Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


-дәріс. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу



Pdf көрінісі
бет81/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

3-дәріс. Дайындамаларды жоңғылау станоктарында өңдеу 
Жоңғылау – дайындамаларды өңдеу тәсілі, ол кезде құрал (жонғыш) – үздіксіз басты 
(айналмалы) қозғалысты, ал дайындама ілгерілемелі беріс қозғалысын жасайды. Жоңғылау 
процесі дайындамалардағы әр түрлі беттердің пішін құруының жоғары өнімді және жан-жақты 
тәсілі болып табылады. 
Жоңғылаумен өңдеу әдісінің сипаттамасы
және оның технологиялық мүмкіндіктері 
 
Жоңғылаудың ерекшелігі кесу процесінің үзілмелілігі болып табылады. Бұл жонғыштың 
айналуы кезінде әрбір тістің дайындамаға соққымен ойып орнатылуымен, сонан соң 
айналымның тек кейбір бөлігінде ғана жұмыс істеуімен және кесу аймағынан шығуымен 
себептелген. Әрі қарай қозғалғанда тіс дайындамаға жанаспайды, бұл оның салқындауына және 
аса қолайлы жұмыс жағдайларына мүмкіндік туғызады. 
Жоңғылаудың барлық қолданылатын әдістерін екі негізгі сұлбаға – цилиндрлік және шет 
жақтық жоңғылауға әкелуге болады (6.44-сурет). Цилиндрлік жоңғылау (6.44-сурет, а) кезінде 
өңдеу жонғыштың осі өңделетін бетке параллель цилиндрлік бетінде орналасқан тістермен 
жүргізіледі. Жоңғылау кезінде, өңдеудің басқа тәсілдеріндегідей, кесу режимі: кесу 
жылдамдығымен v, беріспен s, кесу тереңдігімен t және жоңғылау енімен сипатталады. 
Шет жақтық жоңғылау (6.44-сурет, б) тістері жонғыштың шет жақ бетінде орналасқан 
жонғышпен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жонғыштың осі өңделетін бетке перпендикуляр 
болады. 
Жоғарыда айтылғандай, жоңғылау процесінің негізгі айрықша ерекшелігі кесудың 
үзілмелі сипаты болып табылады. Сонымен бірге жонғыштың әрбір тісімен кесілетін қабаттың 
қалыңдығы өзгермелі және қандай да бір минимумнан максимумға дейін және керісінше 
өзгереді. Кесу доғасында бір мезгілде бірнеше тіс жұмыс істейді, олар циклді түрде және 
үзіліспен жұмыс істейді. 
 
 
а – цилиндрлік; б – шет жақтық 
1 – дайындама; 2 – жонғыш 
6.44-сурет – Жоңғылау сұлбалары
Жонғыштың айналу бағытына және өңделетін тетіктің ілгерілемелі жылжуына 
байланысты (6.45-сурет) жоңғылаудың екі әдісін ажыратады: қарсы жоңғылау, дайындама 
S
б 
S
б 
S
б 
S
б 


130 
жонғыштың айналуына қарсы берілгенде және жолай жоңғылау, дайындаманың беріс бағыты 
және жонғыштың айналуы сәйкес келгенде. 
Қарсы жоңғылау (6.45-сурет, а) кезінде жонғыш тісі қалыңдығы нөлдік мәннен максимум 
мәнге (а
mах
) дейінгі жоңқаны алады, сонымен бірге жонғыштың әрбір тісіне жүктеме біртіндеп 
өседі және шығысында максимум мәнге дейін жетеді. Жоңғылаудың мұндай әдісін қатты беттік 
қабығы бар дайындамаларды қаралтым өңдеу кезінде қолдану ұтымды болады, өйткені тіс 
қабықтың астынан жұмыс істейді. Алайда сонымен бірге кесу күштері дайындаманы үстелдің 
бетінен жұлып алуға, оны қысқыш құрылғыдан жұлып алуға ұмтылады, бұл жоңқаның үлкен 
қималары болғанда дірілге және осының салдарынан, өңдеу сапасының нашарлауына әкеледі. 
Тістің алдыңғы тіспен беріктендірілген металдың беті бойында сырғанауы жонғыш тозуының 
жоғары болуына әкеледі. Тістің алдыңғы тіспен беріктендірілген металл беті бойында 
сырғанауы жонғыш тозуының жоғарылауына әкеледі. 
а – қарсы; б – жолай 
6.45-сурет – Жоңғылау әдістері 
 
Жолай жоңғылау (6.45-сурет, б) аса қолайлы. Өңдеудің басында жонғыш тісі 
дайындамадан аса үлкен қалыңдықты металл қабатын алады, сонымен бірге тіске түсетін 
жүктеме максимумнан нөлдік мәнге дейін өзгереді. Пайда болатын күш дайындаманы үстелге 
қысады, дірілдер минимум болады, тістердің сырғанақтауы болмайды. Осының барлығы 
өңделетін беттің жақсы сапасының алынуына және құралдың өңдеуді құймалардың ластанған, 
ал кейде ағартылған бетінен немесе соғылмалардың от қабыршықпен жабылған бетінен 
бастайтынына қарамастан, оның аз тозуына әкеледі.
Жоңғылау кезінде кесу жылдамдығы v жонғыштың оның сыртқы диаметрі бойынша 
өлшенген айналма жылдамдығын білдіреді. Кесу жылдамдығын мына формула бойынша 
анықтайды: 
= πDn/1000, 
мұнда D – жонғыш диаметрі, мм; n – жонғыш айналымдарының бір минуттағы саны. 
Өңделетін тетік пен жонғыштың салыстырмалы орын ауыстыру шамасын беріс s деп 
атайды, ол мм/тіспен, мм/айн., мм/минутпен өрнектеледі. Қаралтым жоңғылау кезінде берісті 
мүмкіндігінше үлкен етіп таңдайды. Бұл жағдайда қадамы үлкен немесе тістері ірі 
жонғыштарды қолданады. Жартылай таза және таза жоңғылау кезінде беріс шамасы өңдеуге 
арналған әдіппен, тетік бетінің талап етілетін кедір-бұдырлығымен, жонғыш конструкциясымен 
және басқа факторлармен шектеледі. Бірақ бұл жағдайда ұсақ тістері немесе кіші қадамы бар 
жонғыштарды пайдаланады. 
Өңделетін дайындамадан жонғыштың бір айналымында алынатын металл қабатының 
қалыңдығын жоңғылау (кесу) тереңдігі t деп атайды. Қаралтым өңдеу кезінде жоңғылау 
тереңдігі – 3…8 мм және одан артық, ал таза өңдеу кезінде көбінесе өңдеуге арналған әдіптің 
шамасына тең (әдетте 0,5…1,5 мм). Бір өту ішінде өңделген дайындама бетінің шамасын 
жоңғылау ені В деп атайды. Цилиндрлік жонғыштар үшін ол – жонғыштар осіне параллель, ал 
шет жақтық жоңғылау кезінде беріс бағытына перпендикуляр өлшенеді. 
Жонғыштың бір тісімен (мысалы, цилиндрлік) алынатын көлденең кесіндінің ауданы 
жоңғылау енінің В кесілетін қабаттың қалыңдығына а көбейтіндісін білдіреді: 


131 
f = Ва
Жоңғылау процесінде кесілетін қабаттың қалыңдығы а қарсы жоңғылау кезінде тістің 
өңделетін дайындамаға ойып орнатылуы сәтінде нөлден бастап тістің дайындамадан шығу 
сәтінде а
max
максимум мәніне (6.45-суретті қараңыз, а) дейін өзгереді. Ол радиал бағытта 
өзгереді. Дайындамамен түйіспеде бір мезгілде бір емес, бірнеше тіс болады. Берілген уақыт 
моментінде барлық тістермен жоңғылау процесінде алынатын кесінді қимасының жиынтық 
ауданы кесу күшінің шамасына әсер етеді. 
Кесу элементтерінің берілген шамалары жоңғылау кезіндегі негізгі технологиялық 
(машиналықуақытты анықтайтын болады: 
Т
м
L/s
м
= (l + l
1
l
2
)/s
z
zn
мұнда L – жонғыштың беріс бағытында өтуінің жалпы ұзындығы, мм; l – жоңғыланатын беттің 
ұзындығы, 
мм; 
l
1
 
– 
ойып 
орнату 
жолы, 
мм;
l
2
– 
жонғыштың 
асып 
кеткіштігі; 
s
м
– 
минуттық 
беріс, 
мм/мин;
s
z
– тіске беріс, мм; z – жонғыш тістерінің саны; – жонғыштың айналу жиілігі, мин 
−1
. Ойып 
орнату жолының l
1
және жонғыштың асып кеткіштігінің l
2
шамасы жонғыштың диаметріне, 
жоңғылау тереңдігі мен еніне байланысты есептеледі және олар әдетте 1…5 мм-ді құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет