Күздік дақылдар



бет7/7
Дата03.09.2023
өлшемі1.96 Mb.
#476439
1   2   3   4   5   6   7
Күздік бидай

Күздік қара бидайдың астыққа өсіру технологиясы.Ауыспалы егістіктегі орны. Күздік кара бидай қолайсыз жағдайларға төзімділігінің арқасында, күздік бидайға қарағанда, көптеген алғы дақылдардан кейін егіле береді. Ылғал жеткілікті аудандарда оны екпе сүрі жерлерге себеді-ас бұршағы, сиыр жоңышқа мен сұлы қоспасы, картоп ж.б. Құмдауыт, жеңіл құрамды топырақтарда да екпе сүрі жерлерге себілген күздік қара бидай жоғары өнім түзеді. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтардың қуаңшылық жағдайларында екпе сүрі жерлердің екпе дақылдары толық жетіліп үлгермейтініне байланысты күздік қара бидайды таза сүрі жерге сепкен тиімді. Күздік қара бидай бір орынға қайтара сепкенде де жоғары өнім түзеді. Солтүстік Қазақстанның шаруашылықтарында күздік қара бидайды таза сүр танабына, дұрысы ықтырмалы сүрі танабына орналастырған абзал. Күздік қара бидай басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл: жүгеріге, картопқа, қант қызылшасы. Тыңайтқыш жүйесі.Күздік кара бидай тамыры 2 м тереңдікке дейін кететін, топырақ кұнарлылығын аса кажет етпейтін құмды, сазды жерлерде өсе беретін дақыл. Басқа күздік дақылдарға карағанда қуаңшылық пен аязға төзімді.Күздік кара бидайдың 1 тонна астығы және соған сәйкес мөлшердегі сабаны топырақтан шамамен 25-30 кг азот, 10-15 кг фосфор жене 20-25 кг калий пайдаланады. Қоректік заттарды түптену кезеңінен бастап түтіктену кезеңіне дейін өте көп мөлшерде қажет етеді.Топыраққа көңмен бірге фосфорит ұнын енгізген жақсы нәтиже береді, мұндай компост 10-15 тонна көңнен, 3-4 ц фосфорит ұнынан тұрады.

Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарындабидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Азот және фосфор тыңайтқыштары мөлшерінің көбейгенін сайын бидайдың түптенуі азаяды, бірақ егістегі сабақтар саны көбейеді. Сондықтан тұқым себу нормасы көбейген жағдайда тыңайтқыштардың дозасын азайтып, ал тыңайтқыштар көбейгенде, тұқым себу нормасын азайту керек. Егістікте себілетін тыңайтқыштардың түрі мен мөлшері себілген дақылға және топырақтың құнарлылығына байланысты. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы аудандарда күздік бидайды себу алдында топыраққа азот тыңайтқышы беріліп, өңделеді. Өнімді жинау тәсілі бидайдың биіктігі мен өсу жиілігіне, арам шөптердің түрлері мен олардың аз-көптігіне, сабақтың көлбеп жатып қалуына байланысты. Арам шөптері аз, жатып қалмаған, біркелкі пісіп жетілген астықты тікелей комбайнмен шауып бастырад



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет