32. Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері
Тұлға бес түрлі мүмкіндіктерімен сипатталады. Олар келесідей:
танымдық, құндылықты, шығармашылдық, ара-қатынастық (ком-
муникативтік) және көркемөнерлік.
Тұлғаның танымдық (гносеологиялық) мүмкіндігі оның өзі
жинақтаған ақпараттың көлемі және сапасымен анықталады. Бұл
ақпарат сыртқы дүние (табиғат және әлеуметтік) жөніндегі білімдер
мен өзін өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға
адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар
да кіреді.
Тұлғаның құндылықтық (аксиологиялық) мүмкіндігі оның ізгілік-
тілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне
орай әлеуметтену үдерісінде игеріп қабылдаған мұраттары, өмірлік
мақсаттары, наным-сенімдері және ұмтылыс-ниеттері, яғни бұл
психологиялық және идеологиялық сәттердің бірлігі, тұлға санасы
мен оның өзіндік санасы жөнінде әрі бұлардың бәрі көңіл-күй, ерік
және зерделік (ақыл-ес) тетіктердің жәрдемімен қалыптасып, тұлғаның
дүниетанымында, көзқарастарында және тіршілік ұмтылыстарында
ашылып, көрінуі.
Тұлғаның шығармашылдық мүмкіндігі - ол қабылдаған және өз
бетінше меңгерген ептілік және дағдылар, жасампаздық , өнім беру
немесе қайта жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың
қандай да бір не бірнеше еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен қадағалау-
бағалау салаларындағы іске асыру шамасы.
Тұлғаның қарым-қатынас (коммунинативті) мүмкіндігі - оның
басқа адамдармен жасаған, орнықтырған әңгіме сұхбатқа түсу,
байланыс түзу әрекеттерінің сипаты және беріктілігі. Өз мазмұны
бойынша тұлғааралық тілдесу, ортақтасу әлеуметтік рөлдер жүйесінде
байқалады.
Тұлғаның көркемөнерлік мүмкіндігі - оның әсемдік әлеміндегі
қажеттерінің деңгейі, мазмұны және жеделдігімен, сонымен бірге
олардың қаншалықты қанағаттандырылуымен өлшестірілуі. Тұлғаның
көркемөнер белсенділігі кәсіби және өзіндік дербес шығармашылығында
әрі өнер туындыларын қажетсінуінде, пайдалануында ен жая,
ашылады.
Әрқандай қоғам өзінің тұлғалық сапа – қасиеттерді бағалау өлшемін
(критерии) тағайындайды.
|