Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет18/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Тоқпақта қалыптау 
 
Тоқпақта қалыптау кезінде ашық және жабық, бір жылғалы және көп жылғалы 
қалыптарды қолданады. Тоқпақтың өнімділігін жоғарылату үшін бір жылғалы қалыптау кезінде 
2…3 таза жылғасы бар қалыптарды пайдаланады. Айналма соғу немесе периодтық илемді пай-
далану жолымен фасондық дайындамаларды алдын ала дайындап, балғаларда бір және екі 
жылғалы қалыптау аса прогрессті тәсілі болып табылады. 
Көп жылғалы қалыпта қалыптау кезінде онда бір немесе бірнеше дайындамалық жылға 
болуы мүмкін. 3.32-суретте соғылма (3.32-сурет, а), көп жылғалы қалыптың төменгі бөлігі (3.32-
сурет, б) және алынатын тетіктің (соғылманың) қалыптау әрекеттері (3.32-сурет, в) көрсетілген. 
Қыздырылған дайындама алдымен созба жылғаға 1 беріледі, ол дайындаманың белгілі 
учаскесінде көлденең қиманың ауданын азайту және оның ұзындығын ұлғайту үшін қызмет 
атқарады. Созылған дайындаманы жылжымалы жылғаға 2 қайта салады, ол белгілі учаскелерде 
қиманың өлшемдерін ұлғайту және металл көлемін дайындама осінің бойында қайта үлестіру 


34 
үшін қызмет атқарады. Бұл жылғада әрбір соққыдан кейін дайындаманы 90
о
-қа аударады. Сонан 
соң дайындама иетін жылғаға түседі, онда бір соққымен пішінге ажыранды жазықтығындағы 
соғылманың пішініне сәйкес келетін пішінді береді.
Иген соң дайындама пішінін соғылма пішініне барынша жақындату үшін оны бастапқы 
(қаралтым) жылғада 4 деформациялайды. Бұл жылғада кенерлі бунақ болмайды, бірақ 
қалыптардың жоғарғы және төменгі жартыларының беттері арасындағы ажыранды қуысында 
шағын кенерік түзілуі мүмкін. Қаралтым жылға соғылманы алдын ала құрап, таза жылғаның 
тозуын азайтады. Қалыптауды түпкілікті (таза) жылғада 3 аяқтайды, онда соғылмада 
түпкілікті пішін мен өлшемдер береді, ал металдың артығы қалып қуысының периметрі 
бойында орналасқан кенерлі бунаққа сығымдалады. 
а – соғылма; б – қалыптың төменгі жартысы; в – қалыптау әрекеттері; 
1 – созба жылға; 2 – жылжымалы жылға; 3 – аза жылға;
4 – қаралтым жылға; 5 – иетін жылға 
3.32-сурет – Көп жылғалы қалып 
Қарастырылған мысалда барлық жылғалар бір қалыпта орналасқан, бірақ олар қатар 
тұрған жабдықта орнатылған әр түрлі қалыптарда да орналасуы мүмкін. Дайындамалық және 
таза жылғаларда қалыптау балғаның бір (сирек) немесе бірнеше соққысында жүргізіледі. 
Соғылмаларды жасағанда сондай-ақ қайта қысатын және қалыптайтын дайындамалық 
жылғаларды, шөгуге және жаншуға арналған алаңдарды қолданады. Егер соғылма шыбықтан 
қалыпталса немесе бір мезгілде бірнеше соғылма қалыпталса, онда кесетін жылға немесе 
пышақ ескеріледі. 
Қалыптарда соғылмаларды алу үшін әдетте құлайтын бөліктерінің массасы 0,5…30 т бу-
ауалық балғаларды пайдаланады. Еркін соғуға арналған балғалармен салыстырғанда онда балға 
тоқпағы орналасатын олардың бағыттаушыларының ұлғайтылған ұзындығы бар. Сонымен қоса, 
оларда төстің массасы артықтау және тұғыры қаттырақ. Бұл ерекшеліктер қалыптаудың жоғары 
дәлдігін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет