Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


- тарау. Акционерлердің құқығы мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет35/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

3-
тарау. Акционерлердің құқығы мен міндеттері 
Т.Иссык 
Іскерлік әкімшілігі докторы 
Құқықтық тәуекелдер
бойынша маман (LLM) 
«Қаржы секторының әрі қарай даму саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан 
экономикасының өсуін қамтамасыз етуге, ... отандық кәсіпорындардың транспаренттілігін 
жоғарылату және акционерлердің 
құқығын
і
қорғауды көтеру мақсатында есеп берудің 
стандарттарын енгізуге бағытталған. 
Сондай-ақ қаржы мемлекеттік секторындағы саясаттың негізгі міндеттерінің
бірі – бірқалыпты және қауіпсіз нарық ретінде отандық экономиканың имиджін көтеру 
мақсатында инвистиция тарту үшін акционерлердің құқығын қорғау болы табылады. Есеп 
берудің халықаралық стандарттарын енгізу отандық компаниялардың транспаренттілігін 
көтеруге көмектеседі. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың 17 мамырындағы № 1096 
«Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиялық индустриалды-
инновациялық дамуы туралы» Жарлығы. (2010 жылдың 19 наурызындағы №958 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сай күшін жойды және Қазақстан 
Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған 
серпінді индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы және 
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір күшін жойған жарлықтарын мойындау 
туралы» Жарлығына ауыстырылды.
Акционерлердің құқығын қорғау, әсіресе, миноритарлық, құнды қағаздар 
нарығының дамуы үшін өте маңызды. Егер миноритарлық акционер өзін қорғайды деген 
сенімін жоғалтса, онда ол акциясын сатып жібереді. Капиталды нығайтатын құрылым 
ретінде акционерлік қоғам идеясының өзі де жоғалады. Акционерлік қоғамның (АҚ) өзі 
де, еліміздің экономикасы да жапа шегеді. 
АҚ акционерлер құқығында заңнама актілерінде көп көңіл бөлінген. Мұның тағы 
қандай себептері бар? Барлығыңыз рейдерлік туралы естідіңіздер. Акционерлік 
қоғамдарда көбіне олардың жалданбалы топ-менеджерлері АҚ уәкіл тұлғаларына ықпал
ету мүмкіндігі мен лауазымдық өкілеттілігін пайдалана отырып, «аңқаулықпен байқамай 
орға түскен» акционерлердің акцияларын алаяқтық жолымен «тартып алады». Осыған 
байланысты, заңнама АҚ штаттық қызметкерлері құрамынан қоғамның тізілім 
иеленушілерін алып тастап, АҚ-нан қаржылық нарықты қадағалау (Агенттік) мен реттеп 
отыру тәуелсіз ҚР Агенттігі бақылайтын тізілім жүргізу жүйесін құрды. 
Бірнеше заңнама актілері акционерлердің 
құқығын көрсетеді. Агенттік 
акционерлердің құқығын түсіндіріп беретін арнайы «Акционерлердің құқығы туралы 
қысқаша жаднама» дайындады. 
Акционерлердің құқығын қорғау туралы халықаралық келісімдерде де айтылады. 
Құнды қағаздар нарығында Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығы мемлекет-
қатысушыларының қызметін үйлестіру туралы Конвенцияға (Мәскеу, 1998 ж. 25 қараша) 
байланысты, мемлекеттер аралалық құнды қағаздар нарығының (10-бап) ақпараттық 
базасын құруға қажетті мәліметтер тізіміне акционерлер мен инвесторлардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет