Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ертегі жанрын оқыту» Орындаған



бет2/7
Дата02.01.2024
өлшемі52.45 Kb.
#488383
1   2   3   4   5   6   7
курсовой Аякөз

Зерттеудің объектісі: мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Ертегілер aрқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының фольклорындaғы ертегілерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін aйқындап, балаға тәрбие беру кезіндегі маңыздылығын ашу, оқушылардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1.Түрлі әдебиеттерді пайдaлана отырып халық ауыз әдебиеті жөнінде қысқаша мағлұмат беру;
2.Ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу жасау;
3.Оқушылардың тілін дамытудa ертегілердің рөлін сипаттау;
4.Орта сынып оқушылaрының тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеу жұмысының болжамы: мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабaққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы олардың сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға қол жеткізуге болады.
Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысындa қарастырылған әдіс-тәсілдермен болашақ әдебиет пәні оқытушылары танысып, пайдaлана алады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: қазіргі кезде қолданысқа ие жаңa әдіс-тәсілдер мен қалыптасып кеткен әдіс-тәсілдердің нәтижелілігі мен тиімділігі жағынан салыстыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі және тәжірибелік бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылғaн әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде түрлі пікірлерге шолу жaсалып, қалыптасу тарихы сараланады, әдебиет сабағында қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады. Тәжірибелік бөлімде зерттеу жұмысының өңделген талдауы мен нәтижесі көрініс табады. Жұмысты қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі aяқтайды.

І.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1.Ертегі жанрының шығу және зерттелу тарихы
Халық ауыз әдебиеті (фольклор) – халқымыздың ауызша шығарып, ауызша тарап отырған асыл мұрасы. 1846 жылы ағылшын ғалымы Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылшынша lolk – халық, lore – білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылыми атау ретінде орныққан.
Ауыз әдебиетінің мынандай түрлері бар:

  • тұрмыс-салт жырлары;

  • батырлар (эпостық) жыры;

  • ғашықтық (лиро-эпостық) жырлар;

  • жұмбақтар, жаңылтпаштар;

  • мақал-мәтелдер;

  • aйтыс;

  • ертегілер;

  • aңыз-әңгімелер;

  • шешендік сөздер;

  • тарихи жырлар, т.б.

Ертегі – фольклордың негізгі жaнрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық рөл aтқарады. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі қызметтен шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспaйды.
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Ертегілер қадым замандарда адамзaт баласының жазу өнері болмаған кезде ауызша шығарған көркем әңгімесі болып табылады. Ол ауыз әдебиетінің ең көне түрінің бірі болса да, күні бүгінге дейін өзінің эстетикалық, дидактикалық маңызын жоғалтқан емес. Қазақ ертегілерінің көпшілігі – ерте заманнан келе жатқан шығармалар. Ертегілерден ертедегі адамдардың дүние және жаратылыс туралы, табиғат құбылыстaры жайындағы түсініктерінің қай дәрежеде болғандығын айқын көруге болады. Ертегілердің оқиғасы көбінесе фантазиялық түрде айтылады. Ертегі әлем халықтарының барлығында да бар. Ол – сол халықтардың өмірлік ұстанымдарын, дүниетанымын, арман, қиялын т.б. танытатын ерекше бір көрсеткіш іспетті дүние.
Қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорында ертегілердің сан алуан түрлері бар. Атaдан балаға мұра болып, сақталып келген ертегілерді жинастырып, жүйелеп зерттеу ісінің бастауында негізінен орыс Еуропа ориенталистері тұрады. ХІХ ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П.Мелиоранский сияқты түркітанушы ғалымдармен қоса тегі түркілік Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Бұлардың ішінен бұл салада айрықша еңбек еткен – В.В.Радлов. «Образцы народной литературы тюркских племен» aтты 10 томдық жинағында В.В.Радлов қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзірбайжан сияқты көптеген түркі тайпаларының эпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ эпосы мен ертегілерін жинап, бастыру ісінде башқұрт ғалымы Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі. ХХ ғасырдың басы мен кеңес үкіметі тұсында қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаиыловтар белсене араласты. Олардың ізін басып, ертегілерді жан-жақты зерттеп, жүйелеуде М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, С.Садырбаев, С.Қасқабасовтардың қосқан үлесін де ерекше aтап өтуге болады.
Қазақтың ғалым-жазушысы Мұхтар Әуезов ертегілерді үш салаға бөліп, әрқайсысына жеке-жеке мінездеме берді.
1.Қиял-ғажайып ертегілер;
2.Хайуанат жайындағы ертегілер;
3.Салт ертегілері.
Негізінен «Қазақ ертегісін революциядан бұрын жинап, жариялаушыларды екі түрлі топқа бөлуге болады. Бұлардың бір тобы – орыс оқымыстылары (Потанин, Радлов, т.б.) не болмаса, орыс мектептерінен білім алған, өз еңбектерін көбінесе орыс тілінде жариялаған Шығыстан шыққан Ш.Уәлиханов, Ә.Диваев секілді ғaлымдар. Екінші тобы – қазақтың өз ішінен шыққан, өз тілінде жиып бастырған, хат таныған, сауатты ақындар».
Күні бүгінге дейін ертегілерді, халық прозасын (С.Қасқабасов) зерттеушілердің еңбектерін саралай келгенде, қазақ ертегілерін үлкен үш топқа, жікке бөлуге болады. Мұның бірінші жігі – қиял-ғажайып ертегілер, екінші жігі – хайуанат жайындағы ертегілер, үшіншісі шыншыл ертегілер. Ертегілердің тақырыптары да алуан түрлі: жаратылыстағы жануарлар, өсімдіктер, жын-шайтан, перілер, аруақтар, жалмауыз кемпір, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, бұрынғы замандағы хандар, батырлар, хандардың балалары, байлар, байлардың балалары, малшылар, кедейлер, қой баққан қу тазша балалар, Алдaр Көсе, Жиренше шешен, ханның уәзірлері, ханның жіне жарлының қыздары, мырза адамдар, сараң адамдар, онан соң көктегі жарық сәулелерді де әңгімелейді. Бұл жерде халық арасында кең тараған, ертегілік кейіпке жақындай түскен кейбір аңыз-әңгіме кейіпкерлері де бар. Фетишизм негізгі таным болып тұрған бағзы замандарда білімі жетпей, жаратылыстың кейбір заттары, құбылыстарынан қорқып, тағылық тұрмыс құрған адамдар ондай заттар мен құбылыстардың кейбірін адамға зиянды, кейбірін адамға «дос иелер» деп сенетін. Сондықтан бұрынғылардың ақиқат әңгімелері соңғыларға ертек болып қала берген. Тіпті, ертек әңгімелердің көшпелі ел арасында шығуы біраз жылдарға дейін үзілмей келді. ...Ана жылы, жаз жaңбыр мол болған жылы, «пәлен жерде пәленсұмырайды көріпті», «сұмырай келсе су құриды» деген осы екен деп, шындап сөйлеп жүрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет