•
олардың алдарына қойылған міндеттерді іске асыру барысында шешім
қабылдайтын басқарушылардың дербестігін арттыру;
•
соңғы нәтижелерге қол жеткізуге басқарманың жауаптылығын күшейту;
•
менеджменттің жаңа жүйесін қалыптастыру үшін
қажетті құқықтық негіз
міндеттемесі;
•
қызметтер арасындағы өкілеттіктерді нақты шектеу;
•
акционерлерге тәуелсіз компания жұмысының тұрақтылық механизмін
енгізу
•
қызметтің стратегиялық, реттеуші,
іске асырушы, бақылаушы және
қадағалаушы болып нақты бөлінуі;
•
басқарманың түрлі деңгейлері арасындағы қызметтерді нақты шектеу;
•
жүйелік негізде органдарға функционалдық талдау жүргізу;
•
басқару құрылымын жетілдіру;
•
қызметкерлер санын оңтайландыру, еңбек тиімділігі мен өнім шығарудың
ұлғаюуы;
•
әлеуметтік-экономикалық
даму
басымдылықтары,
стратегиялық
мақсаттарды анықтау мен дамытудың стратегиялық жоспарын қабылдау;
•
қаржыны жоспарлау және пайдалану бойынша бюджеттік процедураларды
жетілдіру;
•
басқарушы органдар қызметі тиімділігінің аудиті мен баға беру жүйесін
енгізу;
•
қызмет тиімділігінің аудиті мен компания
қызметі туралы жыл сайынғы
есептерді жариялаудың міндеттілігі;
•
мотивацияны күшейту және олардың жұмыстары нәтижелеріне баға беру
есебімен қызметкерлердің еңбек ақы жүйесін жетілдіру.
Мемлекеттің осы бір маңызды мәселесін шешу үшін «Үкімет бағдарламасын
іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету» қажет, атап айтқанда алдағы міндет
шығармашылық қызметтің жүйелілігі мен кешенділігі» мемлекетті дамыту
стратегиясы контексінде құқықтық іргетасын жаңартуға,
оның ішінде бірлесіп
басқару, нәтижелілігі, айқындылығы мен есептілігі принциптерінде мемлекеттік
басқарудың сапалы жаңа моделін орнатуға шақырылған.
«Мемлекеттік емес құнды қағаздардың нашар ұсынысынан басқа инвесторлар
үшін оның тартымдылық проблемасы бар. Бірлесіп басқарудың маңызды
проблемасы болып халықаралық стандартқа жауап беретін жеткілікті
айқындылықтың болмауы табылады».
3
Сондықтан да
бірлесіп басқару
принциптері құнды қағаздармен жұмыс кезінде бірінші кезекте енгізіледі.
Акция нарығын дамыту мақсатында ұсынылады: Қазақстан Республикасының
бірлесіп заңнамаларын жетілдіру жолымен, инвесторлар мұқтаждықтары мен
мүдделеріне сәйкес келетін ақпаратты ашу тәртібін оңтайландыруға бағытталған
іс-шараларды өткізу, қаржы есептілігінің Халықаралық стандартын енгізу; бірлесіп
басқару саласында заңдылықты сақтаумен бақылау жүйесі
мен қолданыстағы
бірлескен заңнамаларды құру.
267