)дм2 ә) га б) а в) мм2
3.5 800 және 40 сандарының бөліндісін 10 есе арттыру қажет өрнекті тап.
А) 5 800:40+10 ә)5 800:40:10 б)5 800:40х10 в) (5 800+40):10
4. 5 тоннада неше центнер бар?
А) 500ц ә)50ц б)5 000ц
5. х-540=460 теңдеуіндегі белгісіздің мәнін тап.
А) х=900 ә) х=1 000 б ) х=80
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында: "Бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мэдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала" - деп қарау міндеті анықталған. Бұл міндет негізгі мақсаты - балаларғга білім беру екендігі қазіргі кезде бір жақты, жеткіліксіз деп есептеледі. Себебі, мектеп оқушыларға білім берумен қанағаттанып, сол білімді нақты тәжірибеде қолдануға үйретпесе, онда бұл жеткіліксіз болар еді. Демек оқушыларға есеп шығарудың әр алуан әдістерін үйрету мұғалімнің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі.
Есеп шығару барысында, анализ синтезді қолдану мүның одан әрі байытып, өрістету немесе оған қатысты дербес жағдайларды тұжырымдау, сөйтіп оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруда, математикалық ойлау дербсстігіп дамытуда айрықша роль атқарады. математиканы негізгі курс ретінде жалпы білім беретін мектептердің барлық сатысының оқу жоспарларына енгізу;мектептің жоғарғы сатысында математикадан білім беруді жеке даралау мен топтау әдістері арқылы іске асыруды кеңінен енгізу.
Осы орайда математиканы оқытудың негізгі мақсаттары болып оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін бейнелеу; Оларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру; оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, практикалық есептерді шығаруға, сондай-ақ математиканы басқа пәндерге қолдана білуге үйрету; Оқушылардың өздігінен білім алуына көмектесу және т.б. табылады. Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде.
Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол. Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Ал оның негізгі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабагында ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе. Есеп шығару математиканы оқытудың ажырамас бөлігі, себебі есеп шығару математикалық ұғымдарды қалыптастырып байытуға оқушылардың математикалық ойлауын өрістетуге, білімдерін практикада қолдануга, табандылық, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады."
Достарыңызбен бөлісу: |