Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет19/34
Дата14.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
#135942
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34

Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993



Эпостық жанрлар

19.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985

20.Бердібаев Р. Епос-ел қазынасы. –А.,1995

21. Ыбыраев Ш. Қазақ эпосы. – А.,1995

22. Абылқасымов Б. Телқоңыр. –А., 1993

23. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы мен тюркология. –А.,1987

24.Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық

жыры. –А.,1972

25.Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тар мәселелері. –А.,1958

Жирмунський В. М., Зарифов Х. Т. Узбекский народный

Героический епос. – М., 1947

26.Қоңыратбаев Ә. Қазақтың “Қозы Көрпеш” жыры туралы. –А.,1959

Бердібаев Р. Қазақ эпосы.-А.,1982

2 ЛЕКЦИЯ.


ТАҚЫРЫБЫ : Қобыланды батыр жыры.
Жоспары :
1. Жырдың жиналуы, зерттелуі.

2. Тарихи оқиғаның жырдағы елесі.

3. Жырдағы образдар.
Ертедегі ескі мәдени мұрамыздың ескерткіші есебінде ел арасында сақталып, біздің заманымзға жеткен көне жырдың бірі – “Қарақыпшақ Қобыланды батыр”. Бұл жырдың ертеден келе жатқандығына және оны талай жыршы ақындардың айтып өткеніне осы жырды жырлаушының бірі Нұрпейіс Байғаниннің мына бір сөзі дәлел. “Мен, - дейді Нұрпейіс, - “Қобыландыны” он жеті жасымнан жырладым. Сол кезде тұқымы жыршы Махует деген ақыннан осы “Қобыландыны” үйрендім. Махуеттің әкесі Ділмағамбет, Ділмағамбеттің әкесі Бітеген, Бітегеннің әкесі Терлікбайдың әкесі Бақы, Бақының әкесі Жаскелең, Жаскелеңнің әкесі Текберген деген атақты жыраулар өтіпті. Атадан балаға “Қобыландының” мен айтатын осы желісі қалған екен. Мен мазмұнын бұзбай, ертегісін сол күйінде жырладым. Ожырай деген елден шыққан асқан ақын Қонақберген де, Кенжеқара жыршы да “Қобыландыны” осылай жырлайды”.

Мұндай деректі “Қобыланды батырды” жырлаған Марабай, Мергенбай, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Мұрын жырау Сеңгірбаев, Есмұрат Нұуабыллаев (қарақалпақ ақыны) сияқты жыраулар да айтады.

Ел арасынан қазақ ауыз әдебиетінің кейбір үлгілері XIX ғасырдың ішінде жинала бастаған. “Қобыланды батыр” жырын алғаш рет жинаған Ыбырай Алтынсарин деуге болады.

Марабай ақынның “Қобыланды батыр” жырын XIX ғасырда жазып алып, бірінші рет баспа жүзіне шығарған адам деп Ы. Алтынсаринді айтуға болады. Ы. Алтынсарин Марабайдан “Қобыланды батыр” жырын толығынан жазып алды ма, жоқ па, ол арасы әзірге мәлім емес. Бірақ Ыбырайдың “Хрестоматиясындағы” үзіндіге қарағанда, ол бұл жырды толығынан жазып алғандығы байқалады. Бірақ баспаға жырдың аса бір көркем бөлімін ғана таңдап алып шығарған секілді.

Ы. Алтынсаринның “Қобыланды батырды” Марабай ақыннан (бір вариантын) жазып алып, оны пайдалануы кейінгілерге үлгі болады. Осыдан былай “Қобыланды батыр” жырының басқа варианттарын жинап алу ісі басталады. Мәселен, жырдың бір кішкене үзіндісі “Торғай” газетінде (1901 жыл, № 15) басылады және “Орынбор оқымысты комиссиясының еңбектерінде” (1910 ж., XXII том) бір үзінді енеді. Бұдан кейін Махмұт-Сұлтан Тұяқбаев деген кісі “Қобыланды батыр” жырын бұрынғы Қостанай уезі, Қарбалық болысындағы жыршы ақын Біржан Толымбаевтан жазып алады да, ең алғаш рет өз алдына кітапша етіп 1914 жылы “Қарқыпшақ Қобыланды батыр” деген атпен бастырып шығарады. Мұны “Қобыланды батыр” жырының ең көлемдісі, тотлық айтылған түрі деуге болады. Мұнда Қобыландының тууынан басталып, қартайғанға дейінгі ерлік істері жырланады.

Жырдың Марабай ақын айтуындағы вариантын 1922 жылы Ә. Диваев бастырып шығарды. Мұнымен қатар, “Қобыланды батырды” Мергенбай, Нұрпейіс, Мұрын, Айса секілді ақындар да жырлаған.

“Қобылнады батырды” жырлаған ақындардың қайсысы болса да, адам образын жасауға айырықша мән береді. Халықтың досы қайсы, дұщпаны қайсы екендігін дәлдеп көрсету үшін жырдағы басты адамдардың іс-әрекетін сипаттайды, олардың жағымды, жағымсыз образын жасайды және олардың бәрін есте қаларлықтай етіп суреттеуге тырысады.

Қобыландының батырлығы жөнінде жыршы ақындардың бәрі де (Марабайдан басқасы) әңгімені әріден, баланың тумай тұрған кезінен, Тоқтарбай мен Аналықтың бір перзентке зар болуынан бастайды. Бұған үлкен мән беріледі. Бұдан, бір жағынан, шаруақор, адал еңбек етіп ел-жұртын асырайтын; екіншіден, ішкі және сыртқы жаулардан халықты қорғап алатын батыр ұл болуын арман еткен халық қиялы көрінеді. Осындай батыр ұлды халық атынан іздеп Тотқтарбай мен Аналық дүние кезеді. Әрине, ондай ұлды тәңріден сұраушылық-ерте кездегі адам баласының ой-өрісі, дүние танушылығы төмен сатыда болған кезін аңғартады. Бірақ, әңгіменің негізгі идеясы-халыққа қамқор болатын батыр ұл (азамат) іздеуден туған.

“Қобыланды батыр” жырының Марабай, Біржан, Мергенбай айтатын варианттарындағы негізгі образдың бірі – Қараман.

Қараман – жағымсыз бейнеде алынған образ. Оның жырға қосылуы Қобыландының батырлық даңқын көтеру үшін, ел қорғаған ер қайсы, қарабастың қамын ойлаған ез қайсы екенін көрсету үшін, нағыз батыр мен қорқақты айыру үшін алынған деуге болады.

Халықтың батырлар жырында суреттелетін әйелдер көбінесе батырдың сүйікті жар-жолдасы, сенімді серігі, ақылшы досы ретінде алынады. Халық әйелдер жөніндегі әділетті, турашыл көзқарасын ауыз әдебиетіне енгізгенде, ақылды, білгір, дана адамдар әйелдер арасынан да шығатындығын көрсетеді. Мұндай әйелдерді ерлермен қатар қойып жырына қосады, олардың жағымды образын жасайды.

Осы негізде жасалған көркем образдың бірі – Құртқа.

Халық жырында Қобыланды қандай ардақты болса, Құртқа да сондай. Егер халық жыры Қобыландыны ел қорғаған, халқына қамқор болған батыр деп көрсетсе, Құртқаны ақылды, білгір, дана адам деп жырлайды.

Жырда Қарлығы көк сауытты киінген, көк сүңгіні ұстаған батыр тұлғасында алынады. Оның істеріне батырлық сипат береді.

Жыршылардың қайсысы болса да (Нұрпейіс пен Мұрын жырында Қарлыға кездеспейді) Қарлығаны батыр, өжет қыз етіп суреттейді.

“Қобыланды батыр” қазақ ауыз әдебиетіндегі көркем жырдың бірі дегенде, ең алдымен, оның тіл байлығын, сөздік қорын молынан пайдалана отырып, әдемі картиналар, партреттер жасайды, жыр оқиғасын әсерлі етіп баяндайды. Батырдың ерлік күрнсін, жекепе-жек ұрыстарын суреттегенде адамға әсер ететін асқақты сөздерді қолданады немесе “Әйт, жануар, шу, деді” дегенде аттың жүрісін суреттеу үшін ұшқыр, қанатты сөздерді алады. Тайбурылмен құйындатып бара жатқан Қобыланды емес, жырды тыңдаушының өзі сияқты әсер қалдырады. Жыр тілінің байлығы неше түрлі әдемі теңеулер, метафоралар жасауымен, дыбыс қайталауларымен де көрініп отырады.

Жоғарада аталғандарды жинақтай келгенде, “Қобыланды батыр” жырын халықтық сипаты мол, ертеден келе жатқан көркем жырдың бірі бағалаймыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1.Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5. Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет