8
·
адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты
өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын
қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды бай-
ланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.
· сана сипаттары:
іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ
оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер
мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері
байқастыра білу.
Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның өз
әрекеттерінің
нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және
соларға сәйкестендіріп әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай білу
қабілеті. Тұлға өз іс-әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен
жобалап, құрастырады. Бұл іс-әрекет жағдайды
тікелей қабылдаумен
шектелмей, оның даму заңдылықтарын білу негізінде орындалып жатады.
Адам санасы алдағы оқиғалардың заңдылықты қалануын болжастырады,
яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады.
·
жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана
төмендегідей формаларда көрінеді:
1) ғылым – заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар
және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;
2) өнер – болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік
тұрғыдан
игерудің
арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі
қырларының бейнеге келтірілген моделі;
Достарыңызбен бөлісу: