Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы



Pdf көрінісі
бет62/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97
Психология негіздері

33. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы
Тұлға көп деңгейлі ұйымдасу құрылымына ие. Тұлғаның психологиялық 
ұйымдасуының ең жоғары әрі жетекші деңгейі - оның қажетсіну – сеп-
түрткілік аймағы, яғни тұлға бағдары, оның қоғамға, жеке адамдарға, 
өзіне және өзінің еңбектік міндеттеріне қатынасы.  Тұлғалықтың мәнді 
тараптары – оның ұстаным бағыт – бағдары ғана емес, өзі қалаған қарым 
– қатынастарын іске асыра білу қабілеттілігінде. Бұл адамның іс-әрекеттік 
мүмкіндіктерінің даму деңгейіне, оның қабілеттеріне, білімдері мен 
ептіліктеріне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ес, зерделік сапаларына 
тәуелді.
Адам дайын қабілет не мінезбен дүниеге келмейді. Бұл қасиеттер өмір 
барысында, белгілі табиғи тіршілік желісінде қалыптасады.
Адамның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері, жүйке 
жүйесінің негізгі сапалары, жүйке үдерістерінің жүрісі оның нәсілдік
(генотип) болмысына тәуелді. Әр адамның биологиялық құрылымында, 
яғни бастау табиғатында оның психикалық даму мүмкіндіктерінің бар-
шасына негіз қаланған, Дегенмен, әлеуметтік тіршілік иесі білім мен 
ғылымда, салт – дәстұрде, заттасқан және рухани мәдениетте бекіген 
өткен әулеттер тәжірибесін меңгергеннен соң ғана тұлға санатына 
көтеріледі. Адамның табиғи тарапын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға 
болмайды. Адам табиғатының өзі тек биологиялық эволюция өнімі ғана 
емес, ол тарихтың да туындысы. Адам бойындағы биологиялықты оның 
“хайуандық” белгілері деп қарауға типті де болмайды. Адамның барша 
биологиялық табиғи нышандары адами болмысқа ғана тән, олардың 
бірде бірі жануарларда болмайды. Нақты қоғамдық шарт, жағдайларда 
ғана адам қалыптасып, тұлғалық дәрежеде көрінеді.
Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, 
қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. 
Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. 
Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды 
төменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның 
қоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан 
көрінеді.
Тұлға ерекшелігі – оның дербестігі. Өзінің жеке дербестігін таныған 
тек өкілі қалай болса, солай өтіп, ауысып жатқан әлеуметтік нұсқау талап-
тардан өзін тәуелсіз, еркін сезеді; әлеуметтік жүгенсіздіктер мен әміршіл-
әкімшіл, қуғын-сүргін замандарда өз болмысын билеп біледі, қоғамдық 


6
күйзелістерден жабырқап, тарықпайды. Тұлға дербестігі оның ең жоғары 
психикалық сапасы рухани жігерлілікпен байланысты келеді. 
Рухани жігерлілік тұлғаның жоғары санасынан, барша ұждансыздыққа 
табанды қарсы тұра білуді қажетсінуінен, ұлағатты мұраттарға жан-
тәнімен берілгендігінен, азаматтыққа сай келмейтін өресіз, өнегесіз 
ниеттерден алшақ болуынан, бір мезеттік мансап пен пайдакүнемдікке 
берілмеуі мен жалған әлеуметтік жалтаң белсенділіктен аулақ жүруінен 
көрінеді. Неғұрлым қоғамның рухани-мәдени деңгейі төмен болса, ол 
қоғамда жалпыламай теңдестіру бағыты белең алып, адам қадірін тану 
қалады, талапты саяси-идеологиялық стандарттарға көзсіз бағынушылар, 
құлдық психологиядағы пенделер саны ұлғаяды.
Тұлға сапалары оның тұрмыс – қызметтік жеке қатынастарының 
өрісімен әлеумет тіршілігінің әрқилы саласына еніп, араласа білуімен 
анықталады. Шығармашыл тұлға тікелей әлеуметтік қоршау шеңберінде 
тұсауланып қалмай, ауқымды да кең қоғамдық өмір даңғылында даму 
бағытын алады. Бір тұлға бойының өзінен бүкіл әлеуметтің болашақ 
даму желісін аңғарамыз. Себебі тұлғалыққа жетіскен әрбір адам – қоғам 
келешегінің айнасы, содан да ол елдің бүгінгі жағдайынан озық жүреді. 
Тұлға дербестігі оның матаулы тұйық топ тұсауынан тәуелсіздігін 
білдіреді, тұлға дамығандығының көрсеткіші есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет