БҰЛАЙ ЕМЕС
БҰЛ КЕЙДЕ ОСЫЛАЙ
БҰЛ СОЛАЙ
(ӘРҚАШАН)
Бұл ойын балалардың моральдық нормалар жөніндегі білімдерін тексеруге, толықтыруға көмектеседі.
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: "ӘДЕПТІБАЛА - АРЛЫБАЛА"
Сабақтың мақсаты: Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, әдеп, тәртіп туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: "Жақсы қасиетке үйрету, жаман қасиеттерден жиренту арқылы адамгершілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Түрлі-түсті суреттер, Абайдың портреті, буклет, нақыл сөздер:
"Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар",
"Бір жылы сөз — бір күнге азық",
Абайдың "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңі магнитофонда.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім:
- Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы - адамгершілік. Ата-ананың тілегі - сенің жақсы адам, азамат болуың, сенің Отан сүйгіштігің, оқу мен еңбектегі таныстарын ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-ана алдында шыншыл бол. Өзің үлкеннің ақыл-кеңесін тында. Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол.
Бойында осындай қасиеттер бар баланы біз қандай бала дейміз?
Оқушылар:
- Әдепті, тәртіпті бала дейміз.
Мұғалім:
- Тәртіптілік, ең алдымен, мектеп ережесін қатаң сактаудан басталады. Егер сен бала кезіңнен тәртіпті, әдепті бала болып өссең, есейе келе ата-анана, өз Отаныңның мақтанышы боласың.
Ақын Е.Өтетілеуов:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз - талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан - деген.
Біз осы әдептілік жақсы қасиеттер туралы қай сабақта оқып таныстық?
Оқушылар:
- "Ана тілі" сабығында.
Мұғалім:
- Дұрыс. Ана тілі сабағында өтілген тақырыптарда алған түсініктері бойынша қандай нәрселерді жақсы деп түсінесіңдер?
Оқушылар:
- Үлкенді сыйлау, көмек көрсету, кішіпейіл болу, жаман сөз айтпау, ұрлық істемеу, өтірік, өсектен, темекі тартудан аулақ болу т.б.
Мұғалім:
- Ал, енді қандай қасиеттерді жаман деп түсінесіңдер? Ол туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Қандай тақпақ білесіңдер?
Оқушылар:
- Өтірік, өсек, еріншек, айтқан сөзінде тұрмау т.б.
Мұғалім:
- Біз қандай да бір көңілімізге ұнаған жақсы нәрсені әдемі дейміз? Жаңағы әдептілік туралы айтқан сөздердің барлығы жақсы сөздер. Ендеше, әдептілік те әдемілік екен.
Ал, балалар! Әдептілікті өздерің қалай түсінесіңдер?
Бұдан әрі балалар әдептілік, жақсы мінез-құлық туралы жаттаған өлең-тақпақтарын айтады.
Оқушы:
- Дұрыс сәлемдесе білу де мәдениеттіліктің белгісі.
Мұғалім:
- Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдар, үлкен кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?
Барлығы:
"Сәлеметсіз бе?" деу керек.
Оқушы:
Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатса, оған не деу керек?
Барлығы:
- "Көмектесейік" деу керек.
Оқушы:
Байқаусызда біреумен қақтығысып қалсаң, оған сөз айтсан не деу керек?
Барлығы;
Оқушы:
- Апаң сенің базардан
Достарыңызбен бөлісу: |