Курстық жұмыстын міндеттері



бет4/10
Дата06.07.2022
өлшемі232.5 Kb.
#459618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-synyp-oqushylaryna-adamgershilik-tarbiesin-qalyptastyru

Әдеп және тазалық
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық, әдептілік
    қасиеттерін сіңіру.

  2. Тазалық, сенім, иман ұғымдарын қалыптастыру.

Әдісі: репродуктивті, эвристикалык, проблемалық,ъ
Көрнекілігі: кесте.
Бұл сабақтың өзгешілігі әр этап бойынша тірек сұрақтары қойылып отырады.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру. 2-3 минут.
II. Оқушы білімін жан-жақты тексеру. 5-8 минут.
Иманды адам қандай мақсатка жетеді?

  1. Өзі иманды адам басқаға жамандық жасамайды.

  2. Иманды пенде шыққан түбін біледі, яғни Алланың жаратқанын біледі. Ол өзінің үстазын да, ата-анасын да, жүрген ортасын да сыйлайды. Сыйлы ды болады.

  3. Ондай пенде екіжүзді болмайды. Жалған сөйлеу және жалған ант екіжүзділіктің нәтижесі деуге болады.

  4. Қоғамға, Отанға пайдалы, білімді бола аламыз.

  5. Мұндай балалардан келешекте халыққа пайдалы адам шығады.

  6. Осы айтылғандарды менгерген бала ұлық болады, бірақ кішік.
    Мансапқор болмайды.

III. Оқушыны біліміді саналы меңгеруге дайындау. 5-7 минут.

  • Балалар, алдымен бір жақсылықты кімге жасау керек?

  • Өзіме.

  • Үй-ішіме.

  • Тутан-туыс, көршіме. Кешег, туған ауылыма.

- Отаныма, Қазақстанға, яғни оның табиғатын, шекарасын қорғауға. Мұғалім:
- Дұрыс-ақ. Олай болса, қолымыздағы 5 саусақты салалап көрелік:
1. Жан. 2. Тән. 3. Рух. 4. Ақыл. 5. Көңіл.
IV. Жана матеиалды түсіндіру. 7-10 минут.
- Біздің бүгінгі сабағымызда жан мен тәнге қажет "Тазалық және әдеп"
деген жаңа тақырыпты оқып үйренеміз".
Күн ретін, тақырыпты жаздыру.

Әдепті бала болу үшін не істеу керек? і. Тазалықты үйрену.

  1. Иманды болу.

  2. Қайырымды болу.

V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру. 10 минут.
1. Тазалық деген не?
Тазалық дегеніміз адам өз денесін, киген киімін, жүрген жерін, отырған орнын таза ұстау.
2. Иман деген не?
Иман — сенім.
Неге сенеді?

  1. Аллаға.

  2. Періштеге.

  3. Пайғамбарға.

  4. Құран-кәрімге.

  5. Ақірет күннің бар екеніне.

  6. Өліп-тірілуге.

  7. Осының бәрі де бір Алладан.

3. Әдеп деген не?
Әдеп деген тек жақсылыққа тәрбелеу.
VI. Білімді бекіту. 2-5 минут.
Осы айтылғандарға діннің қатысы бар ма?
Имансыз деген дінсіз. Дінсіз деген өзіне-өзі сенбеген адамнан еш опа болмайды. Одан ұры да, қанішер, жауыз да, адамға да, қоғамға да пайдасыз ұрпақ шығады.
VII. Үйге тапсырма. 2-минуг.
Тазалық және әдепті оқып келу.
Имандылық жолы, яғни имандылық, тәрбиені тек діни қағидалар деп түсіну – қате. Ислам біздің тарихымызбен, наным-сенімімізбен, мәдениеттілік, әдебиет, дүниетанымдарымызбен тығыз бірдікте болады.
Мұндай сабақтарды өткізу жақсы-жаманды ажыратуды, ойлаған масқатын орындауды, ой-пиғыл тазалығымен болашаққа сену арқылы бала зердесіне тоқуға мүмкіндік жасайды.
Сонымен, оқу пәндері бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде ерекше орын алады екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет