ҚОРЫТЫНДЫ
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Бүгінгі күні оқытуға қойылған талаптардың бірі – өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілікке, еңбек сүйгіштікке деген көзқарасын арттыру болып табылады.
Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жасөспірімдерге танымдық әсері жоғары.
Халық ертегілерінің таңдаулы үогілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеялық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып, ұстанымдылыққа, еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегілер жанрын меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:
-Мәтінді бірінші болып, мұғалімнің өзі оқуын;
-Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына;
-Мәтінді мәнерлеп оқуға;
-Мәтіндегі дыбыс үндестігінің бұзылмауына;
-Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына;
-Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне көңіл бөлу керек.
Еертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет:
1.Ертегіні оқу барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып, бірде қуанып, қиял көгіне көтеріледі, көңілденеді, қиялдау оларды армандауға үйретеді.
2.Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.
3.Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.
4.Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.
5.Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
6.Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жұмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.
Тәрбиенің басты құралы болып табылатын ертегілерді меңгертудегі тиімді тәсілдер қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен, деңгейлік тапсырмалар қолдану, салыстыру, кейіпкерлерге мінездеме беру, Венн диаграммасы, инсерт кестесі, топпен жұмыс жасау, жұптық тапсырмалар орындату тағы басқа әдістермен жүзеге асырылуда. Ертегілерді меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің сан алуандығы мұғалім шеберлігіне байланысты қолданысқа ие болады және толығып отырады, заман талабына сәйкес өзгерістермен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |