Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Ағылшын тілі пәнін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру



бет10/12
Дата07.12.2022
өлшемі231.18 Kb.
#466749
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ызылорда облысыны білім бас армасыны

2.3 Ағылшын тілі пәнін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатын көздеген республика білім беру жүйесінде қазіргі кезде көптеген реформалар жүруде. Осы реформаларға сәйкес республика мектептерінің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып жатыр.


Жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың модулдік, деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан оқу және жазу, электрондық оқыту, жобалап оқыту т.б. оқушыларды дамыта отырып оқытуға негізделген технологиялардыңнегізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғыдан қарау; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; оның өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; барлық оқушылардың дамуы үшін тжүйелі жұмыс істеуі болып табылады.
Пәнаралық байланыс туралы ғылыми әдебиеттерде 30-дан астам анықтамалар берілген. Мәселен, педагогикалық сөздікте: «пәнаралық байланыс оқу бағадарламаларының өзара үйлесімділігі» деп анықталған.
Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынандай:

  • Әрбір жеке пәнді оқытқана басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;

  • Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.

  • Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптсатыру.

  • Жалпы теориялыьқ білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.

  • Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою.

  • Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.

  • Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу.

  • Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.

Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзіңің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Шет тілін оқытуда тілге деген мотивация проблемасы сөйлесуге қажеттіліктің жоқтығынан туып отыр. Сондықтан мұғалім үшін оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығы оның еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар осы нәтижеге қол жеткізу процесінде де маңызды.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда пәнаралық байланысты қолдану тиімді.Шет тілінің оқу пән ретіндегі ерекшелігі мынада: ол, яғни тіл қарым-қатынас жасау құралы ретінде оқытылады, ол тақырыптар мен ситуациялары әр түрлі салаларды қамтиды. Сондықтан да шет тілінде басқа пәндерге қарағанда білімнің әр түрлі салаларынан шыққан материалдарды еркін қолдануға болады. Шет тілінің басқа да пәндермен өзара байланысы алуан түрлі және көп функционалды. «Шет тілі» пәні әр түрлі саладағы білімді қамтиды: география, тарих, қоғамтану, әдебиет, физика, химия, биология, информатика, ән-күй, бейнелеу өнері және басқа да пәндер. Мысалы 9-сынып бағдарламасы (Аяпова Т.Т.) география, бейнелеу өнер және ән-күй пәндерімен тығыз байланысты. 9-сыныптағы «Музыка мені бақытқа бөлейді» (Music keeps me happy)бөлімінде біз музыка жанрмен, классикалық сазгерлермен, қазақ әуендерімен танысамыз, оқушылардың музыка стилінің қай түрін ұнатып, қалайтының білеміз. Сонымен қатар оқушылар осы бөлімге қатысты «Менің сүйікті әншім» (My favourite singer), «Мен ... тыңдаймын»(I listen to…) деген тақырыптық жобалар жазады.«Аrt» тақырыбы Қазақстандағы бейнелеу өнерінің шығу тарихы жөнінде мағлұмат береді.
10-сыныпта «герундий және инфинитив» грамматикалық тақырыптарын бекітуде спорт саласымен байланысты жаттығулар жасалып, мәтіндермен танысамыз, яғни бұл бөлім дене шынықтыру сабағымен байланыста өтеді. Кейбір грамматикалық тақырыптарды (шақтар, етістер) біз ән айта отырып, музыка сабағымен байланыстарын өтеміз, түсіндіреміз, бекітеміз. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін кіріктірілген сабақтарда өткізіледі. Мысалы 11-сыныпта ағылшын және физика пәндерінен өткен кіріктірілген сабақ «Кинематография-Cinematography» оқушылардың қызуғышылығын арттырып, ізденуге, жаңа ақпарат жинауға бағыт-бағдар берді.
Пәнаралық байланыс тек оқу процессінде ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да қолданылады. Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі қарсаңында қазақ тілі пәні мұғалімдерімен бірігіп «Тілден артық қазына жоқ» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шарада оқушылар Қазақстан халқының мәдениеті мен тарихы жөнінде білімдерін ортаға салды.
Қорыта келе, жоғарыда айтылған дәлелдердің барлығы шет тілін үйренуде маңызды және қажетті деп саналады. Сабақты басқа пәндермен байланыстыра отырып өткізу шет тілін үйренуде оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін және қабілеттерін ескереді және тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет