Кесте 3. Директорлар кеңесінің түрлері
Түрлері
Түрлер сипаттамасы
Қадғалаушы
Кеңес мүшелері акционерлерге адал және акционерлердің
меншігі мен құқығын сақтаудың кепілдемесі болады.
Кеңес беруші
Менеджментке мінездеме береді
және атқарушы органға
қолдау көрсетеді, мажоритарлы акционерлерге кеңес береді.
Бекітуші
Менеджменттің шешімін бекітеді
Басқарушы
Атқарушы органның жедел жұмысына кіріседі. Басқаруда
тәжірибесі жоқ менеджерлерге көмектеседі.
Жетекші
Қоғам үшін стратегиялық шешім дайындайды.
Формалды
Сайланған, өйткені Заңның талаптары бар
Директорлар кеңесінің түрлерін және оның белсенділік
деңгейін анықтайтын
факторлар:
•
Кеңес құрамындағы ірі акционерлердің өкілдіктерінің деңгейі;
•
Кеңестің атқарушы органының қабілеттілігі мен тәжірибесіне
сенімділігі;
•
Компанияның жұмысының нәтижелері;
•
Компанияның іскерлігінің көлемі мен қиындығы;
•
Компания жұмыс істейтін салалар сипаттамасы;
•
Компанияның өмір сүру кезеңдері (жұмыстың
басталуы, өсуі,
саналылық, стагнация және т.б.)
•
Ірі ұжымдық оқиғалар (қайта құру, бірігу, жұтылу, ірі келісім-шарт. ).
i
Қазақстандық тәжірибеде іс жүзінде жұмыс істейтін директорлар кеңесін де,
оның формалды түрін де кездестіруге болады. Көбінесе, мажоритарлы
акционер немесе жалғыз акционер АҚ
өз беттерінше бсқарады және
директорлар кеңесінен қажеттілікті көрмейді. Бірақ заң олардан осындай
органның болуын талап етеді. .
i
Ресей директорлар институтының «Корпоративтік директор» семинарының материалдарынан алынған ,
сәуір 2003 ж.
http://www.rid.ru/
103