Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Құм-балшық қалыптардың түрлері. Қалыптау тәсілдері



Pdf көрінісі
бет29/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Құм-балшық қалыптардың түрлері. Қалыптау тәсілдері 
 
Құйманы алудың аса күрделі және көп еңбек етуді қажет ететін операциясы қалыпты 
жасау процесі – қалыптау болып табылады. Қалыптарды, өзектерді жасау және қалыпты 
құрастыру – осы процестің аса жауапты кезеңдері. Қалыптарды – құю цехының қалыптау 
бөлімшелерінде, өзектерді өзек бөлімшесінде жасайды және жинайды, сонан соң соңғыларын 
қалыпты құрастыруға қалыптау бөлімшесіне береді. 
Қолданылатын модельдік жабдыққа байланысты қалыптауды модельдер (алынатын және 
алынбайтын, ажыратылатын және ажыратылмайтын); қима үлгілер (айналма және тарта 
жонғыш); жәшіктер (сіліккіш және алмалы-салмалы) бойынша ажыратады. Қолданылатын 
қалып жәшік жабдығының түрі бойынша топырақ пен кессондарда, қалып жәшіктерде және 
қалып жәшіктерсіз, өзектерде қалыптауды ажыратады. Қалыпты беріктендіру тәсілі бойынша 
қоспаны тығыздау арқылы беріктендіру, жылумен кептіру, химиялық қатайту, физикалық 
тәсілдер (магниттік күштер, вакуум және т.б.) арқылы қалыптауды ажыратады. 
Механикаландыру дәрежесіне байланысты қалыптаудың екі түрін ажыратады: қолмен 
және машинамен. Машина жасау зауыттарында қолмен қалыптауды бір немесе бірнеше 
құймалар алу үшін, мысалы, тәжірибелік-эксперименттік өндіріс жағдайларында, теңдессіз 
құймаларды жасағанда, сондай-ақ істен шыққан құю тетіктерін айырбастайтын дара 
құймаларды жасау үшін қолданады. Машинамен қалыптауды – сериялық және жаппай өндіріс, 
сирек жағдайда дара өндіріс жағдайларында, ал автоматтық қалыптауды жаппай өндіріс 
жағдайларында қолданады. Топырақта модельдер бойынша қалыптау және қима үлгілі 
қалыптау аз таралған. 
 
Құм-балшық қалыптарын жасау 
 
Құю өндірісінде қалыптарды жасаудың негізгі тәсілі – машинамен қалыптау. Қолмен 
қалыптау үлесі массасы бойынша 8 % кем емес үлесті құрайды және үздіксіз қысқарады. 
Қолмен қалыптау көп еңбекті қажет ететін ауыр жұмыспен байланысты және оның өнімділігі 


52 
төмен болады. Қалыптаудың бұл тәсілінің жеке ұсақ және орташа құймаларды немесе олардың 
шағын партиясын алу үшін қандай да бір қолданысы бар. Ірі құймаларды өндіргенде 
(топырақта, кессондарда) қолмен қалыптаудың аса маңызды мәні болады, ол кезде қалыптарды 
машинамен қалыптау әдістерімен жасау қиын немесе мүмкін емес болады. Қолмен қалыптау 
топырақта және қалып жәшіктерде ашық және жабық қалыптарда жүзеге асырылады. 
Ажыратылмайтын модель бойынша қалыптауды екі қалып жәшікте жүзеге асырады 
(4.15-сурет). Алдымен құйманың сызбасы бойынша (4.15-сурет, а) оның ажыратылатын 
моделін жасайды (4.15-сурет, б). Әрі қарай модельдің бір бөлігі бойынша төменгі жарты 
қалыпты 3 жасайды (4.15-сурет, г). Ол үшін модель астындағы плитаға модельдің (кертіксіз) 
жартысын және төменгі қалып жәшікті орнатады. Қалып қоспасы моделінің бетіне жабысуды 
болдырмау мақсатында оған бөлгіш жабынды салады. Сонан соң қалып жәшікті қопсытылған 
және еленген қалыптау қоспасымен толтырады.
Күйіктің түзілуіне бейім құймаларды жасағанда, модельге алдымен қалыңдығы 20…30 мм 
қаптамалық қалыптау қоспасының қабатын салады. Қоспаны жеңілдеп тығыздаған соң 
модельдің айналасында қалып жәшікті толтыру қоспасымен толтырады. Қолмен қалыптағанда 
қалып жәшікке қоспаны 50…75 мм қабаттармен төгеді. Алдыңғы қабатты тығыздаған соң 
сондай қалыңдықты келесі қабатты төгеді. Бұл қоспаның құйма биіктігі бойынша біркелкі 
тығыздалуын қамтамасыз етеді. Қоспаның төменгі қабаттарын тегістеп тығыздайды. 
а – тетіктің сызбасы; б – ажыратылатын модель; в – өзек жәшігі; г – құрастырудың алдындағы 
қалып; д – құю жүйесінің элементтері бар құйма; е - өзек
1, 2 – модельдердің жарты бөліктері; 3, 5 – төменгі және жоғарғы жарты қалыптар; 
4, 6 – төменгі және жоғарғы қалып жәшіктер 
4.15-сурет – Ажыратылатын модель бойынша қалыптау 
Қалып жәшіктің жоғарғы кесігіндегі қоспаның артығын сызғышпен алып тастайды. Әрі 
қарай қалыпталған қалып жәшікті 180
о
-ға бұрады да, модельді плитаға жоғарыға қарай бөлікке 
ажыратып орнатады. Модельдің қалыптанған жартысына кертіктер бойында модельдің екінші 
жартысын орнатады.
Қалып ажыратқышы бетінің бос ауданында әзірленген технологияға сәйкес құю жол 
жүйесі элементтерінің модельдерін орналастырады. Сонан соң төменгі жарты қалыпқа 3 
центрлейтін қадалар бойында жоғарғы қалып жәшікті 6 орнатады. Жоғарғы және төменгі 


53 
жарты қалыптар қоспасының жабысуын болдырмау үшін олардың ажыратқышының бетіне 
құрғақ кварц құмының немесе графиттің жұқа қабатын төгеді. Жоғарғы жарты қалыпты 5 
төменгі жарты қалып сияқты жасайды. Жарты қалыптағы желдету арналарын тығыздалған 
қоспаны ауа жолымен түйірмелеп орындайды. 
Қоспаның артығын жойған және желдету арналарын безендірген соң жоғарғы жарты 
қалыпты төменгі жарты қалыптан алады, 180
о
-қа бұрады және модельді плитаға жоғарыға 
қарай бөлікке ажыратып орнатады. Екі жарты қалыптан құйманың жарты модельдерін және 
оларды алдын ала сәл шайқап, құю жолы жүйесі элементтерінің модельдерін алады. Тостаған 
немесе құйғыш моделі жоқ болғанда тіреу моделін алудың алдында оның жанында құю жолы 
жүйесінің қабылдайтын қуысын тегістегішпен безендіреді. 
Сонан соң қалыпты жинайды, ол үшін алдымен төменгі жарты қалыпқа 3 өзек жәшігінде 
(4.15-сурет, в) дайындалған өзекті орнатады (4.15-сурет, е). Сонымен бірге өзектің таңбалық 
бөліктері жарты қалыптардың сәйкес таңбалық бөліктеріне (ұяларына) кіреді. Өзектерді 
орнатқан соң төменгі жарты қалыпты қадалар бойынша жоғарғы жарты қалыппен жабады. 
Жоғарғы жарты қалыпты құю кезінде қалқып шығуды болдырмау үшін екі қалып жәшікті де 
қапсырмалармен (болттармен) бекітеді немесе жоғарғы жағына жүк тиейді. Әрі қарай қалыпқа 
балқытпа құяды және қағымдаған соң одан құю жолы жүйесінің элементтерімен бірге құйманы 
(4.15-сурет, д) алады. 
Вертикаль ажыратқышы бар қалып жәшіксіз қалыптарды жасау сұлбасы 4.19-суретте 
көрсетілген. Қалыптау автоматында камерада А (4.19-сурет, а) вертикаль ажыратқышы бар 
қалып жәшіксіз қалып жасалады, онда оның екі қарама-қарсы қабырғасы жарты модельдерді 3 
және білдіреді. Екі жарты модель А арасындағы кеңістікті қалыптау қоспасымен Б толтыру 
шанаптан 1 үрлеу әдісімен жүзеге асырылады. Үрлеген соң қалыптау қоспасы белгіленген 
жарты модель 4 және жылжымалы жарты модель 3 арасында баспаланады, ол гидроцилиндр 
плунжерімен 2 қосылған. 
а – қалыптау қоспасын үрлеу және баспалау; б – жарты модельді жою және қалыпты құрастыру; 
в – қалыпты құю; 1 – шанап; 2 – плунжер; 3, 4 – жарты модельдер;
5 – ысырма; 6 – қалып; 7 – балқытпа; 8 – шөміш 
4.19-сурет – Вертикаль ажыратқышы бар қалып жәшіксіз
қалыптарды жасау сұлбасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет