•
ҚР Үкіметі мен Словакия Республикасының Үкіметі арасындағы
ұйымдасқан қылмыс, терроризм, есірткі
заттарының заңсыз айналымына,
оларды шығаруға пайдаланылатын прекурсорлар мен химиялық заттар, ақыл
естен айыратын заттар, қылмыстың басқа түрлеріне де қарсы күрес туралы
ынтымақтастық келісім. (Братислав, 21 қараша 2007 жыл).
•
ҚР Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы расталуға
әрекет ұйымдасқан қылмыс, терроризм, есірткі заттарының заңсыз
айналымына, оларды шығаруға пайдаланылатын прекурсорлар мен
химиялық заттар, ақыл естен айыратын заттар, қылмыстың басқа түрлеріне
де қарсы күрес туралы ынтымақтастық келісім. (Астана, 5 шілде 2007
жыл).
•
ҚР Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі арасындағы
ұйымдасқан қылмыс, терроризм, есірткі заттарының заңсыз айналымына,
оларды шығаруға пайдаланылатын прекурсорлар мен химиялық заттар, ақыл
естен айыратын заттар, қылмыстың басқа түрлеріне де қарсы күрес туралы
ынтымақтастық келісім. (Каир, 12 наурыз 2007 жыл)., т.с.с.
2010 жылдың наурызында ҚР 2009 жылдың 28 тамызындағы №191-IV
«Терроризмді қаржыландыру және заңсыз жолмен келген табысты жария етуге
қарсы әрекет ету туралы» Заңы уәкілетті органдардың және басқа да
мемлекеттік органдардың заңсыз жолмен келген табысты жария етуге қарсы
әрекет саласында субъектілердің қаржылық мониторингіне құқықтық
қатынас,заңсыз алынған табысты жариялауға қарсы әрекеттерді жүргізетін
құқықтық негізді салып береді. Бұл Заңда «сыбайлас жемқорлық» сөзі
қолданылмайды, бірақ сөз кез-келген заңсыз келген табыс туралы.
Қазақстанның 2010 жылдың шілдесінде Кедендік Одаққа енгенін ескерсек,
Кедендік Одақ (Қазақстан сол Одаққа енген) комиссиясы 2010 жылдың 16
сәуірінде № 234 «Қылмыстық жолмен келген табысты жария етуге қарсы
әрекеті және кедендік одақ аумағына алып кіруде және кедендік одақ аумағынан
қолма-қол ақшалай қаражаты мен ақшаға балама
құралдарын алып шығуда
терроризмді қаржыландыруға қарсы халықаралық шарт жобасы туралы»
(Мәскеу қаласы) шешім қабылданды. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының
Қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы, Қазақстан Журналистері одағының
Б.Қаратаев атындағы сыйлығының иегері Есберген Алауханов «Сыбайлас
жемқорлық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары деген ұғым» мақаласында:
«Криминалист – ғалымдар жемқорлықтың арасында үш түрі ерекшеленеді. Ең
қауіптісі мемлекеттік органдарда лауазымы бар саяси тұлғаның қалыптасқан
рулық, туыстық қарым-қатынас үшін заңға қарсы келуі. Тағы бір түрі –лауазым
иелерінің сыйақы үшін заңсыздыққа, қылмыстық әрекетке барып, пара алуына
негізделеді». Үшіншісі лауазым иелерін қылмыстық әрекетке мақсатты түрде
тартып, екі жақтың біріне аса жақсы жағдай жасауы. Сыбайлас жемқорлықтың
бұл формасы ұйымдасқан қылмыспен тығыз байланысты.Пара беруден басқа,
лауазым
иелеріне қатысты қорқыту, арандату жолы да бар. Сыбайлас
жемқорлықтың үшінші формасы қылмыстық іске тарту болып табылады, оны
төмендегідей түрде сипаттауға болады: милицияның бір қызметкеріне арнайы
ақпаратқа – жүз мың теңге айырбасқа ұсынылады. Қарсылық танытса оның
отбасы мүшелерін қатты жазалайтынын,олардың
әдеттері мен талғамдарын,
нені жақсы көретінін терең білетінін көрсетеді. Бұл адам қылмыскерге қарсы
келді, жүректілік танытты. Көрсетілген, қолданылған механизм ұйымдасқан
198
қылмыспен байланысты. Бұдан басқа бопсалау мен пара алудан басқа, мұқият
әзірленген арандату қолданылады. Мысалы, бұрынғы құқық қорғау
органдарының басшыларының бірінің ұлын оның
әлсіз жерлерін ұзақ зерттеп,
оны ең лас, жаман іске тартады, содан соң әкесіне бірнеше «сыпайы» өтінішпен
хабарласады. Бұл адамдар әдетте қылмыстық қауымдастықтың қорғаныс
функциясын орындайды.» – деп жазылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
төмендегі негіздерде жасалады:
1.
Бәрінің сот және заң алдында теңдігіне;
2.
Мемлекеттік органдардың қызметінің анық құқықтық регламентін, оған
мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін;
3. Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүддесіне қатысты
мәселелерді
шешу шараларын, кадр жұмысы, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру;
4. әлеуметтік-экономикалық,
саяси-құқықтық, мемлекеттік ұйымдастыру,
басқару жүйесінің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқығын қорғау
артықшылықтары;
5. Мемлекеттің міндеттерін орындауға өкілетті және оларға теңестірілген,
лауазым иелерінің еркіндігі мен құқығын шектеу мүмкіндігін мойындау,
6. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқы мен заңды мүдделерін
орынына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың залалды
салдарының алдын алу, жою;
7. Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықпен күресте
әрекет ететін
азаматтардың жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
8. Мемлекеттің функцияларын орындауға өкілетті және оларға теңестірілген,
лауазым иелерінің мемлекеттік құқығын, заңды мүддесін қорғау, ол тұлғаларға
еңбек ақы тағайындау (ақша баламасындағы) және аталған тұлғалардың жеке
басы мен отбасы мүшелерінің лайықты өмірін қамтамасыз ететін жеңілдіктер
жасау;
9.
Достарыңызбен бөлісу: