Курстық жұмыстын міндеттері


Тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы Мақсаты



бет8/10
Дата06.07.2022
өлшемі232.5 Kb.
#459618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-synyp-oqushylaryna-adamgershilik-tarbiesin-qalyptastyru

Тақырыбы: «Әдептілік – тәрбие бастауы
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайышылыққа, кішіпейілділікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттерден аулақ болуғатәрбиелеу.

  1. Адам бойндағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп
    әліппесін бойына дарыту.

  2. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

  1. Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер.

а) «Жаман жолдас
ә) «Үлкенді құрметтеуі. «Кішіге қамкорлығы»
б) «Автобус ішіндегі бала
в) «еңбек түрлері туралы суреттері, «құстарды атпауы т.б.
2. Өсиет-мақалдар:
а) әдепті бала – арлы бала,
әдепсіз бала -сорлы бала.
ә) жаманға айтқан ақылың,
далаға атқан оқпен тең.
б) әдептілік ар-ұят,
Тұрпайы мінез тағы жат.
3. Қүпия хаттармен жұмыс.
Тәрбие сағаттарының барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Әдептілік, адамгершілік туралы әнгімелей отырып, мынандай сұрақтар қою:
- Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесің?
- Әдепті бала қандай деп ойлайсың?
- Әдепті бала болғың келе ме?
- Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? Әдепсіз бала қандай болады?
- Әдептілікке бізді кімдер үйретеді? Балалар жауап береді:
- Адам бойында жықсы, жаман қасиеттер болады. Әдептілік деп, қарапайым, кішіпейіл, шыншыл, адалдық қасиеттердің жиынтығы.
- Адам болатын бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдептілікті, ақылдылықты бізге үлкенлер үйретеді. Ол - біздің аналарымыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата-баба салт, әдеттерін үйренеміз.
Әдепті, ақылды бала қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық. (Оқушылар кезекпен айтады).

  1. Ата-ананың тілегі.

Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
Ұрыс пен керіс, айқай-шу.
Ұстамды бала маңынан.
Ұнамды қылық байқайсың.

III. Сұрақ-жауаптар.



  1. Суреттер бойынша әңгімелеу. Адамгершілік, сыпайылық қарым-қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.

  2. «Жалғастыру ойыны. «Не істеуге болмайды. Осы сөздер үлкен етіп жазылып, көрсетіледі. Мұғалім басты сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.

а) Үлкендердің ақылынан кесіп өтуге болмайды.
ә) Кішкене баланы - жылатуға болмайды.
б) Құстарды - атуға болмайды.
в) Қыз баланы - ренжітуге болмайды.
г) Сабақтан - кешігуге болмайды.
д) Сыныпта - айқайлауға болмайды. т.с.с. жалғастырып айтады
«Не істеу керектігі жазылып көрсетіледі. Бұл да сол сияқты жүргізіледі:
а) Үлкен кісіні - сыйлау керек.
ә) Үлкеннің тілін алу керек.
б) Үлкендерге сәлем беру керек.
в) Кішілерге - қамқор болуы керек.
г) Аналарды, апаларды - сыйлау керек.
ғ) Оқу құралдарын күтіп ұстау керек. т.с.с айтылады.
3. Адамгершілік, сыйпайылық туралы сұрақтар қойып, жауабын тыңдау. - Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Қонақ келгенде бала не істеу керек?
- Мектепте, сынып ішінде бала қалай жүру керек?
- Автобусқа мінгеңде не істеу керек?
- Телефонмен сөйлескенде ше?
Жауаптары айтылады.
4. «Құпия хаттарға жауап беру.
Құпия хаттарды қатар қойып, біреуі келіп, ашып, дауыстап оқып, жауабын ойланып айтады.

Қосымша 1


Ойынның өту барысы:

  1. Мұғалім барлық карточкаларды араластырып таратады. Карточка біреуге көп, екіншісіне аз тиюі мүмкін. Бұл ештеңе етпейді.

  2. Бір-бірімен ақылдаспай әрқайсысы өз карточкасында не жазылғанын
    оқиды да, оның әрқайсысын өз тиісті орнына жазуын жоғары қаратып
    қояды. Мысалы бір карточкада «Үлкен адамның алдын кесіп өтпейсің
    деп жазылған. Егер оқушы бұл айтылғанмен әрқашан келісетін болса,
    онда ол карточканы орталық алаңға, келіспесе өзге алаңдарға қояды.

  3. Барлық оқушылар карточкаларын қойып болғаннан кейін, тағы да өзгелермен ақылдаспай өзгелер қойған карточкаларды көріп шығады.
    Егер біреу карточка дұрыс қойылмаған деп есептесе, оның жазуын
    теріс қаратып қояды.

  4. Бұл кезең аяқталған соң нәтижені талдаймыз. Теріс аударылмаған
    карточкалар бүкіл сыныптың пікірін білдіреді.

  5. Келесі кезең – теріс аударылған әрбір карточканы талдау. Сынып бұл карточканы осы алаңға кім қойғанын, ол кім теріс аударғанын
    анықтайды. Одан соң бұл карточка шын мәнінде қайда тұруы керек
    екендігі анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет