Күздік дақылдар



бет4/7
Дата03.09.2023
өлшемі1.96 Mb.
#476439
1   2   3   4   5   6   7
Күздік бидай

Гүлдену кезеңі.Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлденуі масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7оС, ал барынша қолайлы ауа температурасы – 20-25оС. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың 75-80 % деңгейінде қалыптасады. Солтүстік Қазақстанда бір масақтың гүлденуіне 3-5 тәулік, ал бүкіл танап үшін – 5-7 тәулік қажет. Барынша жақсы гүлдену мен тозаңдану тәуліктің таңғы және кешкі сағаттарында өтеді. Гүлдену, тозаңдану, ұрықтану, зиготаның түзілуі мен эндоспермнің қалыптасуы органогенездің 9 – кезеңін қамтиды Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады
Күздік бидайдың қоршаған орта факторларына қажетсінуін қорытындылай келе мынаны көрсеткен жөн:
- барлық өсіп-даму кезеңдерінде топыраққа жоғары талап қояды – қара топырақтарда жақсы өседі, алайда күңгірт-қоңыр топырақтарда да өсіруге болады;
- вегетация кезеңінде күздік бидай жаздық бидайға қарағанда ылғалды көбірек шығындайды, бұл оның аталған кезеңнің ұзақтығына байланысты; барынша оңтайлы топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың (төменгі ылғалсиымдылықтың) 70-75 % мөлшерінде деп есептеледі; ылғалды өсу және даму кезеңдерінде пайдалану заңдылығы жаздық бидайға ұқсас;
- күздік бидайдың температуралық байқалатын өсу шекарасы 2-3-тен 37-40оС аралығы, алайда өсімдіктердің пәрменді өсу мен дамуына барынша қолайлысы – 20-25оС; танаптық жағдайда күздік бидайдың күзгі вегетациясы, түптенуді қоса есептегенде, 15оС-дан 3оС аралығында өтеді, басқаша айтқанда, оңтайлы шамадан төмен деген сөз; дегенмен төменгі температура өсімдіктердің дамуына оң әсер етеді; 2-10оС температурада күздік бидай түптену түйінінде бүкіл құрғақ затқа есептегенде 20-30 %-ға дейін қант жинақтайды, ал мұның өзі жасуша шырынының концентрациясын арттырады және жақсы қыстап шығуға мүмкіндік жасайды. Ашық күндер және қысқа кетерде температураның бірте-берте төмендеуі күздік бидайдың шынығуын жақсартады. Қысқы жылымық дақылдың аязға төзімділігін азайтады. Жақсы шыныққан күздік бидай өсімдіктері түптену түйіні орналасқан топырақ қабатының теріс 30оС температураны (аязды) көтере алады. Қыста қар қалың түскен жылдары (25 см және одан жоғары) күздік бидай 35оС дейінгі аязға шыдайды, өйткені қардың астындағы температура үстіндегіге қарағанда 10-15оС жоғары, әрі қар қабаты күздік бидайды көктемгі үсіп және кеуіп кетуден сақтайды. Қар қабаты болмағанда күздік бидай түптену түйініндегі – 16-18оС аяздың өзінен үсіп кетеді.
Қазақстан Республикасында, әсіресе Солтүстік Қазақстан жағдайында күздік бидай негізінен көктемгі қардың еру кезеңінде, әсіресе қары аз қыста, опат болады; бұл уақытта өсімдіктердің жапырақтары тіршілігін бастап, ылғалды буландыра бастайды, бірақ тамыр жүйесі топырақтың тоң қабатында әлі тыныштық күйде болатындықтан жапырақтарға ешқандай көмек жасай алмайды; өсімдіктер тез әлсірейді де түнгі 12-14оС аяздан опат болады; күздік бидай қолайлы қыстап шығу жағдайында көктемгі тіршілігінің басынан масақтануға дейін барлық қажетті ылғалдың 70 %, гүлденуден балауызданып пісуге дейін – 20 % шығындайды; топырақтың 60 см қабатындағы оңтайлы ылғал мөлшері ТЫС-тың 70-75 %, дақылдың транспирациялық коэффициенті – 460-500.
- Күздік астық дақылдарының ішінде күздік бидай топырақтарға барынша жоғары талап қояды; ол жоғары астық өнімін құнарлы, арамшөптерден таза, ылғалды қара және күңгірт-қоңыр топырақтарда қамтамасыз етеді; оған батпақтанған топырақтар жарамсыз; оған тегіс бетті, шұңқырларсыз танаптарды таңдайды – көктемде су жиналмайтын және өсімдіктердің тұншықпауы қаперге алынады. Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық күйін қоса есептегенде) 180-310 күн аралығында өзгереді.
- Күздік бидайдың опат болу себептері: өсімдіктердің үсіп кетуінен (күзгі нашар дамуынан, қар қабатының төмендеуінен температураның күрт өзгеруінен ж.б.); ойпаң жерлерде судың артық мөлшерінен тыныс алу ережесінің бұзылуынан өсімдіктердің тұшығуы; түптену түйінінің топырақ бетіне шығып қалуынан (өсімдіктер әлсіреуінен); топырақ бетіне мұз қабыршақтарының пайда болуынан (ұзақ жылымықтан кейін күннің күрт суытуынан өсімдіктер мұздың бетіне жабысады да механикалық жарақаттар алады) т.б.
Күздік бидайдың өсіп-дамуы екі кезеңде өтеді: біріншісі күзде, себуден тұрақты бозқырауға дейін және екіншісі көктемгі тірілуінен басталып, дәннің пісіп және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ беті қарқынды дамиды. Күзгі салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарда қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жинақталады.
Өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйде болады. Күздік бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік ұлпаларындағы судың мөлшері көп өсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің құрып кетуіне әкеліп соғады: жасушаларда судың артық мөлшері мұз кристалдарының түзілуіне ықпал жасайды, бұл ұлпалар үшін өте қауіпті, ал су жетімсіздігі — протоплазма биоколлоидтарының коагуляциясына ұрындырады да, өсімдіктер құрып кетеді. Өсімдіктердің қыстап шығу кезеңіндегі құрамды қолайсыз жағдайларға төтеп беруі оның қысқа төзімділігі, ал өсімдіктердің төменгі теріс температураға төтеп беруі аязға төзімділігі деп аталады.
Өсімдіктердің үсіп кетуіне қарсы барынша тиімді шараларға аязға төзімді сорттарды пайдалану, фосфор, калий тыңайтқышын енгізу, мерзімінде себу, тұқымды тереңірек сіңіру, ықтырма көмегімен қар тоқтату, т.б. жатады. Күздік бидайды солып қалудан сақтандыру үшін қар қабатын тығыздаған дұрыс, бұл жағдайда топырақ тезірек қатады да, өсімдіктің пластикалық заттары тыныс алуға аз шығындалады: тым ерте жиі себу мен үстеп қоректендіру азоттың артық мөлшерін қолданудан, т.б. сақтану қажет. Түптену түйіндері мен тамырлардың топырақ бетіне шығып қалмауына тұқымды ТУР препаратымен өңдеп тереңірек сіңіру және себу мен себуден кейін топырақты ЗККШ-6А катогымен тығыздау жақсы көмектеседі. А.В.Артюшенко мен О.Г.Артюшенконың пікірінше, Қостанай облысы жағдайында күздік бидайдың жойылып кетуі қыстың қолайсыз жағдайларымен емес, негізінен ерте көктемнен бастап өсімдік ылғалды буландыра бастайды, ал тамыр жүйесі әлі топырақтың тоң қабатында жатады да, ылғалмен қамтамасыз етіп үлгермейді. Соның нәтижесінде өсімдіктер әлсірейді де, түнгі аяздың әсерінен (-12-14°С) опат болады. Сондықтан қар қабатын жасай отырып өсімдіктің ерте көктемде өсуін кешеуілдетудің маңызы зор.
Күздік бидай жоғары өнімділіктің дақылы ретінде өзінің биологиялық потенциялын құнарлы топырақтарда және жақсы алғы дақылдарда іске асырады. Сондықтан оны өсіргенде жергілікті жердің топырақ-климат ерекшеліктері мен жер пайдалану аумағының бедеріне (рельефіне) ерекше көңіл бөлу қажет. Оны нашар ылғалданған, арамшөптермен ластанған және құнарлығы төмен топырақтарда орналастыруға болмайды. Оның егістігі үшін тек қана тегіс бедерлі жерлер емес, сонымен қатар көктемде су жиналып қалмайтын және өсімдіктердің тұншығуына жол берілмейтін, ой-шұңқыры жоқ аздаған еңкіш жерлер де жарамды. Негізінен күздік бидайды табиғи қар тоқтайтын, наурыз айында қардың қалыңдығы 40 см болатын танаптарда өсірген абзал.
Күздік бидай өсіру жоспарланғанда, учаскені таңдауда жер пайдалану аумағында қысқы ылғалдың (қардың) бөлінуін көрсетіп жасалған картограмманы негізге алу керек, басқаша айтқанда топырақтың қысқы жауын-шашынмен қамтамасыз етілуіне сәйкес егістік аумағын жоспарлайды. Агроландшафтық қар тоқтату картограммасын белгілі бір жер пайдалану аумағы үшін сол аймақтағы ғылыми мекемелер жасай алады. Күздік бидай егістігіне арналған алқаптар әдетте жартылай иілген қыраттың су жайылатын жел жағында орналастырады. Аталған аймақта мұндай топырақтар ылғалмен барынша жоғары деңгейде қамтамасыз етілген және құнарлылық потенциалы да жоғары.
Көпжылдық зерттеулер көрсеткендей, мұндай агроландшафтарда орналасқан танаптарда қар 10-12 тәулік кеш ериді. Қардың баяу еруі яғни сулардың топыраққа кеш сіңуі мен босқа ағып кетпеуіне алғышарт жасайды. Қорытындысында мұндай агроландшафтарға себілген күздік бидай тіпті нашар қалыптасып дамыған ықтырманың өзінде қармен біркелкі жабылады және ойдағыдай қыстап шығады.
Қардың еріп кетуін бір-екі аптаға кешеуілдетудің нәтижесінде бидайдың көктемгі тіршілік үрдісі кешірек басталады да қайталанатын көктемгі суықтың теріс әсерінен құтылады.
Күздік қара бидай – маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның дәнінде толыққұнды белоктар, көмірсулары, майлар, өте бағалы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптофан), сонымен қатар А, В1, В2, Е, РР дәрумендері ж.б. элементтер бар, олар адамзат тіршілігінде өте маңызды.
Қара бидай ұнынан әртүрлі нан сорттарын пісіреді, олар жоғары қоректілігімен, жақсы дәмдік сапасымен, хош иістілігімен ерекшеленеді. Ол техникалық және мал азықтық мақсаттарға да пайдаланылады, арамшөптерден танапты жақсы тазартатын дақыл, әрі бірқатар екпе дақылдарға жақсы алғы дақыл.
Қазақстанда 2009 жылы күздік қара бидайдың егістік ауданы 59,8 мың га, ал астық өнімі 13,1 ц/га болды. Оның негізгі алқаптары СҚО, ШҚО, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған, оларда астық өнімі 10,8-17,2 ц/га аралығында. Әлеуетті астық өнімі - 18-20 дан 50-70 ц/га дейін. Өндірістік жағдайда бұл дақылдың астық өнімінің төмендігі оның өсіру технологиясының жетілдірілмегендігінде (тыңайтқыш қажетті деңгейде енгізілмейді, нашар алғы дақылдан кейін орналастырылады ж.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет