Іштей тәртіпте өткізілген отырыста қабылданған директорлар кеңесінің шешімі
протоколға
енгізіледі, ол отырыс өткізілген үш күн ішінде отырыста төрағалық
еткен тұлға мен директорлар кеңесінің хатшысы құрап, қолдарын қоюлары тиіс
және келесі мәліметтер болу керек:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
2) отырыстың күні, уақыты және
өткізілген орны;
3) отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
4) отырыстың күн тәртібі;
5) дауысқа салынған сұрақтар және олар бойынша дауыс беру қорытындысы;
6) қабылданған шешімдер;
7) директорлар кеңесінің шешімі бойынша басқа да мәліметтер.
Белгілі-бір жағдайда директорлар кеңесі стратегиялық және шешуші
функцияларды шеше алатын және қоғамды басқару міндетін Басқарма төрағасымен
(Президент, Директор) бірге бөлетін басқарудың өте тиімді органы бола алады.
Директорлар кеңесінің жұмысының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді:
1.
Директорлар кеңесінің құрамына белгілі-бір білікті талапқа сай келетін
үміткерлерді сайлау;
2.
Қоғамның штаттық кестесіне лауазымға сәйкестік аттестациясынан
өткен, директорлар кеңесінің өткізілуі
мен жұмысы бойынша
ұйымдастырушылық функцияларын атқаратын бірлестік хатшысының
лауазымын енгізу;
3.
Директорлар кеңесінің мүшелерін олардың өкілеттілігінің мерзімі
кезінде материалдық жағынан ынталандыру;
4.
Басқарма төрағасының (Президент, Директор), директорлар кеңесінің
және акционерлердің жалпы жиналысы жоғары
деңгейлі менеджерлердің
компетенцияларын нақты бөлуі және олардың бір-бірінен тәуелсіздігі;
5.
Директорлар кеңесінің мүшелері арасындағы, сондай-ақ директорлар
кеңесі мен жоғары деңгейлі менеджерлер арасындағы даулы жағдайларды
толыққанды дайындалған шешу тәртібінің болуы.
6.
Кеңестің комитеттерінің жұмысын ұйымдастыру.
Жоғарыда аталып көрсетілген директорлар
кеңесінің жұмысын жетілдіру
механизмдерін енгізу үшін қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы туралы
қаулыны, төмендегі жағдайларды ескеруге тиіс директорлар кеңесі туралы
қаулыны бекіту керек:
Достарыңызбен бөлісу: