Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет63/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97
Психология негіздері

Тұлға дамуыоның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесінің әр өмір 
кезеңіне орай қалыптасып баруын, белгілі қоғамдық алғы шарттарды, 
әлеуметтік тапсырысты орындап жүруін, адамды қоғамдық жатсынуға 
итермелейтін жағдаяттардың күшін жойып отыруын талап етеді.
Тек өкілінің тұлғалыққа жетілуінде ұқсастыру (идентификация) мен 
тұлғалық дербестену (персонализация) үлкен маңызға ие.
Идентификация – тек өкілі санасында өзін басқа адамдармен, тіп-
ті бүкіл адамдар қауымы, қоғамымен теңдестіру, ұқсастыру сезімінің 
қалыптасуы.
Персонализация - әрбір тұлғаның басқа адамдар арасындағы өзінің ке-
мелді өкілеттілігін, қадір – қасиетін ұлықтай білуі мен нақты әлеуметтік 
қауымдастықта өз мүмкіндіктерін ашып, іске асыра білу сезімі.
Өзге адамдармен тұлға өзінің «Мен» сезімімен, яғни өзі жөніндегі өз 
тұжырымдарымен, өз мүмкіндіктерімен, өз мәнділігі негізінде қатынас 
жасайды. Тұлғаның өзіндік танымы (рефлексия) нақты «Мен» мәніне 
сәйкес болуы да, болмауы да мүмкін. Өз «Менін» орынсыз асқақ тұту не 
оның деңгейін жөнсіз әбден қарапайымдылықта төмендетіп жіберуден 
ішкі тұлғалық дау-дамай күйзелісі (конфликт) пайда болады.


65
Тұлғаның өмір жолы нақты тарихи- әлеуметтік кеңістікте өтеді. 
Өндірістік - материалды жағдайлардың, тұтыну аймақтарының
әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмір 
сүру қалпын айқындайды, оның әрекет – қылығындағы тұрақтанған 
меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.
Әр тұлға өзінің өмірлік ізгілікті бағыт – бағдарын (стратегиясын) 
қалыптастырады. Ізгілікті бағыт - бағдар мәні – тұлғаның өмірлік 
ұстанымы, өз құндылықты бағытына сәйкес ағымдағы тіршілік 
жағдайларын өзгерту және оларды пайдаланудың, жасаудың жалпылай 
әдістері жүйесінің тұрақталған бет алысы.
Тұлға қалпының аса маңызды көрсеткіші оның өзіндік психикалық 
реттеу әрекеті, оның әрекет – қылығының әлеуметтік қалыптасқан 
өлшем – шектерге сай емес, тікелей жанама қарым – қатынасқа түсе 
білуі.
Тұлға өзінің тұрақтанған қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар: 
сыртқы ықпалдарға сезімталдығы, тұрақты сеп – түрткі, қызығу, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет