кездесуге барыңыз. Қай жерге бару керек деген сұрақ маңызды емес,
маңыздысы – қозғалысты тоқтатпау.
Дəл осы кезең жайлы былай дейді: «Мақсатыңа
қарай жылжи алмасаң,
жат, бірақ сол мақсатыңның бағытына жат». Егер сіз бұл кезеңнен аман
өтіп, жеңе білсеңіз, сізде екінші бір үміт оты оянып,
жаңа бір есік
ашылады. Бұл есіктің аты...
4. Ақпараттық құлшыныс. Бəрекелді! Біз үмітсіздіктің құрсауынан
шықтық. Алғашқы жетістіктерге жетіп жатырмыз, оған қоса өзгерістер
үшін
бұрынғыдай қиналмай, ынталана түсудеміз. Біздің ойларымыз
бен əрекеттеріміз жүйелі əрі нақты бола түсуде, жақында жақсы
істеріміздің əдетке айналары сөзсіз. Спортзалға өз-өзімізді итермелеп
апарудың қажеті жоқ. Ол жаққа өз еркімізбен оңай барамыз.
Бізге алға
қадам басуымыздың өзі жайлылық сыйлайды. Сондықтан бізді енді
ешкім тоқтата алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: