Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет9/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Психология негіздері

Психология және медицина байланысы медициналық психологияның 
туындауына әсер етті. Бұл сала дәрігер қызметінің психологиялық ере-
кшеліктерін және сырқат адамның әекет-қылығындағы психологиялық 
көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапия, сондай-ақ психика 
дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика 


0
бұзылысын зерттеуші медициналық білім саласы патопсихологияның 
психологиялық әдістерін орайластырады.
Психология және саясаттану байланысынан саясатқа орай 
қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы 
сана, астар сана, адам көңіл күйі, еркі, оның нанымдары, құндылықты 
бағыт-бағдарлары және ұстанымдарын зерттеуші саясат психологиясы 
пайда болды. Бұл ғылым адам әрекет-қылығын үдеріс ретінде танып,
оны жеке тұлғаның қоршаған ортамен өзара ықпалдастық қатынасының 
нәтижесі деп біледі. Себебі тұлға әрекеттері сыртқы ықпалдар мен 
психологиялық талдаудың тікелей нысаны болған субъекттің оларды 
қабылдау және түсіну ерекшеліктерімен анықталады.
4. Осы заман психологиясының құрылымы
Психологияның арнайы және қолданбалы салалары
Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан 
қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. 
Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте 
болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа 
жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары 
ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ 
құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің 
бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға 
байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, 
зерттеп отырады.
Психологияның негізі - жалпы психология. Бұл саланың атқаратын 
қызметі: психиканың жоғары жалпыланған заңдарын, заңдылықтары 
мен тетіктерін зерттейді. Аса маңызды психологиялық пәндердің 
бірі психология тарихы. Бұл пән өз назарын психологиялық білімдердің 
қалыптасуы мен дамуына байланысты тарихи үдерістердің мән-
мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді.
Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздеме-
лері де сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі мен топтасуына арқау болар 
жағдайлар келесідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет