Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет45/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97
Психология негіздері

қарастырылады.
Зерде құрылымы. Ч.Спирмен көзқарасында, әрбір адам өзінің жал-
пы зердесінің белгілі деңгейімен сипатталады. Осыған орай тек өкілі 
қоршаған ортаға өзінше бейімдеседі. Сонымен бірге, адамдардың бәрінде 
әрқилы дәрежеде дамыған, нақты қызметтерде ғана көрінетін арнайы
зерделілік болады.
Торстоун жалпы зерденің әрқилы құрылым элементтерін қарастыра 
отырып, алғашқы ақыл-ес мүмкіндіктерін атайды. Олар – ) есептеу 
қабілеті; ) сөз икемділігі; 3) сөздік қабылдау; ) кеңістікте бағдар 
алып жүру қабілеті; 5) ес; 6) пікір жүргізу қабілеті; 7) қабылдау 
шапшаңдығы.
Р.Кэттел пайымдауынша, әр адамның ақыл, ес, парасаттық, яғни 
зерделілік мүмкіндігі тумадан беріледі. Осы қасиет тұлғаның өмір 
барысындағы ойлау, дерексіздендіру (абстракциялау) және пікір жүргізуге 
деген қабілеттерінің негізін береді. Шамамен, 0 жас деңгейінде тұлғаның 
зерделілік дамуы өзінің шарықтау дәрежесіне жетеді.
22. Ой белсенділігін көтеру әдістері
Ойлау әрекеттері белсенділігін көтеру үшін ой үдерістерінің әрқилы 
ұйымдасқан формаларын пайдалануға болады. Солардың бірі «ақыл 
шабуылы» (брейнсторминг). АҚШ ғалымы А.Обсорн ұсынған бұл әдіс


6
топпен жұмыс істеуде идеялар не шешімдер туындатудың аса бір өнімді 
жолы ретінде кеңінен қолданым табуда.
«Ақыл шабуылын»ұйымдастырудың негізгі ережелері келесідей:
- топ әрқилы мамандық бағытындағы түрліше ойлау еркіндігі бар 7-0 
адамнан құралады. Олардың -3 ғана қарастырылатын мәселе бойынша 
хабардар болса, жеткілікті.
- «сынға тұсау салуға», яғни өзгелер пікірін кесуге, ол бойынша сын 
айтуға шек қойылады. Ой бөліскенді мақтау-негізгі шарт, бөгде идеясын 
дамыта жалғастырған немесе өз ұсынысын ортақтасқан марапаттала-
ды.
- қатысушылар ешқандай қысым көрмей, өзін еркін сезінуі үшін жара-
сымды қатынастар мен жайлы да шуақты жағдайлар жасалуы міндетті. 
Отырғыштар шеңбер бойлап орналастырылуы тиіс.
- айтылатын ойлардың бәрі магнитті таспаға жазылады не 
стенографиялық әдіспен хатталады. Авторы көрсетілмейді.
- брейнсторминг нәтижесінде алынған пікір, идеялар қаралған про-
блемалармен айналысатын мамандар – эксперт тобына құнды идеялар-
ды іріктеу үшін өткізіледі. Зерттеулер дәлелдегендей, бағалы идеялар 
мұндайда 0% көлемінде болуы ықтимал. Қатысушылар эксперт топқа 
енгізілмейді.
Әрқилы мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтаушы топ жүргізетін 
«ақыл шабуылы» негізінде «синектикалық тай-талас» (sinтonik 
– басқалар толғанысын бөлісу) әдісі пайда болды. Бұл әдісті ұсынған 
ғалым У. Тормен міндетті болған төрт арнайы сәйкестікке негізделген 
тәсілді орындау талабын қояды: тура (берілгенге ұқсас мәселелер қалай 
шешілетінін ойланып көріңіз); өз басы не басқа толғанысынан болған 
– эмпатиялық (мәселе нысанындағы бейнеге еніп, сол тұрғыдан көзқарас 
білдіріңіз); рәміздік – символикалық (екі ауыз сөзбен мәселе мәнінің 
өрнекті анықтамасын беріңіз); қияли – фантастикалық (ойланып 
көріңізші, бұл мәселені ертегі сиқыршысы қалай шешкен болар еді).
Ізденіс белсенділігін көтерудің және бір жолы – фокальды нысан әдісі 
(фокаль-фокус- зейін шоғырланған нүкте). Бұл әдістің мәні – кездейсоқ 
таңдап алынған бірнеше нысан белгілері қарастырылып жатқан нысанға 
беріледі, нәтижеде тосын, көзге оғаш бірікпе пайда болады. Мұндайда 
адам бұрынғы әдеттенген ойлау қалпынан босанып, өз тоғышарлығын 
жеңумен жұрт құсап емес, бұрын соңғы болмаған ойлау жүйесіне өтуге 
дағдыланады. Мысалы, егер кездейсоқ нысан ретінде «жолбарыс» алып, 


7
ал назарда (фокальда) «қалам» болса, санаға «жолақ қалам», «азулы 
қалам» сияқты ой кіреді. Осы тіркестерді таразылай және дамыта отырып, 
соны, түбегейлі жаңа шешімдерге келу мүмкін (Архимед «эврикасы»: 
адам және ол шомылған ваннадан төгілген су байланысынан таразылап 
болмайтын ірі заттарды өлшеу тәсілі ашылды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет