Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет125/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Коупленд Т, Колер Т, Мурин Д. Компания құны: бағалау мен басқару. Ағылш.аударм. М.: «Олимп-
Бизнес». 1999 576 бет. 
193 


10 Тарау. Сыбайлас жемқорлық және оның бизнеске әскері 
Т.Иссык 
Іскерлік әкімшілігі докторы, 
Құқықтық тәуекелдер бойынша маман (LLM) 
 
«Мен сіздердің қылмыстарыңыздың көп екенін,
күнәларыңыздың қандай ауыр екенін білемін.
Сіздер түзу жүргенді қысымға аласыздар,
пара аласыздар, сот төрелігін іздеген
кедейді қақпадан әрі қуасыздар». 
Інжіл. Киелі өсиет. 
Сыбайлас жемқорлық - (лат. «corruptio») параға сатып алу, 
саяси және қоғамдық қайраткерлердің мемлекеттік
шенеуніктер мен лауазым иелерінің жеке 
басының баюы мақсатында
параға сатылуы. 
БҰҰ анықтамалық құжатында сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес 
туралы: «Сыбайлас жемқорлық - жеке бастың пайдасы мақсатында мемлекеттік 
билікті пайдалану» делінген. 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 44-қарарында 
«Ұйымдасқан қылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастықта» тап осы 
алаяқтардың «қара» бизнесін, пысықтарының, әлемнің қазіргі жекелеген 
мемлекеттерінің мәртебелі топтарының «іскерлік» қарым-қатынастары сыбайлас 
жемқорлықтың жазылмаған заңдарына негізделеді. Ассамблеяда сыбайлас 
жемқорлық- жеке, не топтың пайда табуы үшін қызмет жағдайын пайдалануы,
мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметін пайдаланып, заңсыз пайда табуы».
Сыбайлас жемқорлық бойынша Еуропа кеңесінің аралық тәртіп сақтау тобы 
анықтамасында: сыбайлас жемқорлық-жеке не мемлекеттік секторда белгілі бір 
міндет орындау тапсырылған тұлғаның парақорлығы және жеке қызметкер, 
тәуелсіз агент мәртебесі бойынша жүктелетін міндетін бұзуға алып келетін кез-
келген басқа қимыл, іс әрекет, немесе басқа да өзіне не басқаға заңсыз кез-келген 
пайда табу мақсатында. Басқа дегеніміз – пара берушілер.
Сыбайлас жемқорлыққа тән белгілер төмендегі шарттар: 
• 
Заң бұзатын не қоғамның жазылмаған нормаларын бұзатын шешім 
қабылдауы; 
• 
Екі жақ та өзара келісіммен қимылдайды; 
• 
Екі жақ та заңсыз басымдыққа ие болып, пайда табады. 
• 
Екі жақ та өз әрекетін жасыруға тырысады. 
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде болған, ол әлемнің 
барлық елдерінде саяси дамуға тәуелсіз, әртүрлі масштабта болады. Бұл әрекет 
туралы ежелгі шығыс өркениетінің барлық орталықтарында - Мысыр
Месопотамия, Иудей, Индия, Қытай елдерінің діни, мемлекеттік басқару өнері 
194 


туралы шығармаларында ескеріліп, кездесіп отырады. Тарихқа белгілі аймақта 
заңмен шектеу қою ТМД аумағында III Иван заманында болды. Ал, оның 
немересі Иван Грозный пара алуда шектен шығуға жаза ретінде тұңғыш рет 
өлім жазасын белгіледі. Сыбайлас жемқорлық елдің экономикасына, жалпы 
бизнес қызметіне, оның ішінде АҚ қызметіне қалай әсер ететінін көрейік. 
Сыбайлас жемқорлықтың салдары болады. Олар мыналар:
• 
Экономикалық 
• 
әлеуметтік 
• 
саяси 
Бұл салдарларды толығырақ ашып көрелік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет