1.4. Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Балалардың бірлескен түрінің аса маңызды түрі және оқуды, еңбекті, басқа да істерді ұйымдастыру тәсілдерінің бірі ретінде ойынның үлкен орны бар, ол әсіресе 1 сыныпта өте маңызды. Сюжеттік-шығармашылық ойындардың мазмұны мұғалімдерге балалардың назарын адамлардың өзара қарым-қатынастарының адамгершілік жағына аударуына жәрдемдеседі. Ойынның ережелері ойын қызықты болуы үшін қажетті адамгершілік нормаларды қатаң орындауды талап ететіндей болуы керек.
Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке, өзін-өзі ұстай білушілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтінін атап айтқан.
А.С.Макаренко; «Ойынның адам өміріндегі маңызы зор, ол енбекке даярлық болып табылады және бірте-бірте еңбекке ұласуы тиісің деп атап көрсеткен болатын. Дегенмен ойындар әдетте тәрбие мақсаттары үшін әлі де жеткілікті дәрежеде қолданылып келе жатыр деп айта алмаймыз. Шындап келгенде мектепке бару көптеген оқушылар үшін бұдан әрі ойнауды қойып, бірден елеулі іске - еңбекке, оқуға ауысатын шепке айналып кетеді. Мұғалімдер балаларға ұдайы «есею керектігін айтумен болады, ал ата-аналар бұл пікірге қосыла отырып, үйде де ойынға бөлінетін уақытты шектеуге тырысады. Бірақ балалар бұған қарамастан кез-келген бос уақытында: үзіліс кезінде, аула ішінде, үйде, жалғыз да, басқа балалармен бірге ойнайды. Ойындары да алуан түрлі: шығармашылық, стол үстілік, қимыдды болып келеді. Осы ойындардың көпшілігіне баланың өз тәжірибесі, оны қоршағын өмір, кітаптардың, кинофильмдердің мазмұны арқау болады.
Ойын балалардың жақын араласуына, олардың арасында байланыс орнауына, іштарту және жек көру сезімдерінің тууына мүмкіндік береді.
Ұжымдық ойындар балаларды топтастырады, олардың арасында жолдастық қарым-қатынастың қалыптасуына көмектеседі. Мұндай ойындар кезінде балалар өздерінің іс-қимылдарын ойынның басқа қатысушыларының іс-қимылдарымен келісіп алуға, оз жолдастарына әділ болу жөнінде ережелерді орындауға тиіс. Балалардың көптеген ойындарында: кім бәрінен де мерген, бәрінен де епті, бәрінен де тез дейтін бәсекелі элементтер бар. Ойында біреулері жеңсе, енді біреулері жеңіледі. Мұндай жағдайлар тәрбиесінің бірінші сынып оқушыларының ұтылғанда да, ұтқанда да әлпетті болып қалыптастыруына мүмкіндік туғызады, ол ізгілікке, жолдасына көмектесіп, оған әлі жасай білмейтінін үйреткісі келетін тілекке негізделеді.
Балалардың ойындары рольдерді, ойыншықтарды, материалдарды бөлісуден, кезекшілік белгілеуден, т.б. басталады. Бір рольдер қызықтырақ, ал енді біреулерінің қызығы шамалырақ болады; ойыншықтардың ойнаушылардың санынан аз болатыны да кездеседі, сондықтан әркімге өз кезегін күтуге тура келеді. Балалардың адамгершілік сапасы міне, нақ осы арада көрінеді. Әйткені бөлісудің әділ болуы немесе күш, айлакерлік принципіне негізделген әділетсіз болуы мүмкін ғой. Ойын үстінде мінез нормалары, ненің жақсы, ненің жаман екені, қандай жолдастың жақсы, қандай жолдастың жаман екені туралы түсінік қалыптасады.
Ойындардың мазмұны адамгершілікті болуы керек, яғни оларда қоғамдық өмірдегі оқиғалардан, адамдардың өзара қарым-қатынастарынан, еңбегі мен демалысынан байқалған жайттар көрінеді.
Ойнаушы топтар 4-5 адамнан, ал командалық ойындарда 8-10 адамнан құрылғаны дұрыс. Топтарда адам санының аздығы балалардың бір-бірімен белсенді өзара қарым-қатынас жасауына; жолдастық пен әділеттілік сезімдерін білдіруіне, ойында басқаларды өздереіне көндіруіне және өзінің де жолдастарының айтқандарын істеуіне мүмкіндік береді.
Ойнайтын топтар балалардың тілегі бойынша құрылса, біздер олардың өзара қарым-қатынастарын анықтай аламыз. Кей балалар басқалармен де ойнауға құмар келеді. Бірақ басқа балалармен ойнай алмайтын немесе ойнағысы келмейтін де балалар бар. Ешкіммен де ойнағысы келмейтін балаларға ересек адамдар тарапынан айрықша қолдау көрсетілуі қажет. Ондайларды ойынға қосу - міндеттердің бірі.
Мұғалімнің міндеті - ойнап жүрген балаларды мұқият байқап, олардың адамгершілік деңгейін анықтау, сөйтіп дұрыс гуманистік қарым-қатынастарды қалыптастыруға белсенді ықпал жасау. Бұл үшін ұялшақ, жүрексінгіш балалардың өздеріне жолдастар табуына көмектесу, балалардың ойындағы алғашқы жетістіктерін, олардың көрсеткен жолдастық қарым-қатынастарын бағалап отыру керек.
Тәрбиеші әр бала үшін оған жақсы ықпал ететіндей ойнаушылар тобын табуға тиіс. Міне, сонда ойын балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің пәрменді құралына айналады.
Төменде бастауыш сыныпта өткізуге мүмкін кейбір ойындарды ұсынамыз:
«Сыпайылар қаласың. Бұл ойынды оқу жылының аяғында өткізуге болады; онда бабалардың жыл бойына үлгергендерін қорытындылауға мүмкіндік болады. Ол үшін оқудан тыс күн бөлінеді. Бұл күрделі ойын. Балалардың қоғамдық жерлердегі (дүкен, автобус) мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, жұмыстағы. Ойындардағы жолдастық ережелерін білуге тиіс.
Мектеп ойын өтетін кезде қалаға айналдырылады. Онда "почта", "дүкені", "кинотеатр", "стадион" болады. Ойнаушылар қалада кім қандай қызмет атқаратыны жөнінде рольдерді өзара бөліседі. Ойынға қатысушылардың бәрі «қаланың тұрғындары болады, ал бір бөлігі жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттерін атқарады. Бұлар "сатушылар", "шеберлер", "киномеханиктер", "кассирлер", "бақылаушылар" т.б. Әр ойыншының "ақшасы" мен қатырма қағаз жетондары болады, олар "қаладағы" тәртіп ережесі бұзылған жағдайда қайтып алынады.
Ойынның басталғаны туралы белгі берілісімен «қалада барлық "мекемелер", "стадион", "дүкендер" ашылады. Мысалы, кішкене "Жасұлан" кинотеатрын ұйымдастырып, онда да фильмдер көруге болады. Бұл үшін сеанс басталғанға дейін келіп, билет сатып алып, өз орынан барып отыру керек. "Ойыншықтар фабрикасында" бір топ жұмысшылар жартылай фабрикаттардан (қағаз, желім, қылқаламдар) дайын бұйымдар жасайды. "Почтада" хаттар жазып, бір-біріне сол жерде жөнелту керек, "хат тасушы" оларды көрсетілген балаға табыс етеді. "Дүкеннен" қайсыбір затты сатып алу қажет, т.б.
Барлық жерде сыпайылық ережелерін орындау, ұрысып-керіспеу, ұйымшылдықпен жұмыс істей білу, жолдастарға бөгет болмау, басқаларға көмектесу қажет. Кімде-кім сыпайылық пен жолдастық ережелерін бұзса, ондайлар "айып" төлейді (қатырма қағаз жетонын қолынан береді). Ойын аяқталғанда мұғалім сыпайылық ережелерін бір де рет бұзбаған балалардың есімін атайды.
"Жануарлар саябағы" ойыны. Бұл ойынның танымдық мәні бар. Балалар шағын топтарға бірігеді, әр топ өздерінің "жануарлар бағын" ұйымдастырады. Балалар бақта қандай жануарлар болатынын, оларды қандай матеиалдардан бейнелеу, олардың орынын неден істеу керектігін, кімнің «экскурсия жетекшісің болатынын келісіп алады. Жұмыс кезінде балалар кеңеседі, ортақ шешімге келеді. Олар түрлі жануарлардың суретін салады, мүсінін пластилиннен жасайды, мұның үстіне балалар осы жануарлар қай жерлерді мекендейтінін, немен қоректенетінін, адамға қандай пайдасы бар екенін өзгелерге әңгімелей білуге тиіс.
Ойынға бәрі дайын болғанда балалар топтары бір-біріне экскурсияға
барады. "Экскурсия жетекшілері" жануарлар туралы әңгімелейді, экскурсияға
келгендер сұрақтар қояды. Егер оған "экскурсия жетекшісінің " өзі жауап
қайтара алмаса, ол мұның жауаптарын кітаптардан табуға, ересек
адамдардан сұрап білуге тырысуға міндетті.
Ойын үшін түрлі жануарлар бейнеленген картиналар, пластилин, түрлі түсті және ақ қағаз, кілем, қылқалам, қалам, текшелер керек.
Бастауыш сынып оқушылары үшін мұндай ойындарды көптеп ойлап табуға болады. Ойын бұған уақытымен жағдайлары бар балалардың талап-тілегі мен ерекшеліктеріне қарай мұғалімнің қалауы бойынша таңдап алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |