Курстық жұмыстын міндеттері



бет10/10
Дата06.07.2022
өлшемі232.5 Kb.
#459618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-synyp-oqushylaryna-adamgershilik-tarbiesin-qalyptastyru

Қорытынды
Сонымен адамгершілік тәрбиесі мектептегі, бастауыш сыныптардағы тәрбие жүйесінің басты бөлігі болып табылады.
Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі балалардың адамгершілік көзқарастары мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан біздің алдымызда әрқашанда балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру міндеті тұрғаны тиіс.
-Бітіру жұмысында біз сабақтар үстінде (еңбек, ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, әдеп) мектеп оқушыларының бірлескен іс-қимылдары мен тиісті адамгершілік қарым-қатынастарын ұйымдастырудың жолдарын көрсеттік.
Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыс кезіндегі ойындар, әдептілік әңгімелері, тәрбие саптары адамгершілік тәрбие берудің зор мүмкіндіктері болып табылады.
Біздің елімізде адамгершілік тәрбие берудің басты міндеті Қазақстан Республикасының елдігін, егемендігін сақтап, нығайтатын, бойына ізгілік, қарапайымдылық, отансүйгіштік, имандылық қасиеттерді дарытқан ұлы қазақ азаматтарын тәрбиелеу.
Осыдан адамгершілік тәрбие берудің маңызын арттыратын басты ұстанымдарға тоқталсақ:

  1. Адамгершілік тәрбие беру жүйесінің қалыптасуына ден қою. Бұл жолда әсіресе, ата-бабалар дәстүріне сүйенудің маңызы зор.

  2. Адамгершілікке тәрбиелеу жұмысын барлық тәрбие мекемелерінде өзара үйлесімділікпен жүргізу, (мектеп, мәдениет ошақтары, т.б.).

  3. Бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары азаматтық қатынастарын
    қалыптастыру. Мұғалім – оқушы бойына адамгершілік ұрығын себуші.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Әбдіразақов Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі. Шымкент.
    1994ж.

  2. Әбдіразақов Е. Халықтық педагогика. Шымкент.1990ж.

  3. Әбдіразақов Е. "Ақыл-ой, парасат тәрбиесі" Шымкент қаласы.1994ж.

  4. Қайров И.А., Богданов О.С. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. Алматы "Мектеп" 1988ж.

  5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана.1988ж.

  6. Сағындықұлы Е. "Педагогика" Алматы.1999ж.

  7. Ушинский К.Д. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері. "Алматы".1999ж.

  8. Мүрсалімова У. "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ". А.-1998ж.

  9. Халметова Т. Адамгершілікке баулу - тәрбиеден. "Қазақстан мектебі" 2001ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет