Морфологиялық ерекшеліктері. Қара бидай қоңырбастар (Poaceae) тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді. Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай – төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады
Тамыр жүйесі. Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақты, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топыраққа 1,0-1,5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде өте үлкен рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін (екіншілік) тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ-климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді.
Күздік бидайдың тұқымы, жаздың бидай сияқты, +1-2°С жылылықта өне бастайды, бірақ жаппай өнуі +12-15°С температурада жүреді. Бұл жағдайда егін көгі 6-9 тәулікте пайда болады. Мысалы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының тәжірибелерінде күздік бидай көгі орташа төуліктік ауаның 18,6°С температурасында бес тәулік те, ал 15,9 және 12,8°С болғанда (себу мерзіміне байланысты) тиісінше б.жөне 8 тәулікте пайда болды. Өсімдіктің көктемгі оянуы 3-4°С жылылықта басталады, алайда өсіп-дамуына қолайлы жылылық 12-15°С. Қысқы, көктемгі төменгі температура мен оның күрт өзгеруіне күздік бидай өте сезімтал. Қар қабаты болмағанда түптену түйінінде -16-18°Стемпературада өсімдік опат болады, 20 см қар қабаты -30°С аязға, ал 30-60 см -40°С аязға төтеп береді.
Күздік бидай күзде және көктемде +2-4°С жылылықта түптене бастайды, бірақ қолайлы жылылық +12-14°С. Солтүстік Қазақстан аймагында қолайлы мерзімде себілгенде 9-20 күннен кейін негізгі сабаққа қоса 2-3 қосымша өркендер қалыптастырады және бұл кезең 30-35 күнге созылады. Жекелеген жағдайларда, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда, өсімдіктер түптеніп үлгермей, қысқы тыныштық күйге кетеді. Күздік бидайдың түптену қарқыны мен ұзақтығы температураға, топырақтағы ылғал мен қоректік заттар қорына, оттегінің жеңіл енуіне, қыстап шыққан өсімдік күйіне байланысты өзгереді де, орта есеппен 30-35 күнге созылады. Қолайлы температура түптену кезеңінде +15-16°С, масақтануда +18-20°С, гүлдену мен пісіп жетілу кезеңдерінде 20-25°С.
Күздік бидайдың көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор. Ф.Н. Пруцков пен И.П.Осиповтың (1990) деректері бойынша, себу қарсаңында топырақтың 0-10 см қабатындағы тиімді ылғал қоры 10 мм артық болса, онда өсімдіктердің өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңі қолайлы жағдайда өтетіндігінің сенімді көрсеткіші, 10 мм аз болса, егін көгінің пайда болуы жауын-шашынға байланысты, ал 5 мм төмен болса — егін көгінің толықтығы төмендейді де, өсімдіктер дамуының алғашқы кезеңінде-ақ опат болуы ықтимал. Күзгі ылғал жетімсіздігінде қалыптасқан тамыр жүйесі нашар дамиды, көмірсутектері (қанттар) аз жинақталады, егістік нашар қыстап, көктемде әлсіреп шығады, оның үстіне көктемгі ылғал қорын тиімді пайдалана алмайды да нәтижесінде егін өнімі азаяды.
Қалыпты қыстап шығу жағдайында күздік бидай көктемгі тірілу кезеңінен масақтануға дейін барлық қажетті ылғал мөлшерінің 70%, гүлдену балауызданып пісу кезеңінде 20% дейінгі мөлшерін сіңіреді. Бұл дақылға қолайлы топырақ ылғалдылығы 60 см қабатта ТДЫ-тың 70-75%. Күздік бидайдың транспирация коэффициенті -460-500.
Күздік дәнді дақылдардың ішінде бидайдың топыраққа қажетсінуі барынша жоғары. Ол мол өнімді арам-шөптерден таза, құнарлы әрі ылғалды қара топырақтар мен қоңыр топырақтарда қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік бидайға жарамайды. Оған кектемде су жиналып қалмайтын және өсімдіктердің езіліп кетуін болдырмайтын тегіс танаптарды таңдап алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |