Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет15/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97
Психология негіздері

Психикалық қасиеттері психиканың әрбір жеке адамға тән тек-
тік ерекшеліктері, тұлға бойына біткен психикалық үдерістердің іске 
асу ерекшеліктері.
Тұлғалық психика қасиеттері: ) темперамент, ) тұлға бағыт-
бағдары (қажеттер мүдделер, дүниетаным және мұрат-мақсаттар); 3) 
мінез; ) қабілеттер.
8. Сана – психиканың жоғары формасы
Сананың пайда болуы және дамуы
Психика дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді.
I-кезең. қарапайым сезімталдық – бұл сатыда тек өкілдерінің инс-
тинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары 
қалыптасады.
II-кезең. Заттай қабылдау. Бұл кезеңнің нәтижесі – дағдылар, яғни 
тек өкілінің жеке-дара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар фор-
масы. 
III-кезең. Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллек-
туалды әрекет-қылық – заттар арасындағы байланыс – қатынастарды 
бейнелеуші психикалық әрекеттердің күрделі формасы.


7
Қарапайым сезімдік сатыда тіршілік иесі сыртқы дүние заттарының 
жекеленген қасиеттеріне ғана назар аударады, ал оның әрекет-қылығы 
тума инстинкттерге (қоректену, қорғану, көбею және т.б.) байланысты ке-
леді. Заттай қабылдау кезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай 
күйінде тану жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп, 
жеке-дара әрекет-қылық дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала 
бастайды. 
Үшінші, интеллекттік кезеңінде жан иесі затаралық байла-
ныстарды бейнелеуге, орта жағдайларын тұтастай тануға қабілеттеніп, 
нәтижеде кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке дайындық көріп, 
оны орындаудың жаңа жолдарын «ойластыру» дәрежесіне көтеріледі. 
Бірақ «ақыл-ес» әрекеті бұл кезеңде биологиялық қажеттер аймағынан 
шықпай, көрнекілік шеңберінде орындалып жатады.
Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы біршама 
жоғары деңгейлі (себебі Homo sapiens – ақылды адам). Адам санасы
ақыл-ойы қажеттіктен туындаған еңбек үдерісінде, ежелгі адамның қиын 
тіршілік жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті әрекетке келуінен 
бірте-бірте қалыптасып барды. Сонымен, адамзаттық материалды, ру-
хани мәдениеті – барша адамдардың психикалық дамуымен байланысты 
жүзеге келген жетістіктерінің ұжымдық формасы.
Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқы мен әрекет-
қылығының әдіс-тәсілдерін өзгертіп барады, өзінің табиғи нышандары 
мен қызметтерін аса жоғары психикалық қызметтерге ауыстырады. 
Енді тума қалыптасқан инстинкт не жағдай үйреткен ауыспалы дағдылар 
анайы адамиласқан, қоғамдық-тарихи шарттасқан ес, ойлау, қабылдау 
(қисынды ес, дерексіз – қисынды ойлау) формаларына өтеді. Адам бұдан 
былай тарихи даму үдерісінде қалыптасқан жанама құралдарды пайдала-
нып, сөйлеу рәміздерін қолдану қызметтерін атқаратын дәрежеге жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет