Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет27/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


48 
 
2 - дәріс. Құю жүйелері және қосылмалар 
Қалыпты құю жүйесі арқылы балқытпамен құяды. Құю жүйесі – өз араларында 
байланысқан арналар мен қуыстардың жиынтығы, олар бойынша балқытпа құю қалыбының 
жұмыс кеңістігіне баяу түседі. Оған қарапайым жауапсыз құймаларды (плиталар, жүктер және 
т.с.с.) өндіруге арналған ашық қалыптарды құю жатпайды. Құю жүйесі балқытпаның қалыпқа 
үздіксіз түсуін және оның шөгуінің орнын толтыру үшін құйманы қоректендіруді қамтамасыз 
етуі, қалыптың бұзылуын, оған қождың түсуін және балқытпа ағысымен бірге ауаның келуін 
болдырмауы тиіс. Құймаларды құм-балшық және кейбір басқа қалыптарда шығарғанда құю 
жүйесінің негізгі элементтері құю тостағаны (құйғыш), тіреу, қож тұтқыш және қоректендір-
гіштер болып табылады (4.8-сурет). 
Құю тостағаны 3 металл қабылдағыш болып табылады, оған шөміштен немесе балқыту 
агрегатынан балқытпа құяды. Ол металдың еркін түсу ағысының динамикалық арынын 
әлсірету, оның шашырауын болдырмау, қождың құю жүйесіне түсуін кешіктіру және барлық 
құю жүйесі арналарының үздіксіз қоректендірілуін қамтамасыз ету үшін қызмет атқарады.
 
 
1 – қосылма; 2 – шығарғыш; 3 – құю тостағаны; 4 – тіреу; 5 – зумпф; 
6 – құю кедергіші; 7 – қоректендіргіштер; 8 – қож тұтқыш; 9 – құйма 
4.8-сурет – Құю жүйесі 
Тіреу 4 төменге қарай тарылған кесілген конус түріндегі вертикаль арнаны білдіреді, ол 
тостағаннан сұйық металды қож тұтқышқа өткізеді және қалыпта металл статикалық қысым 
тудырады. 
Қож тұтқыш 8 қалып ажыратқышының жазықтығында жоғарғы қалып жәшікте модель 
бойынша қалыптанатын, трапеция түріндегі қиманың горизонталь арнасын білдіреді. Қож 
тұтқыш қожды және басқа металл емес кірмелерді кешіктіруге және балқытпаны қоректен-
діргіштер бойынша үлестіруге арналған. 
Қоректендіргіштер 7 – тікелей құю қуысына жанасатын және оған қож тұтқыштан немесе 
тіреуден балқытылған металды бағыттайтын саңылау тәрізді арналар. Қоректендіргіштердің 
саны және олардың орналасуы құйманың конструкциясына 9 байланысты болады. Құю 
жүйесінде қожды жақсы кешіктіру және оның балқытпамен тұрақты толтырылуын қамтамасыз 
ету үшін негізгі элементтердің көлденең қималары аудандарының ара қатынасы бар тарылатын 
құю жүйелерін қолданады: 
F
тір
F
қож
F
қор

мұнда F
тір
, F
қож
және F
қор
– сәйкесінше тіреудің, қожға арналған камераның және 
қоректендіргіштердің көлденең қималарының аудандары. 
Орташа және ірі құймалардың жоғарғы бөліктерінде шығарғыштарды 2 – жоғарыға қарай 


49 
кеңейтілген вертикаль арналарды орындайды, олар қалыптан ауаны, газдарды, қалқып шығатын 
металл емес кірмелерді шығару үшін және қалыптың толтырылу барысын бақылау үшін қызмет 
атқарады. 
Үлкен шөгіндігі (болат, алюминий қорытпалары және т.б.) бар қорытпалардан 
құймаларды өндіргенде, шығарғыштардың орнына қосылмаларды 1 қояды, олардың 
тағайындалуы – құйманы қатаюы кезінде балқытпамен қоректендіру және сонымен құйма 
орындарында соңғы кезекте қататын шөгіндік қаяулардың түзілуін болдырмау. Кейде тіреудің 
төменгі бөлігінде сфералық пішінді тереңдікті білдіретін зумпфты 5 орындайды, ол өзіне 
құйылатын қорытпадан динамикалық соққыны қабылдайды және оның ажырандысы орнында 
қалыптың шайылу ықтималдығын төмендетеді. Қалыпты балқытпамен құю жылдамдығын 
реттеу үшін кейде жергілікті тарылу – құю кедергішін 6 қолданады. 
Құймалардың жаппай өндірісінде металдың өтуіне арналған тесіктері бар өзек түрінде 
сүзгілейтін торы бар құю жүйесін кеңінен қолданады. Оны қалыптың ажырандысындағы 
тіреудің үстіне немесе тіреудің үстіндегі құю тостағанының түбіне орнатады. Тордың 
тағайындалуы – металдың қозғалысын тежеу және шөміштен түскен қож кірмелерін өткізбеу. 
Құйманың пішін үйлесіміне және өлшемдеріне, қорытпа тегіне және құю тәсіліне байланысты 
әр түрлі типті құю жүйелерін қолданады (4.9-сурет). Жеке жағдайларда қалыптың бір қуысына 
әр түрлі типті бірнеше құю жүйелерін келтіреді. Құю жүйесі элементтерінің әр түрлі пішін 
үйлесімі және өз араларындағы арналар қималарының ара қатыстары болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет