Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Тұлғааралық қатынастар психологиясы



Pdf көрінісі
бет90/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97
Психология негіздері

47. Тұлғааралық қатынастар психологиясы
Тұлғааралық қатынастар – бұл адамдар арасындағы объектив 
пайымдалатын, әрқилы дәрежеде түсіністікпен бағаланатын өзара 
байланыстар.
Мұндай қатынастар негізінде өзара байланысқан адамдардың 
эмоциялық қалпы мен психологиялық ерекшеліктері жатыр. Іскерлік 
қатынастардан ажырату үшін мұндай байланыстарды экспрессиялы, 
эмоциялы деп те атау қабылданған.
Тұлғааралық қатынастардың дамуы жыныстық, жас, ұлттық 
және басқа да жағдаяттарға тәуелді. Аралық байланыстарда әйелдер, 
мысалы, өзін айқара ашып танытқанды қалайды, өзі жөніндегі мәлімет, 
ақпараттарды басқалар алдында жайып салуға оңтайлы. Олар көбіне 
жалғыздығына қиналатынын әңгіме арқауы етеді. Әйелдер адам аралық 
қатынастарда көрінетін ерекшеліктерімен еленсе, ерлер – іскерлік сапала-
рымен танылады. Әртүрлі ұлттық қауымдастықтарда өзара байланыстар 
адамның қоғамдағы беделіне, жыныстық – жастық мәртебесіне, түрлі 
әлеуметтік топтарда болуына тәуелді түзіледі.
Тұлғааралық қатынастардың ен жаю үдерісі, аралық байланыстар 
динамикасын, реттеу механизмдері мен олардың даму шарттарын 
қамтиды.
Тұлғааралық қатынастар дамуының қозғалысты көрінісі: олардың 
туындауы, бекуі, кемелденуі, кейін бұл үдеріс біртіндеп әлсірей бастай-
ды.
Тұлғааралық қатынастар дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді: танысу, 
ашыналық, жолдастық және достық. Таныстық қоғамда қалыптасқан 
әлеуметтік –мәдени нормаларға сәйкес қалыптасады. Ашыналық 
қатынастар өзара байланысты бұдан былайда үзбеуге дайын тұрудан бо-
лады. Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, 
адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.


97
Достық қатынас ортақ мүдделік мазмұнға ие болып, мұндай 
деңгейдегі араласуда адамдар қызығулары, ұмтылыстары мен мақсаттары 
бір арнаға түседі.
Тұлғалар арасындағы өзара ықпалды байланыс қатынас мүшелерінің 
әлеуметтік бағыт-бағдарларымен, олардың мән-мағынасымен, әлеуметтік-
психологиялық таным – рефлексиясымен айқындалады. Тұлғалар 
қатынастарының мәні әлеуметтік қабылдау (перцепция) тетіктері мен 
себептік (каузальды) жағдаяттардың шарттарына орайласады.
Қабылданатын әлеуметтік нысан нақты адам таңдап алған байла-
ныстар жүйесіндегі мән-мағынамен бағаланады. Қатынасқа түскен адам-
дар сапалары сәйкес не өзара толықтыратын болса, адамдар арасындағы 
байланыстар ұнамды сипат алады, ал мұндай екеу не көпшілік сапа, 
қасиеттері бірі-біріне кереғар келіп, өзара психологиялық сыйымсыздық 
сипатта болса, қатынастар болымсыз күйге келеді.
Қабылданушы әлеуметтік тұлға әрдайым өзі ниеттеген әсер қалдыру 
үшін байланыстар табысына жол ашатын, нақты әлеуметтік топтар күткен 
өз кейіп - келбетін - имиджін, яғни өзінің белгілі тұлғалық бейнесін 
қалыптастыруға ұмтылады.
Сұхбаттас өз әріптесіне ықпал жасай отырып, әдетте, өз мақсатына 
жету үшін оған қолайлы әсер қалдыруға, байланыс түзіп отырған 
адамының мінез-құлығы мен сырттай кейпіне сәйкес әрі бейім өз ұғымын 
қалыптастыруға тырысады.
Адамның сырттай кейпі оның ұлттық, әлеуметтік сипаты, психикалық 
сапалары мен мәдениет деңгейі және т.б. жөніндегі көптеген ақпарат 
мәліметтердің бірігімі ретінде пайымдалады. Бірін-бірі қабылдай отырып, 
адамдар сұхбаттасының мінезі, психикалық қалпы, оның коммуникативті 
және іс-әрекеттік бейімдері жөнінде қорытындыға келеді.
Басқа адамдар әрекет-қылығына берілетін баға көбіне асығысты, бір 
жақты болып қана қоймай, кейде тіпті қисынсыз да болады. Әрекет-
қылықтың кейбір себептері орынсыз әсіреленеді не өз деңгейінде еленбей 
қалады.
Ер мен әйелдің бағалауы мен өзіндік баға беруі сәйкес келмейді. Ер-
лер өзін не басқаларды сапалық тұрғысынан бағаласа, әйелдер көңіл-күй 
әсерімен баға береді. Өз қылықтарын әйелдер төңірегіндегі жағдайларға 
байланыстыра түсіндіруге тырысады.
Адамдардың өзара ықпалдастық байланыстарында тұлғаның бағалау 
жүйесі ғана көрініп қоймай, олардың ақыл-ес (интеллект) типі де ашы-
лады. Мысалға, эмпирикалық тип тұрмыстағы күнделікті күйбең, 
майда-шүйдеден әрі аса алмайды, құбылыстар арасындағы жүйелілікті, 


98
көптараптылық пен олардың элементтері арасындағы динамиканы аңдай 
бермейді. Басқа адамдардың әрекет-қылықтарының астарындағы себеп-
терді қарапайымдастыруға бейім. Ал абстрактты тип жалқылықтан 
гөрі жалпылық қорытынды жасап, заттар аймағынан шығып, дерексіздік 
деңгейде ой топшылауға қабілетті келеді.
Әрқилы бағалау шектері нақты қызметтестік және қарама-қарсылықтар 
жағдайында өзінің шынайы көрінісін алады. Дау-дамайлы жағдайды адам 
қарсыласының әлсіздеу тұстарын табуға ынталы келеді.
Қарым-қатынас субъекттерінің әрқилы мәртебелік деңгейі де өзара 
бағалау сипатына ықпал жасайды. Басшы өз қарауындағы адам сапа-
сын бір тұрғыдан зерделесе, бағынышты басшыны екінші бір тұсынан 
бағалайды, мұндайда алдымен басшының сырттай көріністі белгілері 
көзге түседі де, бағынышты тұлға басшыда өзіне ғана қажет болған сапа 
көріністерге мән береді.
Сырттай көрініс, ақпарат белгілерін пайдалану адамаралық 
қатынастардың бәрінде бірдей қабылданған әдіс. Қай жағдайда да адам 
өз қалауына сәйкес екінші адам әрекетін күтеді. Әрекеті өз ойындағыдай 
болса, адам қанағат табады, ал күткеніндей болмаса, өкінеді, дағдарысқа 
түседі, тіпті жек көретін болады.
Адамдардың көбі өздерін өзінде қалыптасқан мінез-құлық талапта-
рына сай көрсетуге бейімделген. Қарым-қатынас нәтижелерін алдын ала 
жоспарлай отырып, әріптесін қалайда өзі күткен әрекетке түсіруге ты-
рысады. Көңілшек адам өзін «өкпелі» көрсетеді, тәкаппар тұлға қайткен 
күнде де қарсыласына «соққы беруге» дайын тұрады. Адамдар әрдайым 
өз бойында құнды деп таныған қасиеттерін алға тартуға тырысады. Кей-
бір адамдардың істерін істеп алып, «қайтейін, мен осындаймын!» - деп 
қасарысатыны осыдан.
Қайсы бір көңіл әсерлері адамның сырттай кейпі, көріністеріне (бой 
ұстау, ым-ишара, қозғалыс қимылдары) орай қалыптасады, дегенмен 
мұндайда асығыс пікір топшылаудан аулақ болған жөн. Адамның шы-
найы мәнін оның әрқилы жағдайдағы әрекет-қылығын талдай отырып, 
қандай да рольде көріну үшін жамылған бет пердесі түскенде ғана түсіну 
мүмкін. 
Көбіне жақын адамдар арасында қатынастар, бейтаныстар 
араларындағыдан гөрі қиындау соғады. Мұның себебі: адамды неғұрлым 
жақсы танысақ, соғұрлым оның нені қаламайтынын білеміз. Құндылықты 
бағыт-бағдарлары орайласа келген адамдардың өзара түсіністігі 


99
жоғарылау келеді. Ал рухани бірлестік болған жерде қатынас мызғымас 
сипатқа ие болады.
Әр тұлға басқа адамдарды бағалаудың өзіндік өлшеміне ие. Екінші 
адамды тани отырып, тек өкілі онымен қатынас жасаудың жол-жобасын 
түзеді, күні ілгері оның мінез-құлығына сәйкестене әрекет жасаудың жол-
дарын қарастырады. Сонымен бірге, өз әрекетінің әріптесі тұрғысынан 
қалай қабылданатынын пайымдайды. Осыдан адамда әлеуметтік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет