Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет36/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

құқығын 
(атауы, мекен-жайы, телефоны көрсетілген) қорғау мәселесімен айналысатын Жақтардың 
тізімі қосылады. 
Акционерлердің қандай 
құқықтары бар? 
 
50 


 
Акционерлердің құқықтары 
 
Акционерлердің жалпы құқығы 
Жай ғана акция акционерге дауыс беруге, шығарған барлық мәселелерді шешуде 
акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру 
құқығымен қатысуға құқық береді, 
сонымен қатар, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша қоғам 
таратылған жағдайда мүлкінің жартысы, қоғамның қолында таза кірісі болған жағдайда 
дивидендтер алуға 
құқылы. 
Акционерлердің негізгі құқығы мен міндеттерінің тізімі «акционерлік қоғамдар 
туралы» Заңда белгіленеді. 
Акционерлердің жоғарыда келтірілген құқығын шектеуге рұқсат етілмейді. 
Акционерлер құқығының теңсіздігі Заңға енгізілгеніне көңіл бөле кету керек. 
Акционерлердің басқа да құқықтары қоғам жарғысымен қарастырылуы мүмкін. 
Осы оқиғадан кейін, Заңға енгізілген акционерлер теңсіздігі қоғам жарғысында ірі 
акционерлер құқығы кеңеюіне әкеліп соқтыруы мүмкін, сонымен бірге олар миноритарлы 
акционерлермен салыстырғанда көптеген артықшылыққа ие болуы мүмкін. 
Сонымен бірге, жай және айрықша құқықты акциялар иелерінің құқықтары тең 
емес. 
Заңға сәйкес, тек Заң белгілеген ерекше жағдайлардан басқасы болмаса, айрықша 
құқықты акциялар акционерге қоғамды басқаруға қатысуға құқық бермейді,. 
Заңның 13-бабында акционерлер мынаған құқылы деп көрсетеді
1) осы Заңда және қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға 
қатысуға; 
2) дивидендтер алуға; 
3) қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы 
жиналысында немесе қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен қоғамның қаржылық 
есебімен танысуға; 
4) қоғамның тіркеушісінен немесе нақтылы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға 
меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға; 
5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне сайлау 
үшін кандидатура ұсынуға; 
6) қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен дауласуға; 
7) қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сауал салуға және қоғамға сауал келіп 
түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алуға; 
8) қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;
 
9) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгіленген 
тәртіппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы 
қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқығы бар. 
2. 
Сондай-ақ, ірі акционердің құқығы бар: 
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе 
директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда 
оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге; 
2) директорлар кеңесіне осы Заңға сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн 
тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға; 
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге; 
4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар. 
51 


Бірақ осындай акционерде мыналар бар: 

акционерлердің күндізгі тәртіппен өтетін жалпы жиналысына қатысуына және 
олардың қарастыратын мәселелерін талқылауға қатысуына 
құқығы бар; 

айрықша құқықты акциялар иесінің құқығын шектеуі мүмкін шешім 
қабылданатын мәселелер бойынша қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында 
дауыс беру 
құқығы бар; 
орналастырылған айрықша құқықты акциялар (сатып алынғандарды санамағанда) 
жалпы санының кем дегенде үштен екісі шектеуге дауыс берген жағдайда ғана осы 
мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналады; 

қоғам акционерлерінің қоғамды тарату немесе қайта құру мәселесі бойынша 
жалпы жиналысында дауыс беру 
құқығы бар; 

төлеуге белгіленген мерзімнің өткен күнінен бастап үш ай аралығында айрықша 
құқықты акциялар бойынша үлесақы толық төленбеген жағдайда қоғам 
акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беруге 
құқығы бар; 
Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімімен) немесе акционерлердің 
жалпы жиналысы үлесақы алуда және жарғылық капиталды құрастыруда қатыспаған 
бір «алтын акциясы» енгізілуі мүмкін. 
«Алтын акция» иесі қоғам жарғы анықтаған мәселелер бойынша орындаушы орган 
мен директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне тыйым 
салуына 
құқығы бар. 
«Алтын акциясымен» куәландырылған тыйым салу құқығы беріліске жатпайды. 
Акционерлер құқығы туралы мәліметтер, қоғамның айрықша құқықты 
акцияларымен куәландырылған 
құқық көлемін қосқанда, ең алдымен, коммерциялық 
құпияға жатпайтын және онымен барлық ынталы тұлғалар танысуына болатынын
АҚ жарғысында баяндалуы керек. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 16 қыркүйегіндегі №852 
қаулысындағы сонымен қатар, акционерлік қоғамның құрушылары пайдаланатын 
акционерлік қоғамның типтік жарғысы бекітілді, сондағы құқық бөлімінде былай 
айтылады: 
14. Қоғам акционері мынаған құқылы: 
1) осы Заңда және қоғамның жарғысында көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға 
қатысуға; 
2) дивидендтер алуға; 
3) қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы 
жиналысында немесе қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен қоғамның қаржылық 
есебімен танысуға; 
4) қоғамның тіркеушісінен немесе нақтылы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға 
меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға; 
5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесіне сайлау 
үшін кандидатура ұсынуға; 
6) қоғамның органдары қабылдаған шешімге сот тәртібімен дауласуға; 
7) қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сауал салуға және қоғамға сауал келіп 
түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алуға; 
8) қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;
 
9) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгіленген 
тәртіппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы 
қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқығы бар. 
52 


Типтік жарғы мазмұнында көрсетілгендей, Заңмен салыстырғанда, қосымшалар 
жоқ. Дегенмен, егер Сіз акционер болуды шешсеңіз,жарғыда акционерлердің құқығы 
кеңейтілуі мүмкін болатынын ескерсеңіз, Сізге жалпы құқығыңыз және өзіңіздің ерекше 
құқығыңызды ұғыну үшін жарғының жобасымен немесе тіркелген жарғымен танысуыңыз 
қажет. 
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда және басқа да нормативтік-құқықтық 
актілерде жоғарыда келтірілген құқықтар қалай анықталатынын қарайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет