Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер
Бұранда кескіш-жону станогының негізгі түзілімдері Бұранда кескіш-жону станогы (6.17-сурет) келесі негізгі тораптардан тұрады. Горизонталь
бағыттаушылары бар орнақ 2 станок тораптарын жинақтау үшін қызмет атқарады және екі
қысқа бағанада орнатылған. Алдыңғы қысқа бағанада 1 – станоктың бас жетегінің электр
қозғалтқышы, артқы қысқа бағанада 17 майлау-салқындату сұйықтығына арналған бак және
оны кесу аймағына беруге арналған сорғы станциясы жинақталған.
Станоктың сол жағынан орналасқан алдыңғы тұғырда 6 жылдамдықтар қорабы 4 және
патроны 7 бар айналдырық жинақталған. Жылдамдықтар қорабының механизмі айналдырық
айналымдарының әр түрлі шамасын алуға мүмкіндік береді, онда өз кезегінде дайындаманы
бекітуге және оған айналым беруге арналған құрылғы орнатылады. Алдыңғы тұғырдың беттік
жағында жылдамдықтар қорабының механизмдерін басқару панелі 5 орналасқан.
Берілістер қорабы 3 орнақтың 2 беттік жағында орналасқан. Онда суппортқа 11 онда
орналасқан кескіштермен бірге дайындаманы өңдеу кезінде, соның ішінде бұранданы кесу
кезінде жылжытудың әр түрлі жылдамдықтарын беруге мүмкіндік беретін механизмдер
жинақталған.
Кескіштерді керекті бағытта бекітуге және жылжытуға арналған суппорт 11 бірнеше
бөліктен тұрады. Орнақтың бағыттаушыларына орнатылған бойлық жылжымалар 8, бойлық
берілісті қамтамасыз етіп, айналдырықтың бойында жылжиды. Көлденең жылжымалар 9 бойлық жылжымалардың бағыттаушылар бойынша көлденең бағытта жылжиды. Төрт
позициялы кескіш ұстағышы 10 бар айналатын жылжымалар 12айналдырықтың осіне талап
етілетін бұрышпен орнатылуы мүмкін, бұл конустық беттерді өңдеу кезінде қажет болады.
Бойлық жылжымаларға 8 станоктың алжапқышы 13 бекітіледі, оныңмеханизмдері
жүрістік біліктің 14 немесе жүрістік бұранданың 15 айналмалы қозғалысын суппорттың
дайындамаға қатысты ілгерілемелі қозғалысына түрлендіреді. Артқы тұғыр 16 орнақтың оң
жағынан орнатылған және оның бағыттаушылары бойында жылжуы мүмкін. Артқы тұғырдың
сүйеу төлкесінде ұзын өлшемді тетіктерді ұстап тұратын, сондай-ақ тесіктерді өңдеу кезінде
құралды (бұрғылар, үңгілер, ұңғылағыштар) бекіту үшін қызмет атқаратын центрлер
орнатылады.
1 – алдыңғы қысқа бағана; 2 – тұғырық; 3 – берілістер қорабы; 4 – жылдамдықтар қорабы;
5 – басқару панелі; 6, 16 – алдыңғы және артқы тұғыр; 7 – патрон; 8, 9 – бойлық және көлденең
жылжымалар; 10 – кескіш ұстағышы; 11 – суппорт; 12 – айналатын жылжымалар; 13 –
алжапқыш; 14 – жүрістік білікше; 15 – жүрістік бұранда; 17 – артқы қысқа бағана
6.17-сурет – Бұранда кескіш-жону станогының жалпы түрі
Артқы тұғырдың конструкциясы оның осінің көлденең бағытта ығысуын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді, бұл конустылық бұрышы кіші ұзын конустық тетіктерді өңдеу кезінде
S
б
S
л
122
пайдаланылады. Басты қозғалыс және беріс қозғалысы сәйкес жетектердің көмегімен жүзеге
асырылады. Станокта жұмыс істеушіні түсетін жоңқадан жарақаттанудан қорғау үшін станокта
қорғаныш құрылғылар көзделген.