адамдарыңыздан 10 адамның тізімін жасайсыз.
Тізімнің жанына, яғни,
əр адамның тұсына олардың ай сайын табатын жалақысын қоса
жазасыз. Содан кейін арифметикалық орташа мəнді есептейсіз.
Егер сіз араласатын ортада орташа жалақы сіздікінен төмен болса,
онда сіздің жалақыңыз да өспейді деген сөз. Өйткені
маңайыңыздағылар сізді өздерінің деңгейінен асырмай «ұстап
тұрады». Егер сіздің айналаңыздағылардың
орташа жалақысы
сіздікінен жоғары болса, мен сізді құттықтаймын. Демек, араласатын
ортаңыз сізді дамыта түседі.
Бұл əдіс тек жалақыға ғана емес, кез
келген талапты таңдауға да
қатысты. Егер достарыңыздың көпшілігі, мəселен, жұбайларына
опасыздық жасауды қалыпты нəрсе деп санаса, демек,
бұл сіздің де
бұндай сорақылыққа қарсы еместігіңізді көрсетеді.
Адам өзінің қоршаған ортасында не нəрсені ұзақ уақыт бойы көрсе, ол
сол нəрсені қалыпты деп санайды. «Егер айналадағылардың бəрі ұрлап
жатса – мен де ұрлаймын, егер олардың бейəдеп жасайтын тірліктері
болса – мен де солардай əдепсіз болсам,
егер айналамда ешкімнің
арманы болмаса – арман менде де жоқ».
Менің ерекше үш сүзгім бар, олар арқылы мен айналамды «жаңартып»
аламын.
Достарыңызбен бөлісу: