Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет30/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Баспалаған соң жарты модель 4 жоғарыға қарай лақтыру жолымен жойылады, ал екінші 
жарты модель плунжердің 2 қозғалысымен жасалған жарты қалыпты В алға қарай итереді (4.19-
сурет, б). Бұл кезеңде шанап 1 одан қалыптау қалыбының төгілуін болдырмау үшін ысырмамен 
5 жабылады. Сонан соң плунжер 2 жартылай модельмен бірге 3 алғашқы қалпына келеді, ал 
жарты модель 4 түсіріледі де, қайтадан шанаппен 1 камера А құрап, белгіленген вертикаль 
қалыпты алады. Цикл қайталанады, ал құралған жаңа жарты қалып құю қуысын Г құрап, 
алдыңғымен тығыз ығысады (4.19-сурет, в). 
Құю қалыбы 6 екі жақты жабылған қалып жәшіксіз қалыптардан В тұратын пакетті 
білдіреді. Қалыптар арасындағы қуыс Г шөміштен 8 немесе автоматтық құю қондырғысынан 
Ауа


54 
балқытпамен 7 құйылады (4.19-суретті қараңыз, в). Машинамен қалыптау кезінде қалыптау 
қоспаларын тығыздаудың келесі түрлерін аса жиі қолданады: баспалау, сілку, баспалаудың 
астында сілку, құмды үрлеп-баспалау және құм шашырату тәсілдері. 
Баспалап тығыздау әр түрлі сұлбалар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оларды таңдау 
модельдің өлшемдері мен пішініне, қалыптау қоспасын тығыздаудың талап етілетін дәрежесіне 
және біркелкілігіне және басқа шарттарға байланысты болады. Жоғары және төмен 
баспалайтын қалыптау машиналарының жұмысын қарастырамыз (4.20-сурет). 
Жоғары баспалайтын машиналарда (4.20-сурет, а) тығыздаушы қысым жоғарғы жақтан 
әсер етеді. Қалыптау машинасының үстелінде 7 модельмен бірге модельді плитаны 6 бекітеді, 
толтыру рамкасы 3 бар қалып жәшікті 4 орнатады. Қалып жәшікті және рамканы шанаптан 
алынған қалыптау қоспасымен толтырады. Үстелді көтергенде баспақ траверсасында
орнатылған баспалайтын қалып қоспаны қалып жәшікке баспалап, толтыру рамкасына кіреді. 
Толтыру рамкасының биіктігі қалыптау қоспасының ығыстырылатын көлемін, ал осыдан, оның 
қалып жәшікте тығыздалу дәрежесін анықтайды. Баспалау аяқталған соң модельдік жабдығы 
бар үстелді алғашқы қалпына әкеледі.
Төмен баспалайтын машиналарда (4.20-сурет, б) қалыптау қоспасы модельмен 5 бірге 
үстелмен 7 тығыздылады. Үстел жылжымайтын рамкаға 3 қатысты вертикаль жылжытылады. 
Баспалаудың алдында модельді плитасы 6 бар модель 5 толтыру рамкасының 3 жоғарғы 
жазықтығынан төмен орналасқан. Қалып жәшіктің төменгі жағында қалыптау қоспасының 
баспалауға арналған қоры жасалады. Қалып жәшік толтыру қоспасымен толтырылғанда, оның 
үстіне жылжымайтын траверсаны 1 орнатады. Үстелді көтергенде толтыру рамкасынан 3 
алынған қоспа қалып жәшіктің төменгі жағына машинаның үстеліне бекітілген модельді 
плитамен баспаланады. Баспалау кезінде қысым 300…500 кПа құрайды. 
 
 
1 – траверса; 2 – баспақты құрсан; 3 – толтыру рамкасы;
4 – қалып жәшік; 5 – модель; 6 – модельді плита; 7 – үстел 
Н – қалып жәшіктің биіктігі; h – толтыру рамкасының биіктігі; 
ρ – қалыптау қоспасының тығыздығы 
4.20-сурет – Жоғары (а) және төмен (б) баспалау сұлбасы 
Қарастырылған баспалау тәсілдерінің кемшілігі оларда қалып биіктігі бойынша қалыптау 
қоспасының біркелкі тығыздалмауы болып табылады. Жоғары баспалау кезінде қоспаның 
тығыздығы ρ қалыптың жоғарғы бөлігінде ең үлкен болатыны және модель бетінде ең кіші 
шамаға қол жеткізіп, баспалау қалыбынан алыстау шамасына қарай азаяды (4.20-сурет, а). Бұл 
тығыздау процесінде қоспаның қалып жәшік қабырғаларына үйкелуімен түсіндіріледі. 
Төмен баспалау кезінде қоспаның тығыздығы ρ модельдің бетінде ең үлкен, бұл қалыптың 
аса сапалы жұмыс бетінің алынуын қамтамасыз етеді (4.20-суретті қараңыз, б). Осыған 
қарамастан, жоғары қалыптау тәсілі кеңінен қолданылады, сонымен үстел 7 және толтыру 
рамкасы 3 арасына қалыптау қоспасының түсуі салдарынан машинаның үйкелетін беттері 
тозады. Сонымен қоса, қалыптау машиналарын қалып жәшіктің басқа өлшеміне қайта баптау 
қиындатылған.
Қалып жәшік биіктігінің ұлғаюымен қоспаның біркелкі тығыздалмауы артады. Сондықтан 
баспалаумен тығыздауды биік емес (200…250 мм дейінгі) қалып жәшіктерде жарты 
қалыптарды жасау үшін қолданады. Бұл кемшілік баспалаудың басқа сұлбаларын қолдану 
(4.21-сурет), мысалы, жазық баспалайтын қалыпты профильді қалыппен ауыстыру (4.21-сурет, 


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет