Күздік бидай азық-түліктік маңызы жағынан жаздық бидайға теңесе отырып, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді: ол күзгі-қысқы және ерте көктемгі ылғал мен қоректік заттарды тиімді пайдаланады, топырақты эрозиядан қорғайды, арамшөптермен жақсы күреседі, аурулармен аз залалданады, астық сұр көбелегінің жарақаттайтын кезеңінен өтіп кетеді, ұйымдастыру-шаруашылық жағынан өте бағалы және анағұрлым өнімді. Биологиялық ерекшеліктері. Күздік бидайдың өсіп-дамуы екі кезеңде өтеді: біріншісі күзде, себуден тұрақты бозқырауға дейін және екіншісі көктемгі тірілуінен басталып, дәннің пісіп және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ беті қарқынды дамиды. Күзгі салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарда қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жинақталады. Бидайдың тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйінтамырларынан құралған Сабағы – сабан (буынаралықтары 5-8), буынаралықтарының саны жапырақсанына сәйкес келеді. Сабаны қуысты, алайда қатты бидайда масақ асты паренхима жасушаларымен толтырылған, сондықтан тамырында тұрыпқалғандабүтін масақпен сынып кетуі мүмкін. Жапырақтары – сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың (қынының) тақтаға ауысар жерінде тілше (түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады. Ылғал сүйгіш формаларында, сонымен қатар көптеген қатты бидайларда жапырақтары ірі, құрғақшылыққа төзімділерінде – ұсақ болып келеді. Жаздық бидайда екі түрлі жапырақтар ажыратылады: тамыр түбі жапырақтары және сабақтық жапырақтар. Тамыр түбі жапырақтары жер асты түйіндерінен түзіледі, олардың саны 4-5, ал сабақтық-жер үсті бөлігінде қалыптасады. Тамыр түбі жапырақтары қорлық қоректік заттарды жинақтаушы қызметін атқарады да кейіннен тамыр жүйесінің дамуы мен масақтың түзілуіне шығындалады. Гүл шоғыры - масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы білігінің бір Жемісі – дән, ол үш бөліктен - қабақ, эндосперм және ұрықтан – құрылған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді. тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді (3-5 гүлден тұрады). Агрономның міндеті – мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |