2.2.Ертегілерді дәстүрлі емес сабақта меңгерту
Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат
Мақсаты:
-Білімділігі: Оқушыларға ертегінің теориялық мазмұнын меңгерту, ертегілер және олардың кейіпкерлерін еске түсіру, мән-мағынасын ашу, үш тілді қатар білуді насихаттау. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көзқарастарын білдіруге үйрету.
-Дамытушылығы: Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу. Жауапкершілікке тәрбиелей отыырып достық қарым-қатынастарын дамыту.
Көрнекілігі: «Ертегілер әлеміне саяхат» слайдтары, аудио, видео құрылғылар, ертегі кейіпкерлерінің суреті.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, баяндау, зерттеу, бақылау сөздік, проблемалық сұрақтар қою, сұрақ-жауап, диалогтық оқыту, т.б.
Сабақта қолданылатын технологиялар: ақпараттық-коммуникативтік технологиялар.
Сабақтың барысы:
І.Кіріспе сөз.
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбіне өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбіне қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.
Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ...... болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталады.
Ертегілердің мынадай түрлері бар:
Қиял-ғажайып;
Хайуанаттар туралы;
Шыншыл ертегі;
Қиял-ғажайып ертегілерде ержүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты жыланмен, үш басты айдаһармен, жалмауыз кемірмен, бір көзді дәумен, мыстан кемпірмен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл-қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын-қыстау оқиғаларда ақыл-айла тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т.б. Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм-қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.
Шыншыл ертегілерде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқамінерлердің іс-әрекеттерін әшкерелейді.
Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар! Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
Олай болса «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер (оқытушы сөзі)
-Бүгінгі сабағымызда үш елдің ертегі әлеміне сапар шегеміз, «Қазақ ертегілер әлеміне», «Орыс ертегілер әлеміне», «Ағылшын ертегілер әлеміне» қонақ болып, әр елге тоқталғанда қызықты тапсырмаларды топ-топ болып орындап, қай топтың тапқыр екендігін анықтайтын боламыз.
І бөлім – «Қазақ ертегілер әлеміне саяхат» (Қазақ ертегілері кейіпкерімен танстыру – слайд)
Тапсырмасы: Алдар көсе «Сиқырлы тон» ертегісін көрсету, осы ертегі бойынша мазмұндама жазу.
Әр топтан 1 оқушы өздерінің мазмұндамасын оқиды.
ІІ бөлім – «Орыс ертегілер әлеміне саяхат».
Тапсырмасы: Орыс ертегілерінің суреттерін көрсету: «Қалқан», «Алтын балық», «Бауырсақ» ертегілерін еске түсіріп, әр топқа бір-бір ертегіні үлестіріп, осы ертегіні сендер қалай аяқтайсыңдар деген тапсырма беру. (5 мин)
Әр топтан 1 оқушы өз шығармаларын оқиды.
ІІІ бөлім – «Ағылшын ертегілер әлеміне саяхат»
Тапсырмасы: «Ақшақар мен 7 гном» ертегісінің суретін көрсетіп, ертегіден диалогтік оқыту арқылы әр топқа ертегінің кез-келген жерінен үзінді үлестіріп, диалогті сахналық көрініс ретінде қою. (5-7мин)
Әр топтаан 2 оқушы диалог оқуға тақтаға шығады.
Қосымша тапсырма: «Бес жол өлең»
Әр топ өздеріне ұнаған ертегі кейіпкері бойынша мына сұрақтарды негізге ала отырып өлең шығару:
-Кім?
-Не істеді?
-Қашан?
-Қалай?
-Қайда?
(ұйқастыру және қызықты шығару) 5мин
Әр топтан 1 оқушы топтың шығарған өлеңімен таныстырады.
Үй тапсырмасын беру: Менің сүйікті ертегідегі кейіпкерім» (шығарма)
Сабақты қорыту: (Мұғалім сөзі)
Сонымен, біз бүгін қазақ ертегілерінің ғана емес, өзге елдердің де ертегілер әлеміне саяхат жасадық, әр елдің мәдениеті мен ұлттық нақышынан хабардар болдық. Бастауыш білім беруде бала тәрбиесінің басты құралы болып табылатын ертегілердің теориялық жағынан ғана емес, болашақ маман ретінде кейінгі өздерінің оқушыларына қалай оқытуға болатынынан біраз мәлімет алдыңдар...
Енді сөз кезегі бүгінгі сабақта белсенділік танытқан, оқушылар, сендерде, қай топтың мазмұндамасы, қай топтың құраған ертегісі.
Достарыңызбен бөлісу: |