Лекци «Рухани жаңғыру»


Лекция 9. Қызылорданың көшелері



бет5/10
Дата14.12.2022
өлшемі73.9 Kb.
#467207
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
15 лекция

Лекция 9. Қызылорданың көшелері
Қызылорда – Қазақстанның оңтүстігіндегі қала, Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 241 416[1] адам (2019). 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, ТасбөгетБелкөл кенттері, ҚосшыңырауҚызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары. Қала теңіз деңгейінен 126-130 м биіктікте жатыр. Қала аумағы өзенді бойлай оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай төртбұрышты пішінде созылып жатыр. Жер аумағы 3683 га. Қаланың 17,0 га аумағы теміржол тораптарына, 165 га аумағы көліктік көшелерге, 19 га аумағы талы жоқ қала бақтары мен демалыс орындарына, 51 га алқабы шөлді-шөлейітті орындар үлесіне тиеді.
Бүгінде Қызылорда қаласында 800-ге жуық ресми көше атаулары бар.
1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Соңғы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей шағынаудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын игеруі тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпал ете бастады. Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс БаһадүрӘйтеке би, Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлар мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар — өлке тарихына енген, көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер.
Лекция 10. Қызылордалық ҰОС батырлары
Жалпы Сыр өңірінен сұрапыл соғысқа 150 мыңдай сырбойылық аттанған. Солардың жартысынан астамы туған жерге оралмаған.
1941 жылдың соңынан бастап облысқа эвакуациямен көшірілген кәсіпорындар келе бастады. Бұған дейін облыс аумағына сырттан 36542 адам көшіп келген еді. Олардың ішінде еңбекке жарайтын 18 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Қазақстанға көшірілген 142 кәсіпорынның 11-і Қызылорда облысына келді. Бұлардың ішінде екі паровоз жөндеу шеберханасы, үш консерві заводы, электрожабдықтар, механикалық заводтар болды.
Қызылорда қаласына Украинаның біріккен университеті (құрамында Киев және Харьков университеттері бар), Москваның ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институты, Қырым медицина институты орналасты. Жоғары оқу орындары 900-ден астам маман даярлап шығарды. Көшіп келген кәсіпорындар тез іске қосылды. Олардың өндірістік қуаттары қалпына келтірілгеннен кейін бұрынғысынан кеміген жоқ. Мәселен, Дзержинскии атындағы электротехника заводының өндірістік қуаты көшірілгенге дейін 200 мың сом болса, қалпына келтірілгеннен кейін де сол дәрежесін сақтады.
Облыстағы бірқатар кәсіпорындарға облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша соғыс қару-жарақтарын дайындау тапсырмалары белгіленді. Айталық, облыстық кәсіпшіліккеңесінің артельдері мен шеберханаларына соғыс киім-кешектерін тігу тапсырылса, Қызылорда, Қазалы темір жол депосына мина және қол гранаталарын жасау міндеттелді. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қаулысына сай Жосалы механикалық заводы 82 миллиметрлік шойын миналар жасайтын болды.1942 жылғы 23-қаңтардағы КСРО Түсті металлургия министрлігінің бұйрығымен бұл заводқа наурыз айында 10 мың мина дайындауға тапсырма берілді. Бүкіл ұжымның қажырлы жұмысының арқасында сол жылдың сәуірінің өзінде-ақ мина шығару күніне 500 данаға жетті.
Қызылорда қаласында Москваның "Парижская коммуна" аяқ киім фабрикасының бірқатар жабдықтарын орналастыру кезінде аяқ киім фабрикасы ұйымдастырылды. Мұнда күніне 2400 пар аяқ киім тігілді. Болыс аумағына орналастырылған үш консерві заводы балық өндеу өндірісіне кешендік сипат берді, ал механикалық және электротехникалық заводтар шын мәнінде қорғаныс өндірсінің негізін қалады. Осылайша көшіп келіп орналастырылған кәсіпорындар облыстық өндірістік-техникалық негізін нығайтты.
Соғыс жылдарында өнеркәсіптің салалары қысқару орнына керісінше кеңейе түсті. Егер 1940 жылы облыста металл өндірісінің жалпы үлесі 22,7 пайыз, тігін бұйымдары 3,6 пайыз болса, ол кейін 39,0 және 5,7 пайызға жетті. Жыл бойы өндіріс орындарында қызмет істейтіндердің де саны артып 12 мың адамға көбейді, сөйтіп жалпы өніп 53551,0 мың сомды құрады. 1942 жылдың сәуірінде Арал балықшылары Қазақ ССР-нің барлық балықшыларына үндеу тастады. Онда әрбір балықшы күніне теңіз бен көлдерден 40 килограммнан балық аулауға, сөйтіп, жылдық тапсырманы 25-желтоқсанда орындап шығуға шақырды. Бастаманы Каспий, Балқаштың, бүкіл республиканың балықшылары қызу қолдады. Осының нәтижесінде 1942 жылы Арал теңізі аймағынан 153,5 мың центнер балық ауланды.
Соғыс жылдарында майданда және госпитальдарда жұмыс істеуге 700 мың медицина саласының қызметкерлері шақырылды. Олардың 280 мыңы дәрігер, 11 мыңы фармацевтер, 57 мыңы фельдшерлер, қалғандары медбикелер және санинструкторлар болды. Бұған қоса медициналық оқу орындары оның ішінде Қызылордада орналасқан Симферопольден көшірілген Қырым медициналық институтын қосқанда 5 мыңнан аса дәрігерлер мен 17389 фельдшерлер оқу орындарын соғыс кезінде бітіріп көбісі майданға аттанды.
21 қызылордалық азамат Кеңес одағының батыры деген мәртебелі атаққа ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет