Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет75/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
S
к
S
к
S
к


120 
 
2-дәріс. Дайындамаларды жону станоктарында өңдеу 
Жону тобының станоктары сыртқы және ішкі айналу беттерін (цилиндрлік, конустық және 
фасондық), жазық шет жақ беттерін өңдеуге (шет жақтарын кесу), сыртқы және ішкі 
бұрандаларды кесуге және кейбір басқа жұмыстарға арналған. Жону станоктарында өңдеудің 
барлық түрлері жүргізіледі: сыдыру, қаралтым, жартылай таза, таза және жұқа. 
Жону станоктарында арнайы құрылғыларды пайдалану кезінде бірқатар қосымша 
операцияларды, соның ішінде цилиндрлік беттер аунақшаларымен және шарларымен домалату 
және жаю, алмастық тегістеу, бұдырларды бүрлеу, жонғылау, ажарлау және басқа опера-
цияларды орындауға болады. 
Жону тобы станоктарының типтері және қолданылу саласы 
Машина жасауда жону тобының станоктары металл кескіш станоктардың ортақ паркінен 
30…40 % құрайды. Тағайындалуына және конструкциясына байланысты осы топтың 
станоктары келесі типтерге бөлінеді: 1 – автоматтар және бір айналдырықты жартылай авто-
маттар; 2 – автоматтар және көп айналдырықты жартылай автоматтар; 3 – револьверлі; 4 – тесу-
кескіш; 5 – айналма; 6 – жону, жону-бұранда кескіш және маңдайлы; 7 – жону-көп кескіш; 8 – 
арнайыландырылған; 9 – арнайы. Жону станоктарының әрбір типінің бірнеше моделі бар.
Жону автоматтары және жартылай автоматтары ірі сериялы және жаппай 
өндірістерде аса кең таралды. Олар күрделі пішін үйлесімді тетіктерді бірнеше құралдармен 
өңдеуге арналған. Жартылай автоматтарда дайындамаларды механикалық өңдеу процесі ғана, 
ал сондай-ақ автоматтарда дайындамаларды тиеу және өңделген тетіктерді түсіру процесі 
автоматтандырылған. Жону автоматтары және жартылай автоматтары әмбебап және арнайы, 
бір және көп айналдырықты, горизонталь және вертикаль болады. 
Револьверлі (револьверлі-жону) станоктары сериялық өндіріс жағдайларында күрделі 
пішінді тетіктерді өңдеуге арналған. Бұл станоктар арнайы құрылғылармен – револьверлі 
бастиектермен (револьверлі суппорттармен) жабдықталған, олар бірнеше құралдың бір мезгілде 
орналасуы үшін қызмет атқарады. Револьверлі бастиектер осьтері вертикаль да, горизонталь да 
болуы мүмкін. 
Айналма (айналма-жону) станоктары биіктігі үлкен емес ірі габаритті (L/D = 0,2…0,3) 
дайындамаларды өңдеу үшін қолданылады. Бұл доңғалақтар, турбиналар, маховиктер және 
т.с.с. дайындамалары болуы мүмкін. Жону станоктарынан ерекшелігінде дайындама дөңгелек 
горизонталь үстелде – вертикаль айналу осі бар айналмалар орнатылады. Айналма үстелінің бар 
болуы (диаметрі 0,5…2 м) дайындамаларды станокта орнатуды, дәлдеуді және бекітуді 
жеңілдетеді. Кескіштер және осьтік құралдар бір тіреулі станоктарда – вертикаль тіреуде 
орналасқан револьверлі бастиекте, не болмаса екі тіреулі станоктарда маңдайшада бекітіледі. 
Айналма станоктар әмбебап та, арнайыландырылған да болып шығарылады. 
Маңдайлы станоктар диаметрі үлкен және ұзындығы шағын дайындамаларды өңдеуге 
арналған. Өңделетін дайындама станок айналдырығында орнатылған планшайбада бекітіледі. 
Планшайба астында станок орнағының ойықшасы бар, бұл диаметрі планшайбаның 
диаметрінен үлкен дайындаманы өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Маңдайлы станоктарда 
сыртқы цилиндрлік және конустық беттерді жонуға, шет жақтарды өңдеуге, бунақтарды 
жонуға, ішкі беттерді кеулей жонуға болады. Бұл станоктар жеке және ұсақ сериялы өндірістер 
жағдайларында қолданылады. 
Негізінде ірі сериялы және жаппай өндірістерде қолданылатын көп кескіш-жону 
станоктары сатылы біліктерді, тісті доңғалақтар блоктарын және басқа күрделі тетіктерді 
өңдеуге арналған. Бұл станоктардың екі және одан көп суппорттары бар, олардың әрқайсысын-
да бір мезгілде жұмыс істейтін бірнеше кескіштер бекітілген. Көп кескіш-жону станоктары 
тәртіп бойынша автоматтық циклде жұмыс істейді. 
Арнайыландырылған және арнайы жону станоктары белгілі типтік өлшемді тетіктерді 
өңдеу үшін қолданылады. Машина жасау кәсіпорындарында жону және бұранда кескішжону 
станоктары аса көп таралды. Жону станоктары бұрандаларды кесуді қоспағанда, жону 
жұмыстарының барлық түрлерін орындау үшін қолданылады. Бұранда кескіш-жону станоктары 


121 
жону станоктарынан жүрістік бұраманың бар болуымен ерекшеленеді, бұл дайындаманың 
сыртқы және ішкі беттерінде бұранда кесуді орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Барлық жону және бұранда кескіш-жону станоктары бір типті құрастырылған, сонымен 
бірге бұранда кескіш-жону станогының құрастырылуы аса тән болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет