Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет24/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97
Психология негіздері

Еңбек заттарысубъекттің өз іс-әрекетінде практикалық не 
ой жүзінде ықпалды өзара қатысқа түсетін мүліктер, үдерістер, 
құбылыстар жиынтығы.
Еңбек құрал-саймандары – еңбек заттарының ерекшеліктерін тану 
және оларға ықпал жасауда адам мүмкіндіктерінің жоғарылауына 
себепші жабдықтар жиынтығы.
Еңбек шарттары –іс-әрекеттің әлеуметтік, психологиялық және 
санитарлық-гигиеналық сипаттамалары.
Іс-әрекеттің ішкі сипаттамасы- үдерістер мен нақты әрекеттің 
реттеліп бару тетіктерінің, құрылымы мен мазмұнының, сондай-ақ оны 
іске асырудың әрекет-қимыл шараларының баянын белгілейді.
Белсенділік – адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты 
қатынас формаларының бірігімі. Белсенділік формаларының бәрі де 
бірдей негізгі деңгей түрінде қарастырылады.
Жоғары деңгейде тұлғаның мінез-құлық, әрекет-қылық, әлеуметтік 
себеп-салдарлы белсенділігі көрініс береді, ал төменгі деңгейде – тек 
өкілінің мекенді жүйешелерінің белсенділігі орын алады.
Іс-әрекет типтері: еңбек, оқу және ойын.
Еңбектік іс-әрекет – адам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы 
құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани 
өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі.
Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы – бұл 
адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін рет-
теуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері 
еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп 
барады.
Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік 
әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында 
адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (ког-
нитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала 
үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне 
еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптар-
ды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі 
жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет