Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ертегі жанрын оқыту» Орындаған



бет4/7
Дата02.01.2024
өлшемі52.45 Kb.
#488383
1   2   3   4   5   6   7
курсовой Аякөз

ІІ.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1.Ертегілерді тиімді тәсілдер арқылы оқыту (сабақ жоспары)
Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімін кеңейту.
Міндеті:
1.Халық ауыз әдебиетінің ең маңызды түрі ертегі екенін түсіндіру. Мазмұндық, құрылымдық ерекшелігін таныту.
2.Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру.
3.Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту, іздену, зерттеу қабілеттерін, жүйелі сөйлей білу машықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі интеграл сабақ.
Әдіс: кестемен жұмыс, сұрақ-жауап, ИНСЕРТ кестесі, Бес жолы өлең.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, Қоғам, орыс әдебиеті, этнопедагогика, орыс тілі қазақ тілі.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сыныпты түгендеу, сабаққа бейімдеу, сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру. Ой шақыру.
Зымыран сұрақтар:
1.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2.Негізгі белгілерін ата?
3.Түрлерін ата.
4.Ертегі дегеніміз не?
5.Ертегінің неше түрі бар?
Ой-талқы.
Сынып үш қатар үш топ болып жұмыс жасайды.
І топ. Қиял-ғажайып ертегісі бойынша.
ІІ топ. Шыншыл ертегілер немесе тұрмыс-салт ертегілері бойынша.
ІІІ топ. Хайуанаттар жайлы ертегілер бойынша.
Берілген тапсырма алдын-ала үйге беріледі.
1.Сюжетті сурет салу.
2.Жан-жақты мағлұмат беру.
3.Өмірмен байланысын ашу.
4.Негізгі кейіпкерлерін атау.
5.Тәрбиелік мәнін түсіндіру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Алған білімдерін пысықтап алу мақсатында Сәйкестендіру кестесі толтырылады.
Оқылған ертегі атауларының ертегінің қай түріне жататынын анықтау.
Шарты:
-қатесіз жазу;
-бірін-бірі тақтада шыққан дұрыс жауаппен тексеру.
2.Ертегінің құрылымдық ерекшелігіне назар аудару. Шағын оқиғалы барлығына таныс «Үш өнерпаз» ертегісін бірлесе отырып, шығарманың композициялық құрылысы бойынша талдау.
3.Жалпы ертегілердің басы қалай басталады, қалай аяқталады?
Қалыптасқан жүйе бар. Кейінгі дамыған әдеби шығармаларға тән жүйелілік ауыз әдебиетімізден бастау алады. Қазақ халық ауыз әдебиеті бүгінгі заман талабының барлық деңгейіне сәйкес қалыптасқан жоғары сапалы көркем шығарма деп айтуымызға толық негіз бар.
4.Іздендіру мақсатында үйге тағы да жекелеген оқушыларға даралап-саралап оқыту технологиясы бойынша тапсырма берілген болатын.
А)Қазақ ертегілерін орыс халық ертегілерімен салыстырып келу.
Ә)Қазақ ертегілерінің зерттелуі туралы ізденіп келу.
Қорытынды. Ой-түйін.
ИНСЕРТ кестесі бойынша жауап беру.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1.Еркін тақырыпта бір шағын ертегі құра.
2.Орыс ертегісінен үзінді алып, қазақша аударма жасап көруге талпыну.
3.Ұнаған ертегісін құрылымдық, мазмұндық жағынан талдап келу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет