Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет8/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97
Психология негіздері

Психология және логика байланысы ойлау жөніндегі психологиялық 
білімдер тарихында анық көрінеді. Осы ғылыми білімдердің әрбірі 
ойлау құбылыстарын ашуда өз зерттеу аймақтарына ие. Логиканың 
шұғылданатыны ақиқат жөніндегі мәселе, ойлаудың болмысқа деген 
танымдық қатынасы туралы проблема. Ал психологияның айналыса-
тыны – ойлау үдерісінің жүрісі, жеке адамның ойлау іс-әрекеті, ойлау 
құбылысының сананың басқа да тараптарымен аралық нақты байланыс, 
қатынастары. 
Психология және әлеуметтану байланысы әлеуметтік психоло-
гияны жарыққа келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі 
өзекті проблема: тұлға және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас; 
тұлғааралық байланыстар. Шағын социологиялық зерттеулер деңгейінде 
(кіші топ зерттеулері: отбасы, еңбек ұжымы) әлеуметтік бақыт пен 
әлеуметтік-психологиялық бағыт айырмашылықтарын ажырату қиынға 
соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың (социологиялық) әлеуметтік психо-
логиядан бөліне көрінетін тұсы – ондағы зерттеулердің ірі де ауқымды, 
макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі, зерттеуге түскен құбылыстарды 
қоғам және оның құрылымдық бөлшектерінің жасауы мен әрекетке түсу 
заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыстың болуы.
Психология және педагогика байланысы ежелден келе жатқан
дәстүрлі қалыптасқан құбылыс. Барша ғұлама педагогтар адамның 
табиғи қасиеттерін, оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну 
керектігін, тұлғаның психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетік-
тер мен заңдарды ескеруді, солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу 
маңыздылығын алға тартты.
Психология және биология байланысы. Адам дамуының табиғи 
және әлеуметтік жағдаяттарының ара қатынасы жөніндегі проблема- 
психология үшін аса маңызды мәселелердің бірі, ол биология үшін де 
ізденіс азығы. Екі ғылыми білімдердің қосыла зерттеулері нәтижесінде 
әрбір жеке адамның даралықты дамуындағы тума берілген және өмір 
барысында қалыптасатын сапа-қасиеттерінің сыры ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет